Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті в Сулейман Демирель атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7M01701 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» Білім беру бағдарламасының басты мақсаты – тіл мен әдебиет оқытушысына қажетті ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білім мен оларды оқытуда инновациялық технологияларды қолдана алатын, тіл білімі мен әдебиеттің іргелі және қолданбалы бағыттары бойынша базалық түсінігі толыққанды қалыптасқан, қазіргі заманғы филологиялық үдерістер мен құбылыстарды талдаудың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік әдістерін меңгерген маман даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясы адамдардың басқа адамдарға әсер ету табиғатын, топ және жалпы қоғамды түсіну мен олардың механизмдерінің әсер етуі мен оларды жетілдіру құралдарын қамтамасыз етеді. Курс барысында білім алушы басқару іс-әрекетінің негізгі ұстанымдары мен заңдылықтарын, жоспарлаудың психологиялық ерекшелігін, тұлға және оның құрылымы, тұлғаны оқытатын психологиялық мектептер, тұлғалардың тұрпаттамасы, мінез-құлық, қабілеттілік, басшылық және жетекшілік, басшылықтың тұлғалық мәселесін, ұйымдағы коммуникациялық құрылымдарды жете еңгеретін болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттегі жаңа жанрлар және қазіргі көркем сын

    Курс магистранттардың әдебиеттегі жаңа жанрларға байланысты ғылыми- зерттеу жұмыс жүргізу, әдеби талдау жасай алу құзіретін қалыптастыруды мақсат етеді. Магистранттар қазіргі әдебиеттегі жаңа жанрларды айқындайды, жаңа бағытта, тың ізденісте жазылған көркем шығармаларды танып-талдап, интерпретация жасайды. Қазіргі әдебиетке байланысты жазылған әдеби- көркем сынға шолу жүргізу арқылы зерттеушілік қабілеттерін арттырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері

    Педагогикалық әдістеменің әдіснамадан айырмашылығы – педагогикалық құбылыстарды оқудың тәсілдері, заңдылықты байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру мақсатындағы ғылыми ақпарат жинау. Сондықтан курс магистранттарды қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері, әдіснама туралы жалпы түсінік, оны анықтауға қажет тұғырлар туралы жүйелі ғылыми білімдер мәселелерін талқылауға бағыттап, қазақ тілін оқыту үдерісін технологияландыру, психологияландыру, оптималдандыру, кибернетика жүйесімен байланыстыру арқылы оқыту іс-әрекетіне және ғылыми ізденістер мен жұмыстарды орындауға бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Функционалды лингвистика

    «Функционалды лингвистика» курсында зерттеу нысаны мен негізгі принциптері бойынша ажыратылатын функционалды мектептер мен бағыттардың тұжырымдамалары талданады. Функционалды лингвистикаға нысан болатын жалпытілдік (ұғымдық немесе семантикалық) категорияларды зерттеу ғаламның тілдік бейнесін жасайтын тіл деңгейі бірліктерінің қызметі мен семантикалық әлеуетін, өзара қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктері мен заңдылықтарын терең қарастыруға, тілдік құбылыстың табиғатын толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттің жаңа бағыттары мен әдеби сынның даму кезеңдері

    "Әдебиеттің жаңа бағыттары мен әдеби сынның даму кезеңдері" курстың магистранттардың әдебиеттегі жаңа бағыттарға байланысты ғылыми- зерттеу жұмыс жүргізу, әдеби талдау жасай алу құзіретін қалыптастыруды мақсат етеді. Магистранттар әдебиеттегі жаңа бағыттарды айқындайды, тың ізденісте жазылған көркем шығармаларды талдап, интерпретация жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары білім беруде қазақ тілін оқытудың әдістемесі

    «Жоғары білім беруде қазақ тілін оқыту әдістемесін» оқытуда жақсы нәтижеге жетудің жолы - оқыту үрдісінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан жаңа технология үлгілерін пайдалана отырьп меңгерту, сонымен қатар кәсіби деңгейі жоғары, білікті маман, шығармашылық тұлға дайындау. ЖОО-да білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты. Магистранттардың кәсіби білім деңгейін көтеруде және мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындауда озық технологияларды жасау мен оларды іске асырудың түрлі жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    «Ғылым тарихы және философиясы» пәні ғылыми әдіснаманы, ғылымның философиялық негіздерін, ғылыми жетістіктердің тарихи контекстін терең түсінуді дамытуға бағытталған математика бойынша магистратура бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл пән ғылымның генезисі мен оның эволюциясынан қазіргі заманғы философиялық көзқарастар мен әдіснамаларға дейінгі көптеген тақырыптарды қамтиды. Осы пәнді оқитын магистранттар ғылыми білімдерді кәсіби қызметінде сыни тұрғыдан бағалай алатын және қолдана алатын жан-жақты дамыған мамандарға айналады, бұл оларға әртүрлі кәсіптік салаларға айтарлықтай әсер етуге және еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы-салғастырмалы әдебиеттану

