Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02326 Цифрлық қазақ тілі в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Қазақ тіліндегі сөйлеуді тану мен синтездеудің теориялық негіздері

    Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі сөйлеуді тану мен синтездеудің негізгі принциптері мен әдістерін, теориялық негіздерін түсіну, машиналық оқыту және табиғи тілді өңдеу алгоритмдерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Сөйлеу интерфейстері мен қосымшаларын жобалай білу. Әр түрлі қызмет салаларында қазақша сөйлеуді өңдеуге арналған заманауи технологияларды қолдануға дайындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Цифрлық филологияның даму бағыттары

    Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі цифрлық технологиялардың негізгі әдістері мен құралдарын, олармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Цифрлық қазақ тілінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни тұрғыдан бағалай білу және оларды нақты зерттеу мәселелері мен мақсаттарына сәйкес қолдана білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты басқару психологиясының іргелі түсініктерін түсіндіру, кәсіби тұрақтану процесінде басқару аймағының аспектілерін теориялық және тәжірибелік қолдану алғышарттарын анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы бойынша заманауи көзқарастарды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: басқару психологиясының, басқару қарым-қатынастағы жеке тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару негізгі принциптері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ тілі лексикографиясы

    Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі әр түрлі (электронды сөздік, энциклопедия, анықтағыш, түсіндірме сөздік, тезаурустар және т.б.) сөздіктермен жұмыс істеу және лингвистикалық автомат қызметін жүзеге асыру үшін сөздік қор базасын дамыту. Нақты тапсырмалар бойынша электронды сөздік, глоссарий, түсіндірме, және т.б. сөздіктер, тезаурус, энциклопедия және анықтамалықтар құрастыра білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәнің мақсаты – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру, өйткені шет тілі арқылы болашақ магистрант академиялық білімге, жаңа технологияларға және заманауи ақпаратқа қол жеткізеді, болашақ магистранттың мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметінде шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі және жасанды интеллект

    Пәннің мақсаты – қазақ тілінің заманауи ерекшеліктерін және оның жасанды интеллект саласында қолданылуын зерттеу. Табиғи тілді өңдеуде жасанды интеллект технологияларын пайдалану. Атап айтқанда, тілді модельдеу, сөйлеуді тану, мәтінді дауысқа, дауысты мәтінге айналдыру, машиналық аударма, тілдік құрылымдарды анықтау және т.б. мәселелерді шешу үшін жасанды интеллектіні меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)

    Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Цифрлық қазақ тіліне кіріспе

    Пәннің мақсаты – цифрлық қазақ тілінің негіздерімен танысу. Қазақ тілді мәтіндерді ақпараттық технологиялар арқылы жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды зерттеу. Автоматтандырылған жүйелер арқылы тілдік талдаулар жасап, корпустар, электронды сөздіктер, тілдік қосымшалармен жұмыс істеуге дағдылану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілді деректерді талдау

    Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ерекшеліктерін деректерді талдау арқылы зерттеу. Деректерді талдау негіздерін, талдаудың негізгі принциптері мен әдістерін, соның ішінде статистикалық талдауды, машиналық оқытуды және деректерді визуализациялауды үйрену. Деректерге негізделген шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты – жоғары мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, педагогикалық құзіреттілігін дамыту, болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орындары педагогикасының жалпы мәселелерімен, әдістемелік және теориялық негіздерімен, қазіргі заманғы талдау, жоспарлау және ұйымдастыру технологияларымен таныстыру. оқыту мен тәрбиелеу, университеттің оқу үдерісінде оқытушы мен студенттердің субъекті-субъектілік өзара әрекетінің коммуникативті технологиялары

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі және табиғи тілдік модельдер

    Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі тілдік модельдерді, олардың түрлерін зерттеу. Қазақ тілінің теориялық және практикалық негіздерін табиғи тілді талдау үшін пайдалану. Есептеу әдістерін қолдану арқылы табиғи тілдік модельдерді құрастыру. Қазақ тіліндегі түрлі мәселелерді шешу үшін тілдік модельдерді әзірлеу және қолдану әдістерін зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тілдік технологиялардың математикалық негіздері

    Пәннің мақсаты – қолданбалы саланы меңгеруге қажетті математиканың негізгі салаларымен танысу, математикалық талдау, сызықтық алгебра, ықтималдықтар теориясы мен статистика, графтарды меңгеріп, математиканың аталған салаларының базистік ұғымдары мен әдістерін қолдануға, математикалық ойлау мен дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Мақсаты: магистранттардың рационалды-теоретикалық ойлаудағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді құраушы ғылыми білімнің ерекше түрі ретіндегі заманауи ғылым философиясы туралы терең түсінік қалыптастыру. Қарастырылады: Ғылымның тарихы және философиясының пәні, Ғылымның пайда болуы және қалыптасуы, Әлеуметтік және гумантарлық ғылымдардың тарихы мен философиясы, Қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тілдік деректерді өңдеудегі бағдарламалау негіздері

    Пәннің мақсаты – тілдік деректерді өңдеуге арналған бағдарламалау тілін, Pyhton мен R бағдарламалау тілдері арқылы мәтінді өңдеу, басты операциялардың қызметтерін, табиғи тілдегі мәтіндерді бағдарламалау жүйесінде өңдеудің негіздерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді жоспарлау мен ұйымдастыруды үйрену. Курс аясында алгоритмдеу принциптері мен ақпаратты өңдеудің заманауи әдістері зерттеледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұлттық корпустарға негізделген тілдік зерттеулер

