Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01501 Физика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - замануи формацияда жоғары оқу орындарында физиканың оқыту әдістемесі бойынша мықты білімі бар, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, соның ішінде жаратылыстану ғылыми және педагогика бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлейтін және оларды іске асыратын, ,кәсіптік және жалпы мәдени құзыреттіліктерге ие жоғары білікті көп тілді меңгерген мамандарды даярлау, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастырудың және олардың нәтижелерін тәжірибеге іске асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық салдары тұрғысынан болжай алатын алатын мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Академиялық жазу

    Пән мақсаты - физика және физиканы үш тілде оқыту әдістері саласындағы ғылыми жобалар мен бизнес-жоспарларды құру және зерттеулерді талдау үшін, сонымен қатар ғылыми жазбалар, қосымшалар, патенттер, жарияланымдар, баяндамалар, диссертацияны дайындау үшін академиялық жазбаны сауатты қолдана білу қабілетін дамыту. Пәнді оқытуда төмендегі аспектілер қолданылады: Академиялық жазу әдістемесі. Мемлекеттік стандарттар мен әртүрлі ғылыми құрылымдардың талаптарына сәйкес ғылыми жұмыс нәтижелерін таныстыру. Ғылыми жұмыстарды ресімдеуге арналған нұсқаулықтар. ЖОО-да физика сабағын өткізуге арналған авторлық курстар мен әдістемелік сілтемелерді құқық және курстарды рәсімдеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Физиканы оқыту үдерісіне тұрақты даму мақсаттарын кіріктіру: ғылыми тұғырлар, перспективалары

    Пәннің мақсаты: физиканың іргелі ғылыми зерттеулерін талдай отырып, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін тұрақты дамудың мақсаттарын жүзге асыруда қолдану және оларды оқу үрдісіне кіріктіру. Оқу курста докторанттар тұрақты дамудың физикалық негіздерін терең талдай алады, пәнаралық зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастырады және өзекті экологиялық және энергетикалық мәселелерді шешу үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдалануды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеудің әдістері

    Пәнді оқытудың мақсаты – докторанттарда физика саласында заманауи ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемелік мәдениеттін, білім, біліктілік жүйесін қалыптастыру. Бұл курста мына сұрақтар қарастырылады: Қазіргі заманғы физиканы ғылыми зерттеу әдістері мен әдістерінің жалпы мәселелері. Қазіргі физиканың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру әдістері. Қазіргі заманғы физиканың ғылыми зерттеулерін ұйымдастырудың әдістері. Физика ғылымындағы және білім берудегі ғылыми зерттеу жүргізудің әдістемелік принциптері. Физика ғылымы мен білім беру бойынша ғылыми зерттеу жүргізудің әдіснамалық принциптері. Ғылыми зерттеулер мен әзірлеме нәтижелерін коммерциализациялауда студенттік стартаптардың қолдану аясы мен мүмкіндіктері, оқу процесіне оларды енгізу тиімділігін бағалау әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Физикадағы педагогикалық тәжірибелер және олардың нәтижелерін бағалау

    Пәнді оқыту мақсаты: Көп мәдениетті және көптілді ортада физика бойынша педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру мен жүргізудің теориялық-әдістемелік негіздерін тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқытуда төмендегі аспектілер қолданылады: педагогикалық зерттеулердің жіктелуі, олардың ішінде неғұрлым сұранысқа иелерін іріктеу; педагогикалық тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру технологиясы; педагогикалық зерттеу және замануи ЖОО-дағы оқу-әдістемелік қызмет нәтижелерін бағалау және саралау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы

    Пәнді оқыту мақсаты - философия ғылым саласындағы фундаменталды білімге бағдарланып ғылыми мәселелерді дербес тұжырымдау және ғылыми іздеу алгоритмін құру қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқытуда төмендегі аспектілер қолданылады: негізгі философиялық парадигмалар, әдіснамалық бағдарлар, оқыту әдісіндегі әртүрлі концепциялар, ұғымдық аппарат және қазіргі ғылыми-педагогикалық зерттеудің тиімділігі мен даму стратегиясын бағалау критерийлері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи университет моделіндегі қашықтықтан оқыту физикасының ерекшеліктері

    Пәнді оқыту мақсаты: заманауи университет моделінің міндетті элементі ретінде қашықтықтан оқыту мүмкіндігін қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесідей аспектілер қолданылады: Отандық және шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, жаһандану жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік, өңірлік, жобаға және жеке өзіндікке бағытталған, виртуалды, корпоративтік университеттердің модельдері, электрондық және қашықтықтан оқытудың желілік модельдері, соның ішінде MАОК және басқа білім беру технологиялары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикадағы теориялық және эксперименттік әдістер

    Пәнді оқыту мақсаты: ЖОО-да физикалық экспериментті әзірлеу, үйлестіру және жүзеге асыру кезінде докторанттарда ұйымдастыру және басқару қабілеттерін қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесідей аспектілер қолданылады: физикалық эксперименттердің негізгі түрлері, олардың жоғары технологиялық зерттеулердегі болашағы, қазіргі заманғы физикалық экспериментті дамытудағы мәселелер мен қиындықтар, ЖОО-да оқыту жағдайларына қазіргі заманғы физикалық экспериментті бейімдеу әдістемесін әзірлеу; әлемдік ғылымы қоғамда арнайы жабдықтарды пайдалануға қойылатын талаптарды ескере отырып, физикалық зертханалардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын объективті бағалау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ЖОО-дағы физиканы оқытудағы инновациялық технологиялар

    Пәнді оқытудың мақсаты: Әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес ЖОО-да физиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану бойынша білімдеріі практикада қолдану қабілетін қалыптастыру. Бұл курста мына сұрақтар қарастырылады: жоғары білім беру саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, олардың ЖОО-да оқытудың инновациялық модельдері мен физиканы оқытуды жобалау, жаңғырту, әзірлеу және іске асыру кезіндегі рөлі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Замануи физик-педагогтың әдістемелік құзіреттілігі

    Пәнді оқытудың мақсаты – физика-педагогтың ұтқырлық пен үздіксіз кәсіби өсуге кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру. Бұл курста мына сұрақтар қарастырылады: физикаға кәсіби бағытталған оқытудың әдіснамалық негіздері, оқу материалдарындағы физика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жобалау әдістері, ЖОО-да тәрбиелеу процесін сәтті әлеуметтік өзара әсерлесу үшін жүзеге асыру әдістері; көптілді оқытушылар құрамының кәсіби құзіреттілігі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Көпұлтты және көптілді ортада әлеуметтік өзара қарымқатынасты қамтамасыз ету үшін азаматтық бірегейлік пен патриотизм элементтері бар жоғарғы оқу орындарында тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру стратегиясын жасау
  • Білім сапасын жақсарту үшін оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, физика мен жоғары мектеп дидактикасының замануи жетістіктерін интеграциялау негізінде оқытудың барлық түрлерін жүргізу;
  • Оқу сабақтарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламалардың, оқу жоспарлардың, төлқұжаттар мен авторлық курстардың үйлестіру бойынша, сонымен қатар көптілді мамандарды даярлауды және қашықтықтан оқыту жағдайын да ескере отырып, оқу-әдістемелік жұмыстар кешенін әзірлеу;
  • Физиканы оқыту технологиясын модернизациялау және ғылыми тәжірибені іске асыру үшін педагогикалық тәжірибелер мен ғылыми зерттеулерді жүргізу;
  • Дүниежүзілік білім стандарттарының талаптарына сәйкес физиканы оқыту әдістемесі саласындағы пәндердің оқу-әдістемелік құжаттарына сараптама жүргізу және жасау;
  • Әлеуметтік, экономикалық, экологиялық салдары тұрғысынан ғылыми жобаларды оқу процесінде енгізуді коммерциаландыру және ғылым мен білім саласындағы қызмет үшін әлеуметтік жауапкершілікті қабылдау;
  • Оқу тәжірибесін мен іскери байланыстарды сәтті жақсарту үшін ғылыми қоғамдастықпен және шетелдік серіктестермен кәсіби өзара әрекеттесуді бастау:
  • Заманауи физика эволюциясы мен ғылыми мектептердің қалыптасуындағы дамудың негізгі кезеңдері мен парадигмалардың ауысуын көрсететін пәндерге мультимедиялық қамтамасыз ету және оларды жоғарғы оқу орындарының оқу процесіне енгізу;
  • Физиканы оқыту әдістемесіндегі әртүрлі ұғымдарды талдау, бағалау және салыстыру негізінде ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу әдістемесін әзірлеу;
  • Әр түрлі деңгейдегі білім беру жүйесіндегі құрылымдық бөлімшелердің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша қызметін басқару және үйлестіру, жоғары физика саласы бойынша білім берудің Қазақстан Республикасының қазіргі саясатындағы рөлі мен орнын анықтау;
  • Іргелі физикалық зерттеулерді талдау арқылы экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық-білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды әзірлеу;
  • Еңбекті басқару мен ұйымдастырудың әртүрлі формаларын, жаңа техника мен технологияларды, білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибені қолданатын білім беру орталықтары мен мекемелерінде жетекшілік ету және әрі қарай даму стратегиясын анықтау.
Top