Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01504 Химия мұғалімдерін даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамдық пәннің нақты өмірдегі, ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін түсінеді және талдайды; метапәндік идеяларына негізделген теориялық білімі мен түсініктерін басшылыққа алады;
  • Ғылыми әдебиеттермен және кәсіптік мәтіндермен жұмыс жүргізу үшін үш тұғырлы тілді меңгерген, тұлғааралық қарым-қатынаста түсінігін нақты тұжырымдап жеткізе алады.
  • Оқыту жүйесінде химиялық және зерттеу негіздері бойынша теориялық білімді түсіндіреді, шебер педагогикалық тәжірибелерге талдау жасай отырып, оқыту мен оқытудың инновациялық технологияларын қолданады.
  • Танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын, жасанды интелектті қолданады, білімалушылардың жеке мүдесіне сай, қажеттіліктерін негізге ала отырып, оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламалары мен әдістемелерін дайындайды.
  • Химияны оқыту және тәрбиелеудің инновациялық педагогикалық технологиялары туралы білімі мен түсініктерін қолданады, педагогикалық қызметті ұйымдастырады, нақты дәлелдермен тұжырымдайды және химияны оқыту саласындағы проблемаларды талдайды.
  • Нақты оқыту әдістері мен критериалды бағалау түрлерін анықтай отырып, ортадағы жайлы, қолжетімді оқу ортасын және психологиялық көңіл-күй жағдайды қолдайды.
  • Педагогикалық-психологиялық негіздерін қолдана отырып, білімалушылардың химия білімін дамытуға жайлы білім беру ортасын жасау үшін, оқу процесін ұйымдастыру үшін инновациялық әдіс-тәсілдермен құралдарды қолданады.
  • Оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және бағалау әдістемесін, оқу бағдарламасының теориялық және әдістемелік негіздерін танымдық процестің заңдылықтарымен байланысты біледі.
  • Зертханалық жұмыстары мен ғылыми зертеу жұмыстарын заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, заманауи ақпараттық технологияларды, материалдарды жинау, өңдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау, химиялық эксперименттер жүргізу әдістерін игереді;
  • Технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды;
  • Химия ғылымы бөлімдерінің негізгі ережелерін, заңдылықтарын, олардын химиялық қасиетерін, базалық идеясы мен заманауи әдістер жүйесін берілген жағдаяттарды шешу үшін қолданады және оқыту мен тәрбиелеу, экологиялық мақсатта табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалануға арналған іс-шараларды жоспарлайды
  • Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулерді пайдалана отырып, нақты міндеттерді шешу кезінде өндірістік және зертханалық химиялық зерттеулерді орындау, жұмыстардың сапасы мен алынған нәтижелерді дәйектейді.
Top