Жаңа білім беру бағдарламасы

6B09105 Спорттық жылқы шаруашылығындағы ветеринария в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Спорттық жылқы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу саласында теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, сондай-ақ жылқыларды ат спортының кәсіби және ұлттық түрлеріне даярлау негіздерін меңгерген жоғары білікті ветеринариялық маман даярлау.
  • Академиялық дәреже Специалитет
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 5 года
  • Кредиттер көлемі 302
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B083 Ветеринария
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
  • Білім беру саласы 6B09 Ветеринария
  • Дайындық бағыты 6B091 Ветеринария

Пәндер

  • Жылқы анатомиясы I

    Жылқы анатомиясы пәні соматикалық мүшелерін, яғни кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарының қабырғасын құрайтын мүшелерді және оларды біріктіретін тірек-қимыл аппаратын (қаңқа, сүйек, бұлшық ет жүйелері), тері және олардың туындыларын жылқы жасына, жынысына және тұқымына байланысты қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гистология эмбриология негіздерімен

    Пән жануарлардың жасушаларының, ұлпалары мен мүшелерінің дамуын, микроскопиялық және субмикроскопиялық құрылысын, олардың фило- және онтогенездегі дамуын, эмбриогенезде организмнің даму заңдылығын, постнаталды және жетілген онтогенездегі сатысын оқытады. Микроскопиялық және электронды – микроскоп техникасын қолдану, препараттарды «оқу» және зертханалық жануарларға тәжірибе жүргізу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Латын ветеринариялық терминологиясы

    Дәрілік заттар мен инъекциялық фармпрепараттардың атауларын латын тілінде дұрыс жазу және ветеринарлық практикада латын терминдерін қолдануға үйретеді. Латын афоризмдері мен ветеринарлық сөздерді дұрыс пайдалану дағдысын, сондай-ақ латын тілінде фармацевтикалық және химиялық номенклатураны қолдану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылқы топографиялық анатомиясы II

    Жылқының топографиялық анатомиясы-ғылыми-қолданбалы пән, анатомиялық аймақтардың қабатты құрылымын, дене мүшелерінің өзара орналасуын (синтопиясын), олардың теріге проекциясын (голотопия), қаңқаға қатынасын (қаңқа), қанмен қамтамасыз етуді, иннервацияны және лимфа ағынын зерттейтін жануарлар анатомиясының бөлімі. Организмнің жас, жыныстық және конституциялық ерекшеліктерін ескере отырып, норма мен патология жағдайында құрылыс ерекшеліктерін оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

    Пәннің мақсаты Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, студенттердің әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық, құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар аясындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын, мінез – құлықтарының стандартын, сыбайлас жемқорлықтың кез – келген көріністеріне қырын қарауды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің негіздері

    Ветеринариядағы ғылыми зерттеу әдістері, жұқпалы емес, жұқпалы және паразитарлық аурулар туралы және диагностика, емдеу, алдын-алудың практикалық дағдыларын, тәжірибе жинақтау және жануарлармен жұмыс кезінде жаңа әдістемеліктерді қолдана отырып, эксперименттік зерттеулер жүргізудің негізгі білімін қалыптастырады. Зерттеу нәтижелерін ресімдеу, мақалалар жазу және конференцияға баяндамалар дайындау кезінде ғылыми-әдістемелік тәсілдер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқы тұқымының текті қоры

    Қазақстанда және ТМД-да өсірілетін жылқылардың жергілікті және зауыттық тұқымдарын анықтау. Жылқы тұқымдарының таралу аймақтарын, шығу тегін, пайдаланылатын шаруашылық бағыттарын және тұқымдық пайдалылығын жіктеу. Жаңа тұқымдарды, типтерді, аталық ізін, аналық ұясын өсіру және жылқы өсіру әдістерін зерделеу. Саны аз жылқы тұқымдарын сақтау және көбейту жолдарын іздеу. Жылқы шаруашылығында асыл тұқымды жұмысты орындау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыруға үйрету, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді тәсілдері, қаржылық өнімдер мен қызметтерді пайдалану тәртібін білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика

    Пән студенттерді меншік және экономикалық жүйелер, қоғамдық шаруашылық формалары, нарықтық жүйенің қызмет ету механизмдері сияқты ұғымдармен таныстырады. Фирманың шығындары мен кірістерін есептеуге және бөлуге, сондай-ақ нарықтық экономиканың экономикалық өсуі мен тұрақсыздығын талдауға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі

    Табиғи, техногендік, экологиялық және даулы сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған жағдайда шаруашылық жүргізу объектілерінде адамдардың өмірін сақтауға және объект жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басшылық пен қызметкерлердің іс- әрекеттерін анықтайды. Төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау және жою мүмкіндіктерін зерделейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ветеринариялық генетика

    Тұқым қуалайтын аномалиялар мен тұқым қуалайтын бейімділік ауруларын зерттейді, сонымен қатар диагностика, алдын алу және ауруларға төзімділік селекция әдістерін әзірлейді. Жануарлар жынысын дамытуда хромосомалық бұзылыстарды анықтай отырып, гендік-инженерлік вакциналарды қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқы физиологиясы

    Жылқы ағзасында жүретін физиологиялық процестердің тіршілікті қамтамасыз етудегі биологиялық маңызын ұғындыру; жеке мүшелер қызметі арасындағы әсерлестік пен ықпалдастык заңдылықтарын ұғындыру; организмнің сыртқы ортамен қарым қатынасын қамтамасыз ететін механизмдерді анықтап, олардың маңыздылығын түсіндіру; жылқы өнімділігін арттырудың физиологиялык негіздерін ұғындыру; студенттерде басқа сабақтас пәндерді меңгеруге қажет білім мен білік қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқы шаруашылығы

    ҚР мен ТМД-дағы жылқы шаруашылығының қазіргі жай-күйін, саланың негізгі бағыттарын және одан әрі дамуын ұсыну және бағалау. Жылқылардың шығу тегі, оларды үйрету туралы теориялық білімін жалпылау. Жылқылардың сыртқы, конституциялық және биологиялық ерекшеліктерін олардың пайдалану бағытына қарай анықтау. Жылқы тұқымдарын, аудандастыруды, оларды жіктеу принциптерін тану. Жылқылардың өсімін молайту, өсіру, оларды азықтандыру және ұстау әдістері мен технологияларын зерттеу. Жылқылардың жұмыс сапасын және олардың ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылуын анықтау. Табынды жылқыларды өсірудің заманауи технологияларын көрсету. Спорттық жылқылардың тренингін және ипподромдық сынақтарын жүзеге асыру. Жылқылардың зауыттық және жергілікті тұқымдарымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс бойынша зерттеулер жүргізу

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология

    Табиғатты қорғау іс-шараларының теориялық негізі болып табылатын тірі организмдердің жеке тұлғаларының, популяциялары мен қауымдастықтарының экологиялық заңдылықтары туралы жаратылыстану-ғылыми жүйелік білімді қалыптастыру, адамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның экологиялық мәдениетінің денсаулығын сақтау бойынша экологиялық білімді тек кәсіби бағытта ғана емес, сонымен қатар қоғамның экологиялық дағдарыстан шығуына және тұрақты даму жолындағы қозғалысқа ықпал етуге және табиғатты қорғау мәселелерін шешу үшін теориялық білімді қолдануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Студенттердің теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы жаңа тауар жасау мен қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметке дайындығын қалыптастыру. Студентке бизнес-жоспар дайындау мен кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың бизнес идеясын әзірлеудә үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жануарлар этологиясы

    Организмнің тіршілік үдерістерін, олардың мәнін, мағынасын, қоршаған орта жағдайларына, малды күтіп-бағу технологиясына және мінез-қылығына байланысты өзгеру заңдылықтарын, онда жүретін физиологиялық реакцияларды зерттейді. Жануарлар этологиясы организмдегі заңдылықтарды терең білу нәтижесінде малды өсіріп, күтіп-бағу үшін мінез–қылығы, малдың өнімділігін қажетті бағытта арттырып, вктеринариялық шараларды өткізудің тиімді мерзімдерін белгілеуге болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жануарлар биохимиясы

    Студенттерге тірі организмнің химиялық құрамы, құрылысы, клетканың қасиеттері және ондағы зат пен энергия алмасуы туралы терең білім беру . Табиғи қосылыстардың және клетканың құрылымдық негізгі элементтері мен ағзадағы зат алмасу процесіне қатысатын заттардың кұрылымын білу, олардың белгілі бір жағдайда қоршаған ортадағы химиялық әсерін және биохимиялық процестерде табиғи қосылыстардың, олардағы функционалдық топтарының өзгеруін болжайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылқыны азықтандыру

