8D02207 Музей ісі және ескерткіштерді қорғау в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты музейдің және ескерткіштерді қорғаумен айналысатын, соның ішінде халықаралық мекемелердің, ғылыми зерттеу бағытын жүзеге асыру үшін сапалы докторанттарды дайындау; қазіргі заманғы музеология саласының концепциясы және ғылыми теориясын жүйелеу және интерпретациялауды жүзеге асыратын маман даярлау; мәдениет мекемелерін басқару және маркетингтік қызметін жүзеге асыру; сондай ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сараптамасын жүргізу; музейтану ғылымының жаңа басым дамудағы бағыттарын дамытуға негізделген әдіснамаларды меңгеру. Бағдарлама мәдениет саласы мамандардарына деген сұранысқа жауап береді, сондай ақ, қазіргі заманғы музейлердің кең көлемдегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты істерін меңгереді.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D053 Тарих
-
Білім беру саласы 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Академиялық жазу
Пәннің мақсаты: өз идеяларын, ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын құрылымдау. Ғылыми жұмысты жазудың негізгі әдіснамалық тәсілдерін қарау, идеяларды жазбаша түрде дәлелдеу, академиялық жұмыстарды құрылымдау тәсілдерін пайдалану, сілтемелерді, библиографияны шет тілінде ресімдеу, ғылыми мақалаларды Q1-Q4 көрсеткіштері бар журналдарда және импакт-факторы жоғары немесе JCR-дәйексөзді басылымдарда жариялау құралдары көрсетіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Пәннің мақсаты – сандық технологияларды қолдану негізінде тарихи және басқа да байланысты ғылымдардың әдіснамасын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Зерттеуде жалпы ғылыми әдістерді, әдіснамаларды, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдарды қолданудың ғылыми құралдары қаралатын болады. Пән гуманитарлық ғылымдарды зерттеу барысында алынған білімге негізделеді және гуманитарлық ғылымдардың барлық салаларында ғылыми зерттеулер жүргізудің тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мәдениет тарихы мен теориясы
Пәнді оқытудың мақсаты-докторанттардың мәдениеттанушылардың ғылым ретіндегі негізгі ерекшеліктері, оның тарихы мен теориялық аспектілері туралы түсініктерін қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторантқа: қоғамдағы рухани мәдениеттің жұмыс істеу процестерін, қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары мен мәдениет институттарының әлеуметтік-мәдени даму тенденцияларын түсіндіру; әлемдік және отандық мәдениеттің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гуманитарлық білімдердің теориялық мәселелері: пәнаралық зерттеулер
Пәннің мақсаты музеология мен Ескерткіштану пәнаралық сипаты, сондай-ақ олардың алдында тұрған теориялық мәселелер туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде докторант заманауи музеологияның негізгі міндеттерін шешудегі пәнаралық зерттеулердің рөлін сипаттауы керек; Пәнаралық ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру барысында туындайтын теориялық мәселелерді талдауы керек; танымның гуманитарлық саласының алдында тұрған заманауи мәселелерді бағалауы керек.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалдық емес мәдениет ескерткіштерін сақтау және музеефиакциялау мәселелелері
Пәннің мақсаты докторанттардың материалдық емес мәдениет мұралары нысандарын сақтау және қолдану, оларды музейлендіру ерекшеліктерін, әдістерін, талаптарын оқыту. ЮНЕСКО қызметінің материалдық емес мәдениет мұраларын қорғау саласындағы жұмыстарымен, дәстүрлі мәдениетті сақтау механизмдерінің ерекшеліктерімен, материалдық емес мұраларын музейлендірудің ғылыми негіздерімен, классификациялаудың талаптарымен, сондай-ақ насихаттаудың әдістерімен танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ежелгі ескерткіштерді зерттеудегі жаратылыстану ғылымдарының әдістері
Курстың мақсаты ежелгі ескерткіштерді зерттеу кезінде жаратылыстану ғылыми зерттеу әдістерін ұсыну мен қолдануды қалыптастыру. Пәнді зерделеу кезінде оқытудың мынадай нәтижелері күтіледі: музеологияға тікелей қатысы бар жаратылыстану ғылымдарының негізгі бағыттары бойынша базалық ақпарат беру; жаратылыстану-ғылыми талдаулардың әртүрлі түрлеріне үлгілерді іріктеу қағидаларымен танысу; нақты мысалдармен зерттеудің жаратылыстану-ғылыми әдістерін иллюстрациялау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәдени кешендер мен табиғи мұраларды басқару
Пәнді оқытудың мақсаты тарихи-мәдени және табиғат мұралары нысандары менеджментін игеру танымын қалыптастыру. Пәнді игергеннен кейін келесідей танымға ие болады: әртүрлі мәдениет мекемелерін басқару қабілетіне ие болады; мәдениет және табиғат мұралары нысандары жарнамасын және PR-кампаниясын ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музей ісі тарихының деректануы мен тарихнамасы
Пәнді оқытудың мақсаты тарихи музеологиядағы тарихнама және деректану саласында берік білімді қалыптастыру, музеологиялық білімдер жүйесіндегі тарихи деректерді, ондағы ақпараттардың тарихын, теориясын, әдістерін, сондай-ақ музей ісі тарихын танудағы тарихнамалық әдістер мен талаптарды игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Музейлік құжаттама мен музейлік коммуникация барысындағы музейлік практикалық қызметке бағытталған өңдеуді қамтамасыз ететін технологиялық әдістемені әзірлеу;музейдің тұжырымдамалық үлгілі міндеттерін келесі ұғымдар арқылы зерттеуді жүзеге асыру: ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелері, коммуникативті жүйе, мәдени үлгі. Мәдениеттің қазіргі заманғы жетістіктеріне сай, музейлік заттарды саралау барысында музейтанулық және ескерткіштанулық ғылыми зерттеу жүргізу, олардың әлеуеттік ортасын, қатынасын, сондай ақ тарихи динамикадағы музейлік үдерістерді тану.
- Музейлік экспонациялау ісінде коммуникациялық тәсілдер мен жаңа үрдістер негізінде музей мекемелері мен музейлік қызметтің жекелеген бағыттарын дамытудың тұжырымдамаларын құру үшін музейлік саясаттың басымдықтары мен тұғырнамаларын дайындау; ҚР аумағында музейлік материалдарды жинау үшін ғылыми зерттеу экспедицияларын жүргізу және ұйымдастыру; қазіргі заманғы зерттеушілік танымдарды саралауда музейтану және ескерткіштану мәселесі бойынша ғылыми зерттеу үдерістерін пәнаралық білімде интеграциялау.
- Музейлік мекеменің мақсаттарына, міндеттеріне, профиліне қарай ғылыми жұмыстың бағыттарын ұйымдастыру және жоспарлау; Зерттеу кезінде ғылыми критерийлер мен тұғырнамаларды қолдану, түрлі конференцияларда ғылыми ізденістердің тұсаукесерін жасау, тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерттеу және таныту тұрғысындағы пәнаралық зерттеу бағдарламаларын іске асыру; жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша есеп жүргізу және ғылыми жобалар бойынша қорытынды жасай білу.
- Аймақтағы жаратылыстық-тарихи (табиғи), тарихи үдерістерді құжаттау мақсатында қор жинағына материалдар іріктеудің мәдени-білім беру қызметінің үлгілері мен әдістерін, жинақтаудың ғылыми тұжырымдамасының үлгілері мен әдістерін әзірлеу; музейтану, музей ісі және мәдениет саласындағы теориялық және эксперименталдық зерттеулер әдістемесін меңгеру; профильдеуші кадрларды дайындау кезінде музейтану және ескерткіштану зерттеулерінің теориялық негіздері мен әдістерін қолдану; музейтанулық және ескерткіштанулық мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру; ғылыми және білім беру бағыты мақсатында аудио және видеоматериалдарды жасау және қалыптастыру.
- Музей қорларын есепке алу, сақтау, ғылыми өңдеу, консервациялау және қалпына келтіру бойынша музей қызметі туралы жүйелі түсінік беретін қор жұмысыың ғылыми тұжырымдамасын жасау; археология және этнология материалдарына, мәдениет, сәулеттік және тарихи ескерткіштер мәселесіне сараптау жасау, ғылыми болжамдар жасай білу.
- Пәнаралық зерттеулер негізінде жіне мақсатты, жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде мәдени құндылықтардың түпнұсқалығы, атрибуциясы, сәйкестілігі, бірегейлігі жөнінде дәйекті сараптамалық қорытындылар (түсініктемелер) беру;
- Келушілермен жан жақты жұмыс тәжірибесін жүргізудегі, олардың аудиториясының қызығушылықтары мен талаптарын қанағаттандыруда ғылыми коммуникацияның қазіргі заманғы озық технологиясын қолдана отырып, музейлер және тарихи мәдени, табиғи қорықтардың маркетингтік моделін қалыптастыру.
- Музейлер, мәдени мекемелер және тарихи мәдени және табиғи қорықтардың фандрайзингтік жүйесін, қарқынды даму жоспарын, макро- және микрросегиментациялық стратегия негізіндегі музейлік менеджмент тұжырымдамасын жасай білу, финанстық ресурстарды бағалай білу. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, виртуальды экскурсияны жасап және тарата алады.
- Музейлік, тарихи мәдени ескерткіштерді цифрландыру, жасанды интеллект тұжырымнамасын жасау, оларды виртуалды алаңда, мобильдік қондырғыларда, музейлердің виртуалды кеңістіктерінде, модельдерді көрсетудің 3D сервистерінде тарата білу; ақпараттың күні бойына қолжетімділігін қамтамасыз ететін компьютерлендірілген жүйені тарата білу, музей және мәдени мекемелерде цифрлық маркетингті қолдану.
- Тарихи нақты кезеңдерде, оның ішінде қазіргі кезде мәдени және табиғи мұраны сақтау мен игеру ерекшеліктерін талдау; мәдени және табиғи мұраны сақтау мәселелері жөніндегі жобалардың тұсаукесерін жасау;