Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02304 Аударма ісі (батыс тілдері) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық компанияларда, мемлекеттік ұйымдар мен өкілдіктерде, аударма биржалары мен бюроларында, туризм агенттіктері мен бұқаралық ақпарат қызметінде әртүрлі мемлекет және мәдениет өкілдері арасында ақпарат алмасу кезінде шетел, қазақ және орыс тілдерін пайдаланып, жоғары сапалы ауызша және жазбаша аударма жасай алатын лингвистика, аударматану және мәдениаралық қарым-қатынас саласындағы көптілді мамандарды жоғары деңгейде дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B036 Аударма ісі
  • Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Аударматану саласында алған теориялық білімдерін ауызша және жазбаша аудармада практикалық тапсырмаларды шешуде қолдану.
  • Аударма ғылымының басқа пәндермен пәнаралық байланыстарын анықтау және олардың болашақ кәсіби қызмет үшін маңыздылығын түсіну.
  • Көлемді материалмен жұмыс істеу кезінде ақпаратты іздеуді, сақтауды, өңдеуді жүзеге асыру.
  • Ана және шет тілдерінде сөйлеу қызметінің барлық түрлерін меңгеру.
  • Лингвистикалық мәселелерді шешу үшін сөздіктер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың барлық түрлерін қолдану.
  • Әр түрлі дәрежедегі ғылыми, көркем, қоғамдық-саяси, экономикалық, техникалық, туристік, ресми-іскерлік мәтіндерді жазбаша және ауызша аударуды жүзеге асыруда лексикалық және грамматикалық трансформациялар мен аударма әдістерін қолдану.
  • Кәсіби және жеке даму үшін ғылым мен технология саласындағы заманауи үрдістер мен тәсілдерді іздеуді жүзеге асыру.
  • Әр түрлі жанрлар мен стильдердегі кәсіби бағытталған мәтіндерді өңдеу және аннотациялау және аударылған мәтіндердің сапасын жақсарту үшін аудармаға дейінгі мәтін талдауды қолдану.
  • Тұлғааралық, мәдениетаралық өндірістік міндеттерді шешу мақсатында қазақ, орыс шет тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыру.
  • Әр түрлі технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып, дыбысты, сөйлеуді, мәтінді және кескіндерді, түпнұсқа дыбыстан немесе бейне материалдан басқа тілге аудару.
  • Әртүрлі салаларда аударма жүргізу кезінде тарихи, әлеуметтік-саяси, елтану, экологиялық және мәдениеттану білімдерін қолдану.
  • Конференцияларда, келіссөздерде, іскерлік кездесулерде, презентацияларда және басқа да іс-шараларда дәйекті және ілеспе аудармаларды жүзеге асыру және әртүрлі мәдениеттер өкілдері арасында өзара түсіністікті қамтамасыз ету.

Ұқсас БББ

Top