Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B11101 Туризм және сервис в Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жаңашыл ойлауға қабілетті, қазіргі заманғы туристік индустрияда озық технологияларды игере алатын, әлемдік туристік бизнестің талаптарына бейімделе алатын, қазақстандық және аймақтық туристік нарықтың әлеуметтік маңызды міндеттерін шеше алатын туризм саласындағы мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B091 Туризм
-
ҰБТ-дағы пәндер География және Шетел тілі
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B111 Қызмет көрсету саласы
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Туризм тарихы
Академиялық хат
Туризмология негіздері
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Ғылыми зерттеу әдістері
Экология және тұрақты даму
Кәсіпкерлік негіздері және стартаптардың тәлімгері
Қаржылық сауаттылық негіздері
Туризмдегі этика және этикет
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
-
2 Оқу жылы
Негізгі шетел тілі (В1деңгейі)
Қазақстан туризм географиясы
Туризмдегі әлеуметтік топтарға қызмет көрсету ерекшеліктері
Халықаралық туризм географиясы
Дүниежүзілік туристік аймақтар
Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (В2деңгейі)
Туристік формальдықтар
Жасанды интеллект негіздері
Туризмдегі тұтынушылардың іс әрекеті
Экскурсиятану
-
3 Оқу жылы
Әлем музейлерінің сандық коллекциясы
Емдік тамақтану технологиясы
Туризмдегі жарнамалық қызмет
Туризмдегі сақтандыру ісі
Бос уақыт және көңіл көтеру индустриясы
Туризмнің геоортасы
Қазақстан бойынша виртуальді турлар
Емдеу-сауықтыру туризмі
Туризмдегі статистика
Туризмдегі инновациялық технологиялар
Елтану
Іскерлік туризм
Мейрамхана ісі
Іскерлік ағылшын тілі
ҚР қонақжайлылық индустриясындағы кәсіпкерлік қызметі
Туризм саласында ақпаратты жинау және өңдеу
Қонақ үй шаруашылығы
Туристік бизнесті ұйымдастыру және жоспарлау
Туризмдегі маркетинг
Профессии
Оқыту нәтижелері
- туристік индустрия қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету және стандарттау бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді және кешенді туристік қызметтердің сапа стандарттары мен қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз етеді, шығындарды азайту мақсатында кәсіпорында туристік қызметті ұйымдастыру шығындарын есептейді және бағалайды
- туристік салаға жұмыс жасауға жарамды адамдардың мінез-құлықтарын тани біледі, маңызды іс-әрекеттер жоспарын жазбаша түрде жасайды, жұртшылық алдында өзін еркін ұстайды, дайындықсыз сөз сөйлеу мәдениетін меңгерген, аудиторияны әрекет етуге шабыттандырады, аудиторияны дұрыс ұйымдастыра алады, сөйлеу мәдениетімен қоса тыңдау мәдениетінде шебер меңгерген, әріптестерін қазір пайдалы болмаса да, бірақ болашақта оң нәтиже беретін шешім қабылдауға көндіре алады
- туристерге қызмет көрсету бағдарламаларын жасайды және ақпараттық сұхбаттар ұйымдастырады, туристік бизнес бойынша серіктестермен келісімшартты сауатты жасайды және туристік нарықта марткетингтік зерттеу құралдарын және әр түрлі түрлерін қолданады
- нарықтық және жоспарлы экономикадағы туризмді дамытудың негізгі заңдылықтарын біледі, шетелден туристерді қабылдау және туристерді шетелге жіберу ережелерін біледі; әуе, теміржол, жеңіл автокөлік саяхатын және аралас саяхаттар ұйымдастырады, туристік мекемелердің қызметін ұйымдастыру принциптерін қолданады
- ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін білу және оларды туризм және сервис саласында қолдану; өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойына жеке білім беру жолын құра отырып, әрі қарай оқуды дербес жалғастыру үшін қажетті дайындық дағдылары бар
- қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың және үдерістердің динамикасын талдай отырып, болашаққа болжам жасайды, өзінің көзқарасын дәлелді негізде қорғайды; кәсіби қызметін орындау барысында психологиялық, жаратылыстану-ғылыми және құқықтық мәселелерді шешуде, табиғатты және адамды танудың қазіргі заманғы ғылыми әдістерін қолданады, туристерді ынталандыру психологиясында өз білімін көрсетеді, әсіресе жастар мен қарттары ынталандыру әдістерін меңгерген, туристік жарнаманың тиімділігін арттырудың ерекшеліктері мен тәсілдерін түсінеді
- кәсіби қызметте ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтер, үлкен деректер және т.б.
- Қазақстанның тарихи дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарына, негізгі тарихи кезеңдеріне ғылыми талдау жасап және терең түсіну негізіндегі азаматтық ұстанымын көрсетеді
- қазіргі заманауи ақпараттық технологияларды, бизнес-келіссөздерді дайындау және жүргізу әдістерін, серіктестер іздеу, келісімшарттар жасау дағдыларын меңгерген
- философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология, экологиялық ойлау, құқық және кәсіпкерлік негіздері, ғылыми зерттеу әдістері туралы негізгі білімді ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайларға баға беру
- тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникацияға түсу
- туристік қызметтегі бизнес жоспарлау дағдыларын, туристік құжаттарды жасау және олармен жұмыс істеу ережелерін меңгерген, туристік қызметті жобалайды, туристік ұжымда жұмысты тиімді ұйымдастыра алады, туристік топпен бірге туризм саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі және қонақжайлылық саласындағы практикалық іс әрекеттерді және білім беру қызметтерін, туристік құжаттама және іс қағаздар жүргізудегі ұйымдастыру дағдылары мен коммуникативтік дағдыларды игерген