    Табиғи және мәдени өсімдіктерді ұтымды пайдалану, жемді дайындаудың прогрессивті әдістерін қолдану, консервілеу, азықтандыру және алдын ала дайындау тәсілдерін жетілдіру негізінде Қазақстанның табиғи-климаттық аймақтары бойынша жемшөп базасын нығайту. Мал шаруашылығындағы ғылыми-технологиялық прогрестің негізі ретінде жануарларды азықтандыруды ұтымды ұйымдастырудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Жемді тиімді пайдаланумен генетикалық үйлесімді деңгейде жылқы шаруашылығының өнімділігі мен сапасына қол жеткізу үшін жылқыларға арналған диетаны әзірлеу және өмір сүрудің әртүрлі механизмдері климаттық аймақтарға және жылқыларды пайдалануға байланысты зертханалық бақылаулар жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ветеринариялық микробиология және иммунология

    Пән микроорганизмдердің морфологиясы мен физиологиясын, олардың әртүрлі физика-химиялық және биологиялық факторларға төзімділігін, сыртқы ортада генетикасын және таралуын, инфекциялық процестің пайда болуы мен ағымына қатысуын; макроорганизмның инфекциялық ауруларға төзімділігінің қалыптасу заңдылықтарын (иммунитет); инфекциялық аурулардың қоздырғыш – микробтарының жеке түрлерінің биологиялық қасиеттерін және зертханалық диагностика әдістерін қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ветеринарлық вирусология

    Пәнге келесі бөлімдер кіреді: вирустың табиғаты мен шығу тегі, құрылымы мен химиялық құрамы, физико-химиялық факторларға төзімділігі, сондай-ақ вирустың және жасушаның өзара әрекеттестігі, вирустың генетикасы, әсіресе, вирусқа қарсы иммунитетті қалыптастыру, диагностиканың және алдын алудың жалпы принциптері қарастырылады. Вирустарды анықтап-тану кезінде диагностиканың заманауи әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Патологиялық физиология

    Жекелеген ағзалар мен ағза жүйелері функцияларының бұзылу механизмдерін, барлық ауруларға тән жалпы патологиялық және компенсаторлық-бейімделу процестерін, реактивтілік және оның патологиядағы маңызы жалпы патологиялық жасушаларды, ағза мүшелері мен жүйелерін зерттейді. Ісіктер, ісінулер және шемен, қабыну, терморегуляция патологиясы, зат алмасу, қан айналымының жергілікті бұзылуын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ветеринариялық гигиена және санитария

    Жануарларды күтіп-бағу, азықтандыру және суару жүйесін санитарлық-гигиеналық бағалау ережелерін анықтайды. Әртүрлі климаттық факторлардың: ауа температурасы, ауа қозғалысы, ылғалдылық, атмосфералық қысым, сәулелі энергияның жануарлардың денсаулығына әсерін зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ветеринарлық фармакология

    Дәрілік заттарды сақтаудың негізгі ережелерін түсініп, спорттық жылқылардың салмағына байланысты дәрі-дәрмектердің көлемін мөлшерлеуді есептеу принциптерін білу. Дәрілік зат формасын дайындау мен жазып берудің технологиялық процестерін жүзеге асыру. Дәрілік заттардың ағзаға әсер ету заңдылықтарын түсіндіру және талдау, спорттық жылқыларды емдеу үшін қолданылатын әртүрлі дәрілік топтардың фармакологиялық әсер ету механизмдерін тұжырымдау. Дәрілік заттардың әсер ету механизмдерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқы репродуктологиясы

    Жылқылардың репродуктивтік органдарының анатомиясы мен топографиясын, физиологиясын, табиғи ұрықтандыру әдістері, буаздық, туу, туғаннан кейінгі кезең және сүт безінің физиологиясы мен патологияларын зерделейді. Жылқыларды көбейтудің биотехнологиялық (шәует алу және оның сапасын бағалау, шәуетті сұйылту, сақтау және тасымалдау, жылқыларды қолдан ұрықтандыру, эмбриондарды көшіріп-қондыру) әдістері. Репродуктивтік органдардың ауруларын балаудың (клиникалық, зертханалық, экспресс әдістер, ультрадыбыстық және эндоскопиялық), емдеу және алдын алудың заманауи әдістерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқылардың жұқпалы ауруларының бактериалдық диагностикасы