    Пәннің мақсаты – филология мен лингвистиканың әртүрлі салаларында мәтіндік корпуспен жұмыс істеу, ұлттық корпус деректерін талдау және зерттеу нәтижелерін қолдана алатын мамандарды дайындау. Лингвистикалық корпустарда жинақталған нақты мәтіндік деректерге негізделген тілдік құбылыстарды түсіну. Қазақ тіліндегі сөздердің, құрылымдардың, фразеологиялық және басқа да тілдік бірліктердің қолданылу жиілігіне талдау жасай білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқытудың цифрлық құралдарын әзірлеу

    Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ерекшеліктеріне бейімделген цифрлық ресурстарды жасау дағдыларын меңгеру, онлайн ортада қазақ тілін қолдау және дамыту үшін қосымшалар, сайттар және бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты цифрлық құралдарды әзірлеуге және бейімдеуге үйрету, заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін сақтауға және ілгерілетуге бағытталған инновациялық жобалар жасауға дайындау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілді мәтінді лингвостатистикалық талдау

    Пәннің мақсаты – әртүрлі деңгейдегі қазақ тілді мәтіндерге лингвостатистикалық талдау жасауды меңгеру. Лингвостатистикалық талдаудың қолданыстағы тиімділігі мен кемшілігін кәсіби тұрғыда бағалай білу және нақты зерттеу мәселелері мен мақсаттарына сәйкес қолдана білу. Лингвостатистикалық талдау арқылы авторлық идиолектілер (автордың жеке сөз қолданыстары) мен мәтіннің стилін ажыратуды үйрену.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Мәтінді филологиялық талдау

    Пәннің мақсаты – ақпаратты өңдеудегі мәтін және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру, мәтін тұтастығы мен байланысын жаңаша қарастыру, тілдік бірліктердің мәтін құрушылық мүмкіндігі, мәтіннің тілдік ұйымдастырылуы туралы талдау жасау. Курс аясында мәтінді зерттеудің принциптері мен аспектілері, мәтін теориясының негізгі мәселелері, оны зерттеудің ғылыми бағыттары, мәтінді өңдеудің жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Цифрлық қазақ тілін оқытудағы геймификация

    Пәннің мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін оқытудың тиімділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында геймификация әдістерін зерттеу және енгізу. Тілдік қосымшалар, онлайн ойындар, интерактивті оқулықтар және басқа да сандық ресурстар сияқты цифрлық құралдарды пайдалануды үйрену. Қазақ тілін оқыту үдерісінде геймификацияны сәтті қолдана алатын мамандарды дайындау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінде онлайн курс жасауға арналған технологиялар

    Пәннің мақсаты – филологтарды онлайн курс жасауға арналған бағдарламалармен таныстыру, бағдарламалау ресурстарын зерттеу, қазақ тіліндегі ақпараттарды цифрлық технологияларға бейімдеуді үйрету, онлайн курсқа арналған бағдарламалауды практикада қолдану. Пән аясында тілді оқытуды цифрландыру, онлайн курсты жаңаша форматта ұсыну, онлайн курс жасау барысында әдіс-тәсілдерді технология сұранысына сай оңтайландыру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілді мәтінді автоматты талдау технологиялары

    Пәннің мақсаты – қазақ тілді мәтінді автоматты талдау технологияларын зерттеу, түрлі деңгейдегі мәтіндерді талдауды меңгерту. Талдауға берілген мәтіндерде грамматикалық, семантикалық, стилистикалық, орфографиялық, логикалық қателерге жол бермеу үшін автоматты талдаудың ерекшеліктерін түсіну және мәтіннің ерекшеліктеріне сәйкес технологиялардың алгоритмін қолдана білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіліндегі сөз бөліктерін автоматты морфологиялық талдау және жинақтау

    Пәннің мақсаты – корпусқа енгізілетін қазақ тілді мәтіндердегі сөздерге морфологиялық белгіленім қою принциптеріне қатысты лингвистикалық материалды электронды пішінге келтіру, сәйкестендіру, лингвистикалық белгіленімдер әзірлемесін жасау және жетілдіруде компьютерлік-бағдарламалық әдістерді қолдана отырып, сөздердің морфологиялық құрылымын ажырату.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Білім алушылардың академиялық құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер жүргізу, білім алушы жастарды әлеуметтендіру;
  • Шет тілін ғылыми-зерттеу жұмыстарында, кәсіби қызметінде, қатысымда қолдану
  • Компьютерлік лингвистиканы табиғи тілді талдау және өңдеу үшін пайдаланып, тілдік модельдердің түрлерін зерттеу
  • Компьютерлік лексикография, электрондық сөздік түрлерін, ерекшеліктерін және оның даму бағыттарын бағалау.
  • Машиналық оқытудың теориялық негіздерін және жасанды интеллект әдістерін табиғи тілді өңдеуде қолдану.
  • Сөйлеуді тану және синтездеуде алгоритмдерді таңдау мен оңтайландырудың тиімді жолдарын үйрену.
  • Тілдік дерек, корпустардың, табиғи тілді автоматты өңдеу үшін қолданылатын жүйелердің сапасын талдау.
  • Цифрлық филологияның негізгі бағыттарына және оны дамыту жолдарына зерттеу жүргізу.
  • Тілдік деректермен жұмыс істеуге бағдарламалаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
  • Цифрлық өнімдерді жасау әдістері мен тілді қолдауға бағытталған жобаларды құруды үйрену.
  • Мәтінді автоматты талдау технологияларын зерттеу.
Top