Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07106 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Органикалық заттарды, дәрілік заттар мен материалдарды өндіру мен өңдеудің химиялық процестерін ғылыми талдау және болжау негіздерін, сондай-ақ осы бағыт бойынша пәндерді оқыту әдістемелерін меңгерген, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін үздік әлемдік нәтижелермен салыстырғанда өзбетінше жүргізуге қабілетті органикалық заттар мен материалдарды өндірудің химиялық технологиясы саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M097 Химиялық инженерия және процесстер

Пәндер

  • Полимерлік материалтанудың заманауи мәселелері

    Пәннің мақсаты ғылыми зерттеу аясында әртүрлі қолдану салалары үшін берілген қасиеттері бар полимерлік материалдарды өңдеу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлік материалтану саласындағы ғылымның қазіргі мәселелерін шешу қабілетін қалыптастырады. Пән полимерлердің молекулалық үстіндегі құрылымының ерекшеліктерін, физика-механикалық қасиеттер кешенімен байланысын, полимерлік материалтану, полимерлік сұйық кристалдардың заманауи жетістіктерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нәзік органикалық синтездің заманауи технологиялары

    Пәннің мақсаты арнайы қолданысты химиялық өнімдерді өндіру жаңа технологияларын жасау үшін заманауи ғылыми концепциялар мен органикалық заттарды синтездеу теорияларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы нәзік органикалық синтез технологиясының заманауи мәселелерін шешудің теория-әдістемелік негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: материалдарды (бояулар, пигменттер, БАЗ, ДЗ, ББЗ) өндірудің заманауи аспектілері, бөліп алу, тазалау

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өндірістік органикалық химияның заманауи технологиялары

    Пәннің мақсаты химиялық өнімдерді өндіру технологияларын ажырату, қондырғыларды таңдау, химия-технологиялық процестердің инженерлік есептеулерін жүргізу қабілеттіліктерін қалыптастыру. Оқу курсы өндірістік органикалық химияның заманауи мәселелерін түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: кең қолданыстағы органикалық өнімдер, жартылай өнімдердің көптонналы өндірісінің қазіргі жағдайы, технологиялық сызбаларын жасау, эффективтілікті көрсету, технологиялық процестер параметрлерін жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Табиғи шикізатты өңдеудің заманауи технологиялары

    Пәннің мақсаты өсімдік шикізатты өңдеудің заманауи жағдайлары мен мәселелерін бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы өсімдік нысандарды өңдеу, экстракциялау, GMP бойынша қосылыстарды талдау теория-әдістемелік негіздерін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: өсімдік шикізатының түрлері, GMP бойынша сапасын бақылау, өсімдік шикізатынан қосылыстарды бөліп алынуға технологиялық параметрлер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Синтетикалық дәрілік формаларды талдаудың қазіргі әдістері

    Пәннің мақсаты синтетикалық дәрілік формаларды талдау және заманауи физика-химиялық, хроматографиялық, микроскопиялық әдістерді қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру. Оқу курсы органикалық синтез өнімдерін талдаудың заманауи бағыттарын түсінуді қалыптатстырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: GMP бойынша физика-химиялық және аспаптық әдістерді қолдана отырып фармакологиялық әсері бар синтезделген органикалық заттардың құрылысын анықтаудың және талдаудың заманауи әдістемелегі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Табиғи шикізаттан алынған дәрілік формаларды талдаудың заманауи әдістері

    Пәннің мақаты әртүрлі дәрілік формалардағы табиғи ББЗ химиялық, хроматографиялық, спектралды әдістерін қолдану және талдау қабілеттіліктерін қалыптастыру. Оқу курсы сапаны бақылау, өндірісте алынатын фитопрепараттардың құрылымдық талдау әдістемелік негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: классикалық, заманауи хроматографиялық, спектралды талдау әдістері, әр түрлі дәрілік формалардағы өсімдік ББЗ құрылымдық идентификациясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Полимерлік материалдардың химиясы мен технологиясының заманауи проблемалары