    Жылқылардың бактериялық сипаттағы жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының морфологиялық, тинкториалды, физиологиялық-биохимиялық, антигендік қасиеттерін, патогендік факторларын зерттейді, патогенезін қарастырады. Биологиялық қасиеттері бойынша қоздырғыштарды анықтау арқылы жылқылардың жұқпалы ауруларын диагностикалаудың зертханалық әдістерін көрсетеді және қоздырғыштардың микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау дағдыларын береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спорттық жылқылардың клиникалық дигностикасы

    Ауруларды анықтау және спорттық жылқыларды емдеу үшін биофизика, биохимия жетістіктерін қолдана отырып, клиникалық, зертханалық, арнайы зерттеулердің заманауи әдістерін игеру. Алынған деректерді жіктеп және негіздеп, әсер етуші факторларға байланысты спорттық жылқының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін бағалау. Клиникалық зерттеу схемасын; клиникалық зерттеу жүргізу кезінде спорттық жылқыларды бекіту және жақындау тәсілдерін; жануарлармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техника қағидаларын және жеке гигиена шараларын; клиникалық және биохимиялық талдау үшін зерттелетін материалды алу қағидаларын үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылқы шаруашылығындағы ветеринариялық токсикология

    Жылқының улануын диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістерінің мәнін әзірлеу және түсіну. Улану кезінде асыл тұқымды, өнімді, жұмысшы, спорттық бағыттағы жылқылардың ағзасындағы физиологиялық және биохимиялық процестерді зерттеу және бағалау. Жылқы шаруашылығында минералды тыңайтқыштар мен химиялық заттарды ұтымды, тиімді, қауіпсіз және экономикалық негізде қолданудың негізгі принциптері мен ережелерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылқының гинекологиясы және андрологиясы

    Жыныстық қызметтің бұзылуларының себептерін, бедеулік түрлерін және симптоматикалық патологияларды (вульвиттер, вестибулиттер, вагиниттер, эндометриттер, сальпингиттер, оофориттер және аналық бездердің функционалдық бұзылулары, андрологиялық аурулар және олардың салдары) зерттейді. Айғырлардың репродуктивтік қызметін бағалау. Жылқылардың гинекологиялық және андрологиялық патологияларын балаудың (клиникалық, зертханалық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық), емдеудің және алдын алудың заманауи әдістерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылқылардың вирустық инфекциясының диагностикасы

    Жылқылардың вирустық ауруларын диагностикалаудың негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру, вирустық аурулардың негізгі емі мен алдын алуды зерттеу, олардың жануарларда ағымының ерекшеліктерін ашу; вирусологиялық зерттеуге биоматериал жіберу; зертханалық диагностикалық зерттеулер жүргізу; диагностикалық зерттеулер деректері мен вирустық инфекциялар ағымының сипаттамалары негізінде вирустық инфекцияның таралуын талдау және болжау

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылқыныңың патологиялық анатомиясы

    Типтік патологиялық үдерістердің, жылқының жүрек-қантамырлар жүйесі және қантүзуші мүшелері ауруларының, тыныс алу мүшелері ауруларының, ас қорыту мүшелері ауруларының, несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің ауруларының, жүйке жүйесі ауруларының, метаболдық ауруларының, инфекциялық ауруларының, инвазиялық ауруларының, микоздары мен микотоксикоздарының, улануларының этиологиясын, патогенезін, морфогенезін, патоморфологиясын, патоморфологиялық диагностикасын және ақырын оқытады. Гистологиялық техниканың негіздері бойынша, жылқы ауруларына кешенді дифференциалді патоморфологиялық диагностика жүргізуден дағдыны қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ат спорты және ат туризмі

    Студенттерді ат спорты мен туризмде пайдаланылатын жылқы тұқымдарының әртүрлілігімен таныстыру; жылқыларды бағалау және іріктеу; атпен жүру және жылқыны басқару; ат спорты мен туризм үшін жылқылармен жұмыс істеу кезінде практикалық дағдылар мен ептілікті, ұстауды, қалыптастыру. Түрлі бағыттағы жылқы тұқымдарының анатомиялық құрылымы мен физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Жылқы тұқымдары мен олардың ресурстарын сәйкестендіру. Ат спорты мен туризм үшін жылқыларды жаттықтыруды жүзеге асыру. Жылқыларға күтім жасау кезінде азықтандыру мен ұстауды, зооветеринариялық бақылауды, қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру. Шабандоздарды, жокейлер мен шабандоздарды даярлауда ат туризмі нұсқаушысының рөлі мен міндеттерін айқындау және көрсету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спорттық жылқы рентгенологиясы

    Жылқының денесінен рентген сәулелері өткенде мүшелердің көлеңкелі бейнелерінің пайда болуының негіздері, рентгендік диагностикадағы заманауи әдістер туралы білімдерін қалыптастыру. Спорттық жылқы шаруашылығындағы аурулардың дифференциалды диагностикасын меңгеру; фалангтардың, буындардың, кеуде қуысы мүшелерінің сүйектерінің қалыпты рентгендік анатомиясын, сондай-ақ тірек-қимыл аппаратының патологиясын, өкпе ауруларын рентгендік зерттеу әдістерін оқу. Оқушылардың рентгенограмма оқу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спорттық жылқы шаруашылығындағы соттық ветеринария

    Аурулардың патоморфологиялық диагностикасының әдістерін игеру үшін және өлім себебін анықтау мақсатында жылқы өлексесін сойып-зерттеу техникасын игеру дағдысын қалыптастырады. Соттық танатология, соттық травматология, соттық токсикология, соттық акушерлік, соттық деонтология сұрақтарын, жылқыны алып-сату мәселесі бойынша соттық-ветеринариялық сараптамасын оқытады. Жылқы өлексесін соттық-ветеринариялық сараптауды жүргізуді, жылқы өлексесін диагностикалық патологиялық анатомиялық сойып-зерттеудің хаттамасын, сарапшы қорытындысын рәсімдеуді үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқының аса қауіпті инвазиялық аурулары

    Жылқылардың аса қауіпті инвазиялық ауруларының қоздырғыштарының морфологиясын, биологиясын, фенологиясын және экологиясын зерттейді. Ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері негізінде паразиттерді инвазиялық аурумен ауырған малдан сау малға беру жолдары; жылқыларды паразиттермен жұқтырудың алдын алу жолдары; жылқылардың аса қауіпті инвазиялық ауруларын диагностикалау және емдеу тәсілдері туралы теориялық білімді қалыптастырады. Ветеринариялық клиникалар, ат спорты мектептері мен шаруашылықтар жағдайында алынған теориялық білімнің практикалық дағдылары игеріледі

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқы хирургиясының негіздері

    Жылқылардың топографиялық анатомиясы мен физиологиясын білу, бекемдеу, құлатып бекемдеу, жалпы және жергілікті жансыздандыру әдістерін, жылқыларда әртүрлі манипуляцияларды орындау, әртүрлі жоспарлы және шұғыл операцияларды, соның ішінде косметикалық және қалпына келтіру операцияларын жүргізу әдістерін, сондай-ақ жылқыларды ерекшеліктерін ескере отырып операциядан кейінгі кезеңді, операциядан кейінгі әртүрлі асқынуларды анықтау және алдын алу әдістерін меңгеру, асептика мен антисептиканың барлық ережелерін қатаң сақтау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спорттық жылқылардың ішкі жұқпалы емес аурулары

    Пән спорттық жылқылардағы аурулардың пайда болуын, оларды балау үшін қолданылатын заманауи зертханалық диагностика әдістерін, ауру процесін тану және жұқпалы емес ішкі аурулар кезіндегі ағза төзімділігін қалыптастыру принциптерін қарастырады. Сонымен қатар жылқылардың ішкі ағзаларының жеке-дара аурулары кезінде емдеу-алдын алу іс-шараларын, балауға әзірлеу және ағза түріне байланысты зерттеу жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ветеринарлық радиобиология

    Ядролық физика элементтерін, иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін, радиацияны өлшеу бірліктерін зерттейді. Дозиметрия, радиометрия және спектрометрия саласында белгілі бір білім береді. Жануарлардың радиациялық зақымдануының иммундық статусын түзету, ветеринариялық медицинада иондаушы сәулелерді дезактивациялау және пайдалану дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұлттық ат спортының түрлері

    Қазақстанда ұлттық ат спорты түрлерінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын түсіндіру және бағалау, ұлттық ат спорты түрлерінде пайдаланылатын жылқы тұқымдарын ажырату және жіктеу, спорттық аттарға қойылатын талаптарды дәлелді түрде түсіндіру және негіздеу, жылқылардың биологиялық және физиологиялық ерекшеліктері саласында білімі мен түсінігін көрсету, олардың сырт пішінінің ерекшеліктері мен ат спортындағы жылқы тұқымдардың конституциясын, ат спортының кәсіби және ұлттық түрлерін (байге, қыз қуу, жорға, ат шаптыру, ат үстінде гимнастика және т.б.) жарнамалау, барынша тарату

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылқылардың травматологиясы, анестезиологиясы және реаниматологиясы

    Жылқылардың жарақаттарын балау және емдеу әдістерін жетік білу, заманауи балау әдістердін қолдана отырып, жануардың жағдайын және жарақаттану дәрежесін нақты бағалай білу, емдеу-алдын алу шараларын ұйымдастыру, әртүрлі мүшелер мен жүйелер патологиясын балау әдістерін меңгеру, жарақаттанған жануарлардың әртүрлі ағзалары мен жүйелеріне әсер ететін заманауи дәрі-дәрмектерді, реанимация, шұғыл анестезия және хирургия әдістерін, сондай-ақ патогенетикалық терапия әдістерін, оның ішінде физиотерапевтік әдістерді қолдана отырып, жарақаттанған жануарларды емдеудің патогенетикалық негізделген схемаларын әзірлей білуі тиіс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылқының трансмиссивті паразиттік аурулары

    Паразиттердің морфологиясы мен биологиясын, трансмиссивті паразиттік аурулардың қоздырғыштарын, олардың жылқы ағзасына патогендік әсерін, биологиясын, фенологиясын және олардың тасымалдаушыларының экологиясын зерттейді. Ветеринариялық клиникалар, ат спорты мектептері мен шаруашылықтар жағдайында теориялық білім негізінде эпизоотиялық карталарды жасау дағдыларын және жылқылардың және олардың тасымалдаушыларының трансмиссивті паразиттік ауруларымен күресудің тиімді емдеу-алдын алу шараларын әзірлеу және дифференциалды балауды жүзеге асыру бойынша ұсынымдарды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Індеттану және жылқылардың инфекциялық аурулары

    Індеттану ғылымы және оны зерттеу әдістері туралы ұғымды қалыптастырады. Инфекциялар мен инфекциялық ауруларды, иммунитет пен иммунологиялық икемділікті, иммундық жүйені, індет процесін, оның негізгі және қосымша қозғаушы күштерін, сондай-ақ індет ошағын және аурулардың табиғи ошақтылығын оқып біледі. Сонымен қатар індет қарқынының статистикалық көрсеткіштерін оқып біліп, індетке қарсы шараларды, жылқы шаруашылықтарын сауықтыру шараларын қоса алғанда, және жылқының инфекциялық ауруларына қарсы иммундеуді ұйымдастырудың практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылқылардың телімді инфекциялық аурулары

    Жылқылардың инфекциялық ауруларының індеттанулық ерекшеліктерн, дерттенуін, өтуі мен симптомдарын, балау, емдеу және дауалау мәселелерін оқып біледі. Жұқпалы қоздырушылардың әрбір түрі – вирустар, бактериялар, риккетсиялар және саңырауқұлақтар тудыратын жеке ауруларды толық қамтиды. Жылқы зауыттарында жалпы (ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық) және арнайы (балау және иммундау) іс-шараларды өткізу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады. Сондай-ақ эпидемиологияны, биоқауіпсіздікті, микробқа қарсы терапияны және жылқылардың бөгде ауруларын тану мәселелерін оқып біледі.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқы ауруларын балаудың молекулярлық –генетикалық әдістері

    Жылқылардың ДНҚ үлгілерін генотиптеу және алынған нәтижелерді талдау әдістерін білу. Балаудың молекулярлық-генетикалық әдістерімен жылқылардың жылдамдығын болжау. Генетикалық детерминирленген ауруларға (SCID-жылқылардың ауыр аралас иммун тапшылығы, HYPP – жылқылардың мерзімді сал ауруы) асыл тұқымды жылқыларға молекулалық –генетикалық сараптама жүргізу. Асыл тұқымды жылқыларда гидроцефалия түрінде генетикалық ақаумен бірге жүретін B3GALNT2 генінің локусы бойынша SNP полиморфизмін зерттеу.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқылардың тірек-қимыл аппаратының аурулары

    Жылқылардың тірек-қимыл аппараты ауруларын балау, емдеу және алдын алу әдістерін, статикалық-динамикалық құрылымдарға хирургиялық ота жасау техникасын, ортопедиялық зерттеу әдістерін меңгеру, консервативті және хирургиялық әдістерