Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08172 Өсімдік шаруашылығы в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік қабілеті бар, аймақтың және елдің экономикалық, ғылыми-техникалық дамуының заманауи жағдайында өсімдік шаруашылығының жоғары тиімді технологияларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша кәсіби қызмет жасай алатын, ауылшаруашылығы өндірісінде, өсімдік шаруашылығы аясында педагогикалық қызмет және ғылыми-зерттеулер жүргізетін, түрлі меншіктегі ауылшаруашылық мекемелерінде басқарушылық қызмет атқаратын ғылыми-педагогикалық білімі бар, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M131 Өсімдік шаруашылығы
  • Дайындық бағыты 7M081 Агрономия

Пәндер

  • Жоғарғы мектептің педагогикасы

    Жоғары мектеп педагогикасы - білім алушылардың жеке басы дамуының теориялық және практикалық мәселелерін және олардың ЖОО-да кәсіби дайындығын зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Пән магистранттарға педагогикалық қызмет үшін қажетті заманауи талдаудың маңызды бағыттарының бірі ретінде педагогикалық ғылым туралы білім мен идеялар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәннің мазмұнында жоғары мектеп педагогикасының мәні мен рөлі туралы түсінік беретін педагогикалық теорияның ғылыми-теориялық негіздері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясы әлеуметтік құбылыс ретінде, басқару мәдениеті, басқарушылық қызметтің психологиялық негіздері туралы жалпы түсінік қалыптастырады; тиімді басқару үшін қажетті психологиялық білім жүйесін меңгертеді. Басқару іс-әрекетінің әлеуметтік-теориялық негіздері, мазмұны мен құрылымы, субъект психологиясы, басқару іс-әрекетіндегі перцептивті, ойлау процестері, жетекші қасиеттері, басқару психологиясының қолданбалы негіздері қарастырылады. Қолданбалы маңызы бар осы курста басқарудың теориялық мәселелері талданады. Басқару мәселелерін шешу психологиясы мәселесін қамту маңызды болып табылады. Сондай-ақ, басқарушылық шешімдер қабылдауға ынталандыру мәселесі де басқару процесінің мәнділігін айқындайды. Еңбек мотивациясының негізгі теориялары, басқару шешімдерінің түрлері; басқару мәселелерін шешудің стратегиялары мен тактикасы, сондай-ақ олардың әдістерінің практикалық мәні курсты оқытудың маңыздылығын көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Білім алушылардың бойында дүниені танудың негізгі мәселелерін және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ауылшаруашылық дақылдарының минералды қоректенуі

    Ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқышқа қажеттілігін анықтаудың физиологиялық негіздері. Түрлі факторлардың органикалық және минералдық тыңайтқыштардың тиімділігіне әсері. Өсімдік қоректенуінің негізгі көзі топырақтың құнарлылығы. Тыңайтқыш қолданудың тәсілдері, мерзімдері, әдістері және техникасы. Ауылшаруашылық дақылдарына қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың дозасын анықтау. Қазақстанның түрлі аймақтарының танаптық, арнайы және малазықтық ауыспалы егістеріндегі негізгі дақылдарды тыңайту. Тыңайтқыштың өсімдік өнімдерінің сапасына әсері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Агроландшафттық егіншілік

    Агроландшафттық егіншілік түсінігі. Агроландшафттардың пайда болуы. Жыртылатын және шалғынды-жайылымдық агроландшафттар. Ландшафттардың тұрақтылығы және өздігінен реттелуі. Ауылшаруашылық өсімдіктерінің қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне бейімделу мүмкіндіктері және ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін жоғарылату әдістері. Ауылшаруашылық дақылдарының топыраққа және ландшафттарға әсері. Егіншіліктің бейімделуінің агроклиматтық және агрофитоценотикалық құбылыстары. Бүлінген және қалпына келтірілген жерлерді пайдалану. Деградация және техногенез факторларының топырақ жамылғысы және агроландшафт жағдайына әсері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты-халықаралық кәсіби ортаға ықпалдасуға және шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде және ғылым мен техниканың бейіндеуші және аралас салаларында шетелдік тәжірибені үйрену құралы ретінде қолдануға мүмкіндік беретін магистранттардың кәсіби бағытталған шет тілді коммуникативтік құзыреттілігін дамыту болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өсімдік қоректенуінің және ауылшаруашылық дақылдарын тыңайтудың негіздері

    Ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқышқа қажеттілігін анықтаудың физиологиялық негіздері. Түрлі факторлардың органикалық және минералдық тыңайтқыштардың тиімділігіне әсері. Өсімдік қоректенуінің негізгі көзі топырақтың құнарлылығы. Тыңайтқыш қолданудың тәсілдері, мерзімдері, әдістері және техникасы. Ауылшаруашылық дақылдарына қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың дозасын анықтау. Қазақстанның түрлі аймақтарының танаптық, арнайы және малазықтық ауыспалы егістеріндегі негізгі дақылдарды тыңайту. Тыңайтқыштың өсімдік өнімдерінің сапасына әсері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Органикалық егіншілік

    Органикалық егіншілік – егіншілік жүйелерінің баламалы бағыты. Биологиялық егіншілікте топырақ құнарлылығын қалпына келтіру. Баламалы егіншілікте ауылшаруашылық дақылдарын биологиялық бағалау. Экологиялық қауіпсіз ауылшаруашылық өнімін өндіру. Органикалық егіншіліктегі ауыспалы егіс және топырақ өңдеу жүйесі. Органикалық егіншіліктегі органикалық және минералдық тыңайтқыштардың маңызы. Баламалы егіншілік жүйелерін салыстырмалы бағалау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағдарламалау

    Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарламалаудың мақсатқа сәйкестілігі және сенімділігі. Өсімдіктің фотосинтетикалық өнімділігі. Тыңайтқыш жүйесінің биологиялық белгілері. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуі. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін болжау мен бағдарламалаудың әдістері. Жоспарланған өнімділік пен өнім сапасын алу технологиясы. Бағдарламаланған өнімді алудың технологиялық сызбасын құрастыру әдістемесі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдік қорғаудың біріктірілген әдістері

    Біріктірілген қорғаудың жүйеқұраушы элементтері. Егіншілік жүйесімен қалыптасқан агроэкологиялық жүйенің барлық тізбектерінде фитосанитарлық бақылаудың әдістері мен тәсілдері. Фитоценозға зиянды ағзалардың көбеюі мен дамуынан келетін қауіпті болдырмау үшін агроэкожүйеге немесе оның жеке агроценоздарына алдын- ала әсер ету әдістері мен тәсілдері. Биологиялық препараттар мен өсімдік қорғаудың белсенді құралдарын қолданудың әдістері мен тәсілдері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақстанның перспективалы ауылшаруашылық дақылдары

    Болашағы зор дәнді дақылдар түрлері. Жұмсақ және қатты бидайдың, арпаның тарының, күріш пен қарақұмықтың өнімді сорттары. Дәнді дақылдарды өсіру және дән сапасын жақсарту. Жаздық бидай - негізгі азық-түліктік дақыл. Күріш өсіру технологиясы. Майлы дақылдар түрлері. Картоптың, көкөніс - бақша дақылдарының маңызы және азық- түліктік құндылығы. Дәнді бұршақ дақылдарының топырақ құнарлылығын қалпына келтірудегі және өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісін арттырудағы ролі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Егіншіліктегі ресурсүнемдегіш технологиялар

    Егіншіліктегі ресурсүнемдегіш технологиялардың маңызы. Ресурсүнемдеудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі. Егіншіліктегі ресурсүнемдегіш технологиялардың элементтері. Дәнді дақылдарды өсірудің ресурсүнемдегіш технологиялары. Малазықтық, техникалық, тамыр-түйнек жемісті дақылдарды өсірудің ресурсүнемдегіш технологиялары. Ресурсүнемдегіш технологияларды биоэнергетикалық бағалау. Ресурсүнемдегіш технологияларды енгізу кезінде технологиялық шығындарды төмендетудің жолдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Пестицидтерді экологиялық қауіпсіз қолдану

    Зиянды ағзалармен күрестің химиялық әдісі және оның біріктірілген өсімдік қорғаудағы орны. Пестицидтердің жіктелуі. Пестицидтердің экожүйелердегі улы әсері. Өсімдік қорғау құралдарының қолдану әдістері. Зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден өсімдіктерді қорғаудың құралдары. Пестицидтердің қорғалатын өсімдікке әсері. Пестицидтердің биоценоздарға әсері. Пестицидтердің ауада, суда, топырақта қозғалуы. Пестицидтер қолданылатын тәжірибелерді жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Өсімдік шаруашылығындағы инновациялық технологиялар

    Күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірудің инновациялық технологиялары. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді өсірудің қарқынды технологиялары. Ерте астық дақылдарының қарқынды өсіру технологиялары. Көкөніс шаруашылығындағы, бақша шаруашылығындағы инновациялық технологиялар. Ғылымның заманауи жетістіктері мен озат тәжірибені ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озық технологияларын әзірлеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Бейімделген егіншілік

    Бейімделген егіншіліктің теориялық негіздері. Егіншілік қарқындылығының әртүрлі деңгейінде топырақ өңдеудің міндеттері. Топырақтың түрлі типтерінің жырту қабатын тереңдету және құнарландыру. Суармалы егіншілік жағдайында күріш ауыспалы егісі дақылдарының топырағын өңдеу. Топырақ өңдеу жүйесі. Тұқым себу және топырақты тұқым сепкеннен кейін өңдеу. Эрозияға қарсы топырақ өңдеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның аймақтық егіншілік жүйелері

    Елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі ауылшаруашылығы мен егіншіліктің рөлі. Егіншілік жүйесі ауылшаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдің аймақтары бойынша егіс көлемінің тиімді құрылымы. Биоклиматтық әлеуетті, жер, өсімдік, су, материалдық-техникалық, еңбек қорларын тиімді пайдалану. Қазақстан аймақтары бойынша өсімдік шаруашылығының тұрақты дамуы және жоғары өнімділігі үшін қолайлы жағдайлар жасау. Республикалық тәлімі мен суармалы жерлеріндегі егіншілік жүйелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Агрономиядағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру

    Зерттеу нысанын таңдау. Міндеттердің өзектілігін негіздеу.Ақпараттық ізденіс және зерттеу әдістемесін жасау. Ғылыми зерттеуді жоспарлау. Ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдау және оның технико-экономикалық негіздемесі. Ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудың негізгі кезеңдері. Эксперименттің негізгі түрлері.Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Ғылыми есеп, оның мазмұны. Аңдатпа және мазмұндама. Мақалалар. Монографиялар. Диссертациялар. Ғылыми жұмыстың тиімділігін бағалау әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің инновациялық технологиялары

    Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің ғылыми негіздері. Өсімдік шаруашылығының өнімдерін сақтау мен өңдеудің жағдайы және болашағы. Өнім сапасын көтеру жолдары. Сапаның кешенді көрсеткіштері. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың қағидалары. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың режимдері мен әдістері, дәнді және майлы тұқымдарды өңдеу. Картопты, көкөніс және жемістерді сақтау және өңдеу технологиялары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Агрохимиялық зерттеулердің әдістемесі

    Агрохимияда қолданылатын зерттеу әдістері. Биологиялық әдістер: танаптық, вегетациялық, лизиметрлік. Топырақты агрохимиялық зерттеу және оның кезеңдері. Зерттеудің танаптық әдісі. Танаптық тәжірибелер түрлері. Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі әдістемелік талаптар. Танаптық тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру. Танаптық тәжірибенің әдістемесі және жүргізу техникасы. Зерттеудің лизиметрлік әдісі. Зерттеудің вегетациялық әдісі және оның агрохимиялық зерттеулердегі маңызы

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру

    Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру туралы түсінік. Өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың негізгі және басым бағыттары. Жаңа альтернативті мәдениеттердің морфологиялық, биологиялық, экономикалық және экологиялық ерекшеліктері. Минералды тыңайтқыштарды пайдалануды оңтайландыру: азотты төмен қажет ететін ауыспалы егістерді енгізу, бұршақ дақылдары бар балық дақылдарын пайдалану. Жанармай шығынын азайту әдістері, пестицидтік өңдеулер саны. Өсімдік шаруашылығының экологиялық көрсеткіштерін жақсарту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау

    Өсімдік шаруашылығы өнімдерін стандарттау мен сертификаттаудың негіздері. Ауылшаруашылығындағы өнімдердің сапасын бақылау. Өсімдік өнімдерін стандарттаудың ерекшеліктері. Астық, дәнді бұршақ және майлы дақылдардың сапа көрсеткіштері , стандарттау және сертификаттау. Картоп, көкөніс және жеміс өнімдерін стандарттау және сертификаттау. Ауылшаруашылығында өнімдерінің сапасына әсер ететін факторлар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығының теориясы және практикасы