    «Салыстырмалы-салғастырмалы әдебиеттану» заманауи филологияның маңызды бағыттарындағы әдебиеттерді салыстырмалы және салғастырмалы түрде зерттеуге бағдарлайды. Курс бағдарламасында білім алушылар әдебиет философиясын – гносеология, эстетика, этика, мәдениеттанумен байланысы тұрғысында түсіндіріп, көркем отандық және шетел әдебиеттанудың даму тендециялары мен заңдылықтарын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және әдістемелік зерттеудің методологиясы

    Магистрантты өздігінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге даярлайды. Білім бағдарламасының негізгі нәтижесі болып саналатын магистерлік диссертацияны жазу және ойдағыдай қорғауға бағыт сілтейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастырады және біліктілікті дамытады.Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және шешуге дағдыландыралды. Зерттеу міндеттері негізінде зерттеудің қажетті әдістерін модификациялайды. Ғылыми-зерттеулер жүргізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдеби компаративистика

    «Әдеби компаративистика» курсы әдебиетті салыстырмалы-салғастырмалы түрде оқытуға қатысты мәселелерді тереңдетіп оқытуға бағытталған. Арнайы курс бағдарламасында кең концептуалды терминологиялық аппаратты меңгеру, әлемдік әдебиет құбылысын ұлттық мәдениеттердің өзара байланысы мен диалогындағы қосындысы ретінде зерттеу, көркем мәтіндерге контекстік талдау жасауды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Курс отандық білім беру жүйесі мен әлемдік білім беру кеңістігіндегі басты даму тенденцияларымен, ЖОО-да студентерге білім беру мен тәрбие берудің педагогикалық теориясы және инновациялық технологиялармен таныстырады. ЖОО-ның болашақ педагогы ретінде магистранттарға кәсіби этика, кәсіби жауапкершілік, педагогикалық шеберлік, жоғары мектептегі оқу-тәрбиелік үдерісін тиімді басқару жайлы білімдерді меңгертіп және қажетті дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары

    Курс мазмұны антропоөзектік бағыт бойынша қалыптасқан тіл білімінің салаларына қатысты мәселелерді құрайды. Антропоөзектік бағытта қалыптасқан тіл білімі салаларының өзіне тән негізгі базалық ұғымдарын игереді, әрі оны нақты тілдік фактілермен дәйектейді. Этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, психолингвистика, нейролингвистика, паралингвистика салаларына қатысты лигвистикалық концепциялардың мазмұнын игереді. Мәтінге антропоөзектік тұрғыдан талдау жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Бұл пән магистранттардың болашақ кәсіби мансаптарында тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажет болатын ағылшын тілі мен қарым-қатынас дағдыларын одан әрі дамытуға бағытталған. Курс грамматикалық дәлдікті, тиімді жазуды дамытуға және құрылымдық тұрғыдан тиімді, грамматикалық дәл және контекстке сәйкес құжаттарды жасауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтін және сөз өнерінің эстетикасы

    «Көркем мәтін және сөз өнерінің эстетикасы» курсында магистранттар әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының негіздерін тереңірек танысуға мүмкіндік алады. Аталған курс әдебиет теориясының теориялық және практикалық мәселелерін оқытуды, сонымен қатар гуманитарлық ғылым саласы ретіндегі әдеби сын мен әдебиет тарихының да танымдық және зерттеу әдістерін ғылыми тұрғыда меңгертуге бағытталған. Пән мазмұнында эстетика категорияларының ерекшеліктерімен қатар көркем әдебиеттің мазмұны мен формасы, жаңа жанрлық түрлер, әдеби бағытттар мен ағымдар, қазіргі әдеби процесс мәселесі жан-жақты қарастырылып оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Поэтикалық мәтінді талдау және оның интерпретациясы

    Аталған курс поэтикалық мәтіндіталдау мен интерпретациясы мәселесіне арналған. Негізгі мақсаты –талдаудың әр түрлі әдістерін үйретіп қана қоймай, сонымен қатар магистрант бойында көркем шығарманы ден қоя оқуды қалыптастыру, шығарманың көркем қабатына еніп, оның эстетикалық мағынасын түсіне білуді үйрету. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант келесі құзыреттіліктерге ие болуы керек: - көркем мәтінді талдаудың әдістері мен технологиясына ие болу; - көркем шығармаы бүтін, аяқталған және жеке көркем шығарма ретінде талдау; - көркем мәтінмен жұмыс барысындағы интерпретациялық және аналитикалық қабілеттерді өз бетінше дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Пән қазақ тілінің даму тарихындағы кезеңдерді ежелгі тілдермен байланыстыра қарастырады. Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздерін ғылыми дәйектейді. Тарихи мұраларға тілдік талдау жасай отырып, қазақ тілінің даму тарихында орын алған трансформациялық өзгерістерді түсіндіреді. Тілдің тарихи қабатында қалыптасқан атаулардың этимологиясын ғылыми негіздеп көрсетеді. Орал-Алтай тіл бірлестігін дәлелдейтін заңдылықтарды меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    Курс мазмұны ғылыми стиль және оның тілдік ерекшеліктері, ғылыми стильдің жанрлық түрлері, академиялық жазылым жайында теориялық түсініктерден тұрады. Практикалық жағынан курс арқылы білім алушылар жазбаша және ауызша ғылыми сипаттағы мәтіндерді талдап, оның мазмұны мен құрылымы және тілдік ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстарын жасап, бітіру жұмыстарын сауатты жазудағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жоғарғы білім беруде қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі

    Теориялық және эмперикалы салада әдебиет пен әдебиеттану пәндерін жоғары білім беруде оқыту тәжірибелерін жүйелеу, дәстүрлі және жаңа әдістерді, лекциялар оқудың әдістерін, лабораторлық және практикалық сабақтар жүргізу, әдебиетті типтері мен түрлеріне қарай талдау проблемаларын, әдебиеттен алған білімді бақылау мен есепке алудың әдістемесін игереді. Магистранттарға әдеби пәндер бойынша өздік жұмыс пен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әдеби герменевтика және көркем рецепция

    Бүгінгі таңда герменевтиканы гуманитарлық ғылымдардың әмбебап әдісі ретінде танимыз. Герменевтиканы барлық гуманитарлық ғылымдардың іргетасы, бастау көзі деп атауға толық негіз бар. «Әдеби герменевтика және көркем рецепция» пәнінің аясында көркем туындыны өз ішінде ғана қарастырмай, оның туындауына әсер еткен, жазылып, жарық көрген тұстағы дәстүрлі мәдениет аясында тану, зерделеу мәселелері, автор – мәтін – оқырман тұрғысынан талдау негіздері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің түпқазығы болатын ғылыми негіздерді таныту мақсаты көзделеді. Ғылыми зерттеу -жұмыстары мен оқу үдерісінде әдебиетті оқытудың философиялық, психологиялық, акмеологиялық, логикалық, танымдық-гносеологиялық негіздерін сараптап, әдебиетті оқытуда ғылыми-практикалық бірлікте қолдану жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің тарихы және түркологиялық ізденістер

    Курс мазмұны қазіргі қазақ тілінің синхрондық күйін тіл тарихы, яғни диахрондық сипатта оқытудың жай-күйін құрайды. Қазақ тілінің тарихы мәселесін тарихи-салыстырмалы әдіс негізінде оқыту арқылы даму заңдылықтарын, тілдік бірліктердің формалық және семантикалық тұрғыдан өзгерісін, қазақ тілінің грамматикалық жүйесіндегі ерекшеліктерді меңгереді. Қазақ тілінің тарихын оқыту барысында туркологтардың еңбектерімен танысады, туркологиялық еңбектерге талдау жасайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Ғылым және білім берудегі сандық сауаттылық

    Бұл пән білім алушылардың сандық сауаттылығын қалыптастыруды мақсат етеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – білім беру саласына сандық тех¬¬¬нологияны ендіру. Осы орайда аталған пән білім беруде тиімді компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау жолдарын, сабақ барысында қолданылатын технологиялардың тиімді тұстарын, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда ұтымды электронды ресурс мүмкіндіктерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тұлғалық дамуына өзек болатын, ғылыми зерттеулер жасау барысында идеяларды пайдалануға жол ашатын, жоғары білім алу деңгейінде кәсіби жетілуін жүзеге асыра алатын білім негізі меңгеріледі.
  • Қазақ тіл білімінің теориялық заңдылықтарын, даму тарихын, қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары мен тіл ғылымындағы ғылыми және педагогикалық-инновациялық еңбектермен танысып, қазақ тіл білімінің мәселелерін шешуге бағытталған зерттеулер жүргізіледі.
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануы салаларында өзіндік зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді интерпретациялау әдістері мен тәсілдері меңгеріледі.
  • Педагогикалық әдіс-тәсілдерді кәсіптік қызметте қолданып, жаңа білімді сапалы бере білу дағдысын қалыптастырып, жаңа шешімдер ұсынылады.
  • Қазақ тілі мен әдебиетін ЖОО оқытуда инновациялық және сандық технологияларды өз саласындағы кәсіптік қызметте қолданып, ғылыми зерттеулер нәтижесін компьютерлік үлгілеу тәсілдері меңгеріледі.
  • Білім беру саласындағы жаңа ақпаратты игеріп, қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалануда кәсіби сауаттылық таныта алады.
  • Ағылшын тілінде ғылыми ақпараттарды өңдеп, сөйлеу үдерісінде коммуникативтік мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері меңгеріліп, лексикалық қорлары толықтырылады. Шет тілінде ғылыми зерттеулер жасап, кәсіби деңгейде меңгеріледі.
Top