    Пәннің мақсаты полимерлер химиясы мен технологиясының ең өзекті мәселелері аймағындағы ғылыми танымның даму жағдайы мен тенденцияларын талдау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлік материалдарды алудың жаңа әдістерінің ғылыми-зерттеу қызметі аймағындағы түсіну негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: болашағы зор интеллектуалды полимерлерді синтездеудегі жаңа көзқарастар, макромолекулалық дизайн

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)

    Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Полимерлік дәрілік формаларды жасау химиясы мен технологиясы

    Пәннің мақсаты дәрілік заттардың туындылары мен полимерлік тасымалдағыштарды жасау және талдау қабілеттіліктерін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлік дәрілік формалардың технологиясы саласындағы заманауи тенденцияларды түсінуде теория-әдістемелік негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: әртүрлі модельдер, бақылау әдістері, әсер ету механизмдері, иммобилизациялау әдістері, компоненттерге қойылатын талаптары негізінде полимерлік дәрілік формаларды жасау заманауи технологиялары

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Синтетикалық биологиялық белсенді заттарды алудың заманауи технологиялары

    Пәннің мақсаты биологиялық белсенді заттарды бөліп алу заманауи технологияларын интерпретациялау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ББЗ зерттеу, идентификациялау және қолдану аймағындағы заманауи тенденцияларды т.сіну негіздерін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: ББЗ алудың заманауи технологиялары, арнайы қасиеттері, заманауи әдістерді қолдана отырып, әртүрлі кластағы ББЗ идентификациялаудың заманауи әдістері

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гибридті композициялардың технологиясы мен олардың негізінде препараттар

    Пәннің мақсаты гелдік, үлдірлік, жақпа май түрлері үшін гибридті медициналық композицияларды алу заманауи технологияларын бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы гибридті композициялар негізінде әсер ету мерзімі ұзартылған дәрілік формаларды алуда көзқарастардың теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: дәрілік заттарды иммобилизациялау үшін гибридті материалдарды жасау технологиялары, классификациясы, қасиеттері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Өсімідіктерді қорғау өнімдерінің химиялық технологиясы

    Пәннің мақсаты гербицидтер, пестицидтер, өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісінің қазіргі заманғы технологияларын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өсімдіктерді қорғау құралдарын құрудың қазіргі заманғы аспектілерін түсінуді, химиялық технология негіздерін күрделі ғылыми-кәсіби мәселелерді шешуде интеграциялауды қалыптастырады. Пән өсімдіктерді қорғау құралдарының қазіргі заманғы жіктелуін, жаңа құралдарды синтездеудің тиімді технологияларын, препараттарды алу жолдарын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Табиғи гетероциклды қосылыстардың химиясы мен технологиясы

    Пәннің мақсаты табиғи гетероциклды қосылыстардың химиясы мен технологиясының негізгі теориялары, концепцияларын интерпретациялау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы гетероциклды қосылыстарды алу технологиялық процестерін, дәрілерді алынуымен трансформациялауды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: реакциялық орталықтарды анықтау, химиялық құрылысы, қасиеттері, биологиялық белсенділігі арасындағы байланысты анықтау, технологиялық сызбаларды құрастыру, сапа көрсеткіштерін анықтау, құрылым дизайны.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Өсімдік дәрілік формаларды жасау технологиясы

    Пәннің мақсаты субстанцияларды бөлу, дәрілік формаларды, УАНҚ, АНҚ құру технологияларының қазіргі тенденцияларын бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы дәрілік түрлерді алу үшін зерттелетін нысандардан экстрактілерді бөліп алуды талдаудың теориялық әдіснамасын қалыптастырады. Пән дәрілік түрлердің кейбір түрлерін, субстанцияларды бөлу әдістерін, өсімдік түрлерін алудың негізгі технологиялық кезеңдерін, химиялық, технологиялық талдау әдістерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Полимерлі материалдарды өндіру мен өңдеудің қондырғыларын жобалау

