7M02212 Музей ісі және ескерткіштерді қорғау в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ББ мақсаты музей ісі, реставрация және консервациялық жұмыстар, мәдениет ескерткіштерін қорғау саласында сапалы маман даярлау. Сондай-ақ әдіснамалық, теориялық және тарихи білімдер, тарихи үдерістерге негізделген музей туралы ғылымның қалыптасуын, әлемдік мәдениет пен өнерді, өнердің дамуының негізгі бағыттары мен кезеңдерін игеру; кәсіби саланы әлемдік мәдениет пен өнердің тарихи даму үдерісіне ғылыми талдау жасай білу.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M053 Тарих
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты басқару психологиясының іргелі түсініктерін түсіндіру, кәсіби тұрақтану процесінде басқару аймағының аспектілерін теориялық және тәжірибелік қолдану алғышарттарын анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы бойынша заманауи көзқарастарды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: басқару психологиясының, басқару қарым-қатынастағы жеке тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару негізгі принциптері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
ҚР тарихи-мәдени және табиғат мұралары: тарихы мен әдістемесі
Пәннің мақсаты қолданбалы зерттеулерде теориялық және тарихи білімді қолдану қабілетін қалыптастыру, ҚР тарихи-мәдени мұрасы бойынша зерттеулердің принциптері мен әдістерін қарастыру. Пәнді игеру барысында тарихи-мәдени және табиғи мұра туралы, тарихи сананы қалыптастыру құралы ретінде,тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану теориясы мен тәжірибесінің бұрынғы мен қазіргі жағдайы туралы тұтас түсінік қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музеология және ескерткіштану саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
Пәннің мақсаты музеология саласында өзінің ғылыми зерттеулерін жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. Пәнді игеру барысында магистрант ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды кезеңдерімен, оны жоспарлаумен танысады. Ғылыми таным әдістерін қолдану тәжірибесімен, ғылыми іздеу және талдау механизмін зерттеумен танысады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ресімдеу бойынша стандарттар мен нормативтерді зерделейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музей ісіндегі инновациялар
Пәннің мақсаты магистранттардың музейтанудағы инновацияларды қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Пән әртүрлі бағыттағы музейлердегі инновациялық мәселелерді әлеуметтік-мәдени үрдіс ретінде оқытуға арналған. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, олардың түрлерін, музей ісінде қолданылуын, әсіресе музейлік қызметтегі инновациялық жобаларды қамтуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәнің мақсаты – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру, өйткені шет тілі арқылы болашақ магистрант академиялық білімге, жаңа технологияларға және заманауи ақпаратқа қол жеткізеді, болашақ магистранттың мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметінде шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музей экспонаттарын атрибуциялау және сараптау
Пәннің мақсаты ғылыми атрибуция және сараптаманың танымал әдістерімен, сәндік қолданбалы өнер туындаларының өнер тарихымен және материалдық мәдениетпен байланысын зерттеу. Пәнді оқыту барысында магистранттар музей материалдарын атрибуциялау мен сараптау әдісінің және музей заттарының белгілерін анықтауды үйренеді, заттардың дайындалу әдістерін біледі. Музей заттарын өңделу әдістерінің мәселелері мен музей заттарын сипаттау, магистранттардың музейлік құжаттарын жүргізу дағдысын қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ескерткіштерді қорғаудың заңды құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты-ескерткіштерді қорғау саласындағы заңнамалық құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ алған білімдерін кәсіби қызметте қолдану. "Мәдениет туралы", "білім туралы", "туристік қызмет туралы" заңдар, сондай-ақ ИКОМ, ИКОМОС, ИККРОМ сияқты халықаралық ұйымдардың нормативтік құжаттары қаралатын болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өнер ескерткіштерін сипаттау және сараптау
Курс мақсаты көркемсурет, мүсін, графика туындыларының композициясын талдап, ғылыми сипаттай білуді үйрету. Өнер туындыларын сипаттау мен сараптау тарихи-мәдени контекспен байланысты жүреді. Сипаттау мен сараптаудың негізгі әдістері игеріледі, өнер туындыларындағы символдық образдар, діни-мифологиялық танымдар игеріледі. Өнертанудың терминалогиялық және танымдық аппаратымен танысады, каноникалық туындылар тпологиясын қарастырады, мүсін, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын танып біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пәннің мақсаты – жоғары мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, педагогикалық құзіреттілігін дамыту, болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орындары педагогикасының жалпы мәселелерімен, әдістемелік және теориялық негіздерімен, қазіргі заманғы талдау, жоспарлау және ұйымдастыру технологияларымен таныстыру. оқыту мен тәрбиелеу, университеттің оқу үдерісінде оқытушы мен студенттердің субъекті-субъектілік өзара әрекетінің коммуникативті технологиялары