    Селекциялық процестің ұйымдастырылуы мен принциптері. Классикалық селекция әдістері, бастапқы материал туралы ілім. Аналитикалық, синтетикалық селекция және эксперименттік мутагенез. Гетерозис және оны өсімдік шаруашылығында қолдану. Маркерлік селекция негіздері. Маркерлерді іздеу және жасау. Хромосомдық және гендік инженерия. Тұқым шаруашылығын жүйесін ұйымдастыру: сортты алмастыру және жаңарту. Жоғары репродукциялы тұқым өндіру: бастапқы және өнеркәсіптік тұқым шаруашылығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дәстүрлі емес дақылдарды өсірудің инновациялық технологиялары

    Дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері мен сорттары. Дәстүрлі емес дақылдарды өсірудің инновациялық технологиялары: топырақ дайындау, себу (мерзімдері, әдістері, тұқым себу нормасы), себуден кейінгі технологиялық әдістер, егін жинау. Дәстүрлі емес дақылдарды прекурсор ретінде бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Күріш ауыспалы егісі дақылдарының өсіру технологиялары

    Күріш ауыспалы егістері. Күріш ауыспалы егісінде өсірілетін дақылдар тізімі. Күріш үшін ең жақсы алғы дақылдар. Жоңышқа, оның маңызы және биологиялық ерекшеліктері. Жоңышқа өсіру технологиясы. Түйежоңышқа, оның маңызы және биологиялық ерекшеліктері. Түйежоңышқа өсіру технологиясы. Күріш ауыспалы егісінде ерте астық дақылдарын өсіру технологиясы. Майлы дақылдарды өсіру технологиясы. Күріш ауыспалы егісінде әртараптандыру дақылдарын өсіру технологиясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өсімдіктер интродукциясының ғылыми негіздері

    Интродукция теориясын құру және дамыту. Өсімдіктер интродукциясының тарихы және негізгі кезеңдері. Өсімдіктер интродукцияның негізгі түсініктері. Өсімдіктер интродукцияның объектілері және пункттері. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Өсімдіктер интродукцияның әдістері: натурализация, акклиматизация, интродукцияны экономикалық бағалау. Табиғи және мәдени флораның генофондын интродукциялау және сақтау мәселелері. Өсімдіктер коллекциясын жинақтау, мобилизациялау және құжаттау принциптері

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Күріш шаруашылығындағы заманауи технологиялар

    Әлем халқының азықтануындағы күріштің маңызы. Таралуы, өнімділігі және әлемдегі, Қазақстандағы күріш дәнінің өнімі. Күріштің шығу тарихы. Күріш өсімдігінің морфологиясы мен анатомиясы. Күріштің жіктелуі. Күріштің өсу және даму сатылары, органогенез кезеңдері. Күріштің биологиялық ерекшеліктері. Қазақстандағы күріш өсіру технологиясы. Ауыспалы егістер, топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу, тыңайтқыш енгізу. Себу тәсілдері. Күрішті суару режимі. Күріш өнімін жинау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпараттық-талдау және ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жасайды, ғылыми жұмыстарда ақпараттық және компьютерлік технологияларды қолданады.
  • Ғылыми мәдениетаралық коммуникативтік байланысты шетел тілінде жүзеге асырады.
  • Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін негіздейді, эксперименттік жұмыс әдістерін таңдайды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылайды және көрсетеді.
  • Ғылыми таным әдіснамасын, ғылыми жұмысты ұйымдастырудың қағидалары мен құрылымын біледі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын меңгереді.
  • Ғылыми-зерттеу қызметінде әлемдік ғылым мен озық технологияның заманауи жетістіктерін пайдаланады.
  • Топырақ және өсімдік үлгілерін талдаудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді. Өсімдіктерді ұдайы өсіру жұмыстарын ұйымдастырады және орындайды.
  • Ғылыми зерттеулер нәтижелерін пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар жасайды.
  • Өсімдік шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу, жобалау және енгізу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу, ғылыми жарияланымдар белсенділігін арттыру.
Top