Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02113 Аспаптық орындау: Ішекті аспаптар в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Шығармашылық, ғылыми-зерттеу және кәсіптік қызметінде негізгі және кәсіби мамандық бойынша алған академиялық адалдық негіздері және принциптерін, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдану.
  • Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсынудың негізгі міндеттерін шешу.
  • Кәсіби және шығармашылық жағдайларда мемлекеттік, орыс және шет тілдеріндегі ауызша және жазбаша қарым-қатынас үшін және арнайы әдебиеттерді оқу, аудару кезінде әртүрлі коммуникативтік-лингвистикалық құрылымдарды қолдану.
  • Дене шынықтыру және денсаулықты нығайту әдістерін, сонымен қатар сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғау ережелерін толық әлеуметтік және кәсіби белсенділікті қамтамасыз ету үшін қолдану
  • Әр түрлі классикалық және қазіргі заманғы репертуарды игеруде музыкалық-орындаушылық шеберлікпен жоғары көркемдік деңгейде орындау (жеке, ансамбльде, оркестрде).
  • Аймақтық ән-аспаптық мектептердің стильдік ерекшеліктерін, композиторлардың жеке стильдік ерекшеліктерін, сондай-ақ музыкалық сөйлеу заңдылықтарын және әртүрлі музыкалық-теориялық құбылыстар мен ұғымдарды талдау.
  • Оркестр аспаптарының техникалық мүмкіндіктері мен мәнерлік ерекшеліктерін, оркестрлердің түрлері мен үлгілерін, оркестрлік фактураларды, тембрлік драматургияны анықтау.
  • Зерттеудің жаңа ғылыми әдістерін өз бетінше игере отырып, музыкалық өнерге, мәдениетке және педагогикаға қатысты жеке көзқарасты дәлелдей білу
  • Музыкалық білім беру саласында оқу процесін әртүрлі педагогикалық әдістерді қолдана отырып, сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктерін, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастыру.
  • Симфониялық, камералық, үрмелі, эстрадалық-симфониялық оркестрдің құрамында, әр түрлі ансамбльдердің құрамында ойнау, оркестрлік репертуар мен парақтан оқу дағдыларын меңгеру, музыкалық шығарма жасалған және ұсынылған теориялық және тарихи контекстті талдау.
Top