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музей коммуникациясының теориясы мен практикасы
Пәннің мақсаты магистранттарда музей ісі және ескерткіштерді қорғау саласында тәжірибелік және ғылыми қызметте коммуникация теориясын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән байланыс теориясы мен ақпарат теориясын, музейлік коммуникация теориясын, музейлік коммуникация үлгісін, музейлік коммуникация актісін және оның отандық және шетелдік музеологиядағы интерпретациясын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Мақсаты: магистранттардың рационалды-теоретикалық ойлаудағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді құраушы ғылыми білімнің ерекше түрі ретіндегі заманауи ғылым философиясы туралы терең түсінік қалыптастыру. Қарастырылады: Ғылымның тарихы және философиясының пәні, Ғылымның пайда болуы және қалыптасуы, Әлеуметтік және гумантарлық ғылымдардың тарихы мен философиясы, Қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әлеуметтік-мәдени жобалаудың теориясы, әдістемесі және тәжірибесі
Пәннің мақсаты әлеуметтік-мәдени жобалауда теориялық талдау мен практикалық дағдыларды игеру, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жасап үйрену. Пәнді оқыту жобалық технологиялар қызметінде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қалыптастыруда және мекемелер мен ұйымдарда жұмыс орындарын қалыптастыру мақсатында нақты қаржыландыру көздерін табуды, өтінімдерді құжаттау, толтыруды қарастырады. Магистрант әлеуметтік және мәдени салада жобалаудың ерекшелігін, типологиясын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өнер тарихының методологиясы
Курстың мақсаты қазіргі таңдағы және тарихи кезеңдердегі өнертанудың әдістемесі мен тәсілдерін қолдану. Пәнді оқытудың шеңберінде тарихи пайда болудың сипаттамасы, қалыптасуы, жоғалу және басқа әдістері сондай – ақ заманауи өнер тарихының медтодологиясының жағдайын қарастырады. Курстың негізгі бөлімдері: өнер тарихының бастапқы кезеңі, Қайта Құру дәуірінің өнер туралы ғылым (Вазари, Карел ван Маандер, Зандрарт), өнертану тарихындағы барокко және классицизм, өнер тарихының ғылым ретінде басталуы (Винкельман, Гёте, Вакенродер), тарихи - мәдени мектептің маңызы ( Тэн, Фромантен, Буркхардт), формальды – стилистикалық әдіс ( Вёльфлин), өнертанудың веналық мектебі (Ригль, Дворжак), өнертанудығы семиотика, өнер сыны, өнерге психологиялық қатынас, өнер әлеуметтануы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ескерткіштану
Пәннің мақсаты магистранттарға ескерткіштанудың әдістемелік принциптері мен әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән барлық ескерткіштерді есепке алу, сақтау, әлеуметтік маңыздылығын анықтау, қалпына келтіру және пайдалану мәселелерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Музей қоры жүйесіндегі фалеристика, геральдика және сфрагистика
Пәннің мақсаты геральдика заттарын зерттеу, музей жүйесіндегі фалеристика және сфрагистиканы оқыту, олардың тарихы мен сипаттамасы, музейлік дерек көзі ретіндегі мінездемесін жасауды үйрету. Қазақстан музейлері қорларындағы фалеристика, сфрагистика, геральдика коллекцияларының қалыптасуының ерекшеліктері қамтылады, олардың музей затының ерекше бір бөлігі ретінде зерттелу және сақталу мәселелері қамтылады. Магистранттар фалеристика мен сфрагистика пәнін қосалқы дерек ретінде оқып, музей заттарына экспертиза жасау ретінде қолданала алады. Пәнді оқу барысында алынған білімдері мен дағдыларын музей коллекциясын қалыптастыру ісінде теориялық негіз ретінде қолданады, заттық кезеңделуін ғылымның дамуының жаңа талаптарына сай қолдана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Туризмнің ұлттық және аймақтық жоспарлануы
Мақсаты: туризмді ұлттық/аймақтық жоспарлау саласында шешімдерді қалыптастыру және қабылдау үшін басшылық ережелерді анықтау қабілетін қалыптастыру. Оқытылады: туризмді жоспарлаудың маңызы, тәсілдері, иерархия, құрылымы, ұлттық және аймақтық деңгейде туризмді жоспарлау моделі, стратегиялық және жедел жоспарлау тәжірибесі, институционалдық элементтер мен туристік нарықты жоспарлау, туризмді дамытуды қаржыландыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Әлемдік музейлер кеңістігінің заманауи мәселелері
Пәннің мақсаты қоғамды ақпараттандыру және жаңғыру жағдайында қазіргі заманғы музейтану мәселелерін шешу үшін білім мен дағдыларды, сондай-ақ музей қызметінің барлық бағыттарында үнемі жаңартылып отыратын ақпаратты қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән арнайы әлеуметтік институт ретінде музей мекемелерінің алдында тұрған теория, тәжірибе және өзекті мәселелерді қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Археологиялық және этнографиялық коллекциялардың консервациясы және реставрациясы
Пәннің мақсаты музей материалдарын консервациялау және реставрациялау құралдары мен әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән белгілі бір сақтау режимдерін құру арқылы музей кеңістігіндегі археологиялық және этнографиялық нысандарды сақтау мәселелеріне арналған. Музей материалдарын қалпына келтірудің негізгі принциптері мен әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
ҚР тарихи-мәдени мұраларын музеефикациялау
Пәннің мақсаты сәулет, тарих, археология, сондай-ақ материалдық және материалдық емес мәдениет ескерткіштерін музейлендіру теориясы мен тұжырымдамасын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән ескерткіштерді музейлеудің теориялық негіздерін, олардың жіктелуі мен қызметін, әртүрлі мұра нысандарын музейлендірудің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Мәдени құндылықтар реституциясы
Пәннің мақсаты – магистранттардың мәдени құндылықтарды қалпына келтіру шаралары жөніндегі танымдарын талдау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында мәдени құндылықтар реституциясы, мәдени құндылықтар реституциясы институтының дамуы мен қалыптасуы, халықаралық конвенцияларға сәйкес мәдени құндылықтар реституциясы институты қызметінің механизм, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі мәдени құндылықтарды тасымалдау мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Тарихи-мәдени мұракартографиясы және типологиясы
Пәннің мақсаты магистранттарға ескерткіштердің типологиясы мен картография терминологиясы, теориясы, әдістемесін қолдану қабілетін қалыптастыру.Курс барысында картографияның жалпы танымдары, ескерткіштер орналасуының түсірілімдері, кішімасштабтық географиялық карталар, олардың қолданылуы, тарих және табиғат ескерткіштерімен жұмыс жасау әдістемесі мен нормативтік құжаттауды жүргізу оқытылады. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің типтері, негізгі теориялық мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Музей жұмысы және тарихи-мәдени сараптаманың өзекті мәселелері, сонымен қатар өнер тарихы мен ескерткіштерді қорғау бойынша қазіргі әдістемелік принциптерді және зерттеудің әдістемелік тәсілдерін қолдана отырып әдістемелік зерттеулер, нұсқаулықтар, құралдар, аналитикалық анықтамалар құрастыру; музеологиялық және ескерткіштанулық педагогикалық тәжірибеде өзіндік зерттеу нәтижелерін енгізе алады;
- Музеологиялық, гуманистік, өнертану зерттеулері мен ескерткіштерді қорғау саласында жүргізілген теориялық зерттеу нәтижелері бойынша нұсқаулықтар жасау;
- Музей, мәдени орындарында, сонымен қатар ақпараттық кеңістікте орын алған музей экспозициясы, ескерткіштерді қорғау, көрме, оқу-мәдени іс-шаралар бойынша теориялық және қолданбалы материалдар негізінде сараптама қорытындысын жасау;
- Заңды және жеке тұлғалардың ресми сұранымдарғатарихи, ғылыми ақпарат, музей және мәдени орындардағы жауапты сақтауда тұрған музей заттарының сараптамасы мәселелері бойынша ақпараттық анықтамалар жобасын жасау;
- Музей ісі саласындағы ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру және заманауи әдістерді, технологияларды және практикалық оқыту дағдыларын меңгеру
- Музей экспозициясын, көрме және ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық, сараптама-аналитикалық және ұйымдастырушылық-басқару жұмыстарын жасау бойынша жаратылыстану және гуманитарлық пәндерден қолданбалы қабылеттерді, оның ішінде реставрация және консервацияны меңгеру;
- Тарихи және мәдени ескерткіштерді жүйелеу және классификациялау, олардың қызметін, ерекшелігін анықтау, ескерткіштерді музеефикациялау, медиа-кеңістікте баспа, цифрланған түрде қоғамның барлық саласын ақпараттандыру мақсатында және жеке тұлғалық, кәсіби өсуде жаңа нәтижелерге қол жеткізу;
- Музей заттарын, материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтау, насихаттау жөнінде мемлекеттік, музей, мәдени, оқу орындарына және туристік компанияларға кеңес беру;
- Музейдің тәрбиелік және тәрбиелік функцияларын ұйымдастыру негізінде түрлі іс-шаралар өткізу
- Музейлік, өнертанулық білімді және ескерткіштерді қорғауды презентациялауда қазіргі мультимедиялық және цифрлы технологияларды игеру;
- Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда музей-педагогикалық шығармашылығын насихаттау, музеология, ескерткіштерді қорғау және өнертану саласына өзіндік үлес қосу; музейтанулық және ескерткіштанулық пәндерден үш тілде интеграцияланған ғылыми-әдістемелік өнімдерді, оқу-әдістемелік кешендерді, авторлық курстарды және бағдарламаларды жасап, енгізе алады;
- Алынған білімді жүйелеу, сыни талдауда қабілетін көрсете білу, музей шығармашылығы, тарихи-мәдени және табиғи мұраларды қорғауға байланысты түрлі саланы зерттеу барысында алынған білім мен қабілетті бағалау, дұрыс қатынас жасау, ұлттың мәдени мұрасын сақтауда топта жұмыс жасай білу; музейтану және ескерткіштану саласындағы оқу бағдарламаларына, пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне, авторлық курстарға сараптама жүргізе алады.