    Пәннің мақсыты полимерлік материалдарды алудың негізгі технологиялық әдістерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлі материалдарды өндіру өндірістердің қазіргі жағдайы мен арықарай даму болашағын түсінудің теория-әдістемелік негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: синтездің негізгі заңдылықтары, олигомерлер мен полимерлерді алу технологиялары, технологиялық процестерді бағалау әдітері мен жүйелері, заманауи жетістіктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Синтетикалық жуғыш заттар технологиясы

    Пәннің мақсаты синтетикалық жуу құралдарын өндірудің заманауи технологияларын ажырату қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әртүрлі салаларда синтетикалық жуғыш заттар технологиясын қолдануды түсіну негізін қалыптастырады. Пән жуғыш заттар мен белсенді қоспалардың физика-химиялық қасиеттерін, шикізатты қабылдау мен сақтаудан бастап дайын өнімді техникалық және аналитикалық бақылауға дейінгі технологиялық процестерді зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Ион алмасу және мембраналық технологиялар

    Пәннің мақсаты әр түрлі технологиялық және экологиялық мәселелерді шешу үшін қазіргі ион алмасу және мембраналық технологияларды сыни бағалау және әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мембраналық және ион алмасу технологияларын түсінудің теориялық-методологиялық негізін қалыптастырады. Пән микрофильтрация, ультрафильтрация, нанофильтрация, диализ және электродиализ процестерін, кері осмостық технологияларды қолдануды зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Алкалоидтар өндірісінің химиялық технологиясы

    Пәннің мақсаты әлемдік индустрияда алкалоидтарды өндіру, өңдеу, қолдану технологияларын салыстыру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы шикізаттың, сығындылардың құрамындағы алкалоидтарды химиялық-технологиялық талдауының, бөлінуінің, өндірістің жаңа технологияларының теориялық негізін қалыптастырады. Пән алкалоидтардың биосинтезінің технологиялық аспектілерінің қазіргі жағдайын, алкалоидтардың кластарын, негізгі зертханалық, тәжірибелік-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік регламенттерді бөлу технологиясының тиімділігін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Биохимиядағы заманауи тәсілдер

    Пәннің мақсаты-тірі организмдердегі химиялық процестерді түсіндіру, реакция орталықтары мен олардың қызметін анықтау қабілетін қалыптастыру. Түсіну: - дәрілік заттардың метаболикалық түрлену өнімдерінің кеңістіктік құрылымы; - адам денсаулығындағы өмірлік процестердің молекулалық негіздері; - технологиялық процестер мен дәрілік препараттардың өзара байланысы; - зерттелетін заттардың химиялық және биологиялық қасиеттерінің сапалық көрсеткіштері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Табиғи полимерлерді өңдеудің заманауи технологиялары

    Пәннің мақсаты табиғи биологиялық активті полимерлік заттардың технологиясын сыни бағалау қабілетн қалыптастыру. Оқу курсы табиғи көздерден өндірістік маңызы бар табиғи полимерлердің әр түрлерін таңдамалы алу әдістемелігін түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: табиғи полимерлі молекулалардың кластарының құрылысы (ақуыздар, полисахаридтер, гидролизденетін, конденсирленген илегіш заттар), өндірістік алу жолдары, бағытталған модификация әдістемелігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Органикалық бояулар мен пигменттерді өндірудің технологиясы

    Пәннің мақсаты органикалық бояулар, әртүрлі табиғатты пигменттер синтезі технлогияларының заманауи принциптерін, оларды қолданудың жаңа бағыттарын талдау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы бояулар химиясы мен технологиясының заманауи проблемаларын түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: заманауи бояуларды, пигменттерді құрылыс, мата өндірісі үшін жасау өзекті әдістері, өндірудің технологиялық сызбалары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Флотореагенттерді өндіру технологиясы

    Пәннің мақсаты минералды шикізатты байытудың жаңа технологияларын жасау үшін заманауи ғылыми концепцияларды қолдану және флотореагенттерді алу технологияларын түсіндіру қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы флотореагенттер химиясы мен технологиясының заманауи мәселелерін түсінуін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: флотреагенттердің классификациясы, минералдарда жинақтаушылардың ену механизмері, күкірт, фосфор, азот, оттек реагенттерінің, жартылай өнімдердің химиясы, технологиясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеуді қажет ететін технологиялардағы полимерлі материалдар

    Пәннің мақсаты полимерлі композиттердің химиялық технологиясындағы ғылымды қажет ететін басым технологияларды талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы бірегей полимерлік материалдарды жасау үшін құрылым құру процестерін түсінудің негізін қалыптастырады. Пән полимерлерді композициялық материалдарды, альтернативті технологияларды алу, өңдеу технологиясындағы заманауи бағыттарды зерттеуге, ғылымды қажетсінетін технологияларда қолдану үшін интеллектуалды полимерлерді құруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Полимерлерді синтездеудің жаңа әдістері

    Пәннің мақсаты полимерлерді синтездеудің жаңа әдістерін сыни бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу қызметі аясында полимерлерді синтездеудің жаңа әдістерін түсіну негіздерін қалыптастыру. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: радикалды инициирлеу жағдайында макромолекулаларды бақылаулы синтездеудің негізгі заңдылықтары, «тірі» тізбектерді сополимерлеу ерекшеліктері, винилді мономерлердің радикал-координациялық полимерленуі, бақылаулы радикалды полимерленудің әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Мономерлерді алу мен өңдеудің химиялық технологиясы

    Пәннің мақсаты мономерлердің негізгі кластарын өңдеу, өндірістің химиялық технологиясының ерекшеліктерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мономерлерді синтездеу, тазалау және қайта өңдеу әдіснамасын талдаумен байланысты фактілерді түсіну, бағалау негізін қалыптастырады. Пән жалпы химиялық технологияның өзара байланысын, мономерлерді, полимерлерді ұтымды органикалық синтездеу, өндіру технологиясын зерттеуге және инновациялық мономерлерді өндіру технологиясын енгізуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Криогельдерді алу химиясы және технологиясы

    Пәнді игеру кезінде студенттер келесі аспектілерді зерттейді: криогельдердің жіктелуі, құрылымы және кеуектілігі; криогельдердің физика-химиялық қасиеттері; полимерлі ерітінділерді төмен температурада өңдеу тұжырымдамасына негізделген криожүйелерді алудың заманауи технологиялары; полимер ерітінділеріндегі криотропты гельдеу жағдайларының алынған криогельдердің құрылымы мен физика-механикалық қасиеттеріне әсері; криотропты гельдеу процесінің оңтайлы технологиялық параметрлері; Зертханалық жағдайларда әртүрлі полимерлік жүйелер (ПВС, хитозан, желатин, NAC МЦ, ПАК,ПМАК, ПАА, N,N-ДМАА) негізінде криогельдерді синтездеудің белгілі әдістемелерін; Сулы ерітінділерден химиялық ластағыштардың (ауыр металл иондары, мұнай өнімдері, бояғыштар және баз) криожүйелерімен сорбция процестерінің заңдылықтарын игеру; қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Полимерлік материалдарды алудың заманауи технологиялары

    Пәннің мақсыты полимерлік материалдарды алудың негізгі технологиялық әдістерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлі материалдарды өндіру өндірістердің қазіргі жағдайы мен арықарай даму болашағын түсінудің теория-әдістемелік негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: синтездің негізгі заңдылықтары, олигомерлер мен полимерлерді алу технологиялары, технологиялық процестерді бағалау әдітері мен жүйелері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Эмульсиялар мен аэрозольдардың технологиялары

    Пәннің мақсаты эмульсияларды, аэрозольдерді алу, қолдану технологиясындағы заманауи тәсілдерді сыни тұрғысынан бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы эмульсияларды, аэрозольдерді алу технологияларын түсінудің теориялық негізін қалыптастырады. Пән ультрадисперсті жүйелердің қасиеттерін, дисперсияны, меншікті бетін, орнықтылығын, эмульсиялар мен аэрозольдерді бұзуды, жаңа тиімді тұрақтандырғыштарды іріктеуді, оларды қолдануды зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Биотехнология және биоинженериядағы полимерлер

    Пәннің мақсаты-полимерлі материалдарды олардың қасиеттеріне байланысты синтез әдістеріне және биологиялық жүйелермен өзара әрекеттесуіне негізделген әртүрлі биотехнологиялық және биоинженерлік процестерде талдау, таңдау және қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс биологиялық белсенді жүйелер үшін полимерлерді қолдану әдістерін зерттеуге бағытталған; тіндік инженерия, жоғары тиімді биокатализаторлар жасау; биосинтезге арналған материалдар; биосенсорлар және т. б.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Биологиялық белсенді заттардың заманауи талдау әдістері

    Пәннің мақсаты өсімдік шикізатын өңдеу заманауи мәселелерімен байланысты процестерді түсіндіру және талдау қабілеттіліктерін қалыптастыру. Оқу курсы өсімдік нысандарды өңдеу теория-әдістемелік негіздерін, жаңа теорияларды білу, оларды интерпретациялауды қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: қосылыстардың негізгі кластары, классификациясы, идентификациясы, талдау, GMP бойынша сапасын бақылау, қосылыстарды бөліп алынуына технологиялық параметрлердің әсері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Зерттеу контекстіндегі органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясының заманауи жетістіктерін түсіндіру;
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы ғылыми-кәсіби білімді жоғары мектептегі педагогикалық қызметке біріктіру.
  • Органикалық заттар мен материалдарды өндіру технологиясын оңтайландыру мақсатында инновациялық технологиялар мен жаңа материалдарды енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау
  • Техникалық және жобалау-конструкторлық құжаттаманы жасау және табиғи және синтетикалық көмірсутекті органикалық шикізат негізінде материалдарды химиялық өндіру үшін жабдықты таңдау кезінде химиялық-технологиялық процестердің инженерлік есептеулерін жүргізу
  • Органикалық және биоорганикалық синтездің, өсімдік шикізатын өңдеудің химиялық процестерінің барысын, полимер-гибридті материалдар мен мембраналардың БАЗ оқшаулануын, полимерленуін және поликонденсациялануын, күтілетін нәтижеге бағдарланған коллоидтық жүйелер мен биодисперсияларды құрылымдауды бақылауға байланысты ғылыми дербес зерттеу жоспарын әзірлеу
  • Дербес зерттеулер жүргізу үшін дәстүрлі және заманауи физика-химиялық, хроматографиялық, микроскопиялық әдістерді, химия-биологиялық, технологиялық ғылымдар және материалтану саласындағы зерттеулер мен талдау аппараттарын қолдану
  • Жаңа отандық және шетелдік технологияларды енгізу жоспарларын жасау бойынша басшылықты қамтамасыз етеді, органикалық заттар мен материалдардың өнеркәсіптік химия кәсіпорындарының өндірістік бөлімшелерінің жағдайларын қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыра отырып, технологиялық құжаттаманы әзірлеу.
  • Жоғары мектептегі педагогикалық қызметте органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы саласындағы іргелі заманауи білім мен әдіснаманы қолдану
  • Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы саласындағы білімді химиялық-технологиялық процестерді жүзеге асырудың бірегей идеялары мен инновациялық жолдарын әзірлеудің, органикалық табиғаттың шикізаты мен өнімдерін талдаудың күрделі ғылыми-кәсіби мәселелерін шешуге біріктіру
  • Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясының таңдалған саласындағы өзіндік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мақалалар, ғылыми жобалар, конференциялардағы баяндамалар, диссертациялар түрінде ұсыну
  • Химиялық технологияның заманауи жетістіктері мен жоғары мектеп педагогикасының талаптары негізінде органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы саласындағы оқу курсының бағдарламасын әзірлеу
  • Жоғары мектептегі педагогикалық қызметте кәсіби өсуге, зерттеудің жаңа әдістерін өз бетінше оқытуға, әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешудің шығармашылық және стандартты емес тәсіліне, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінін дамытуға қабілеттілігін көрсету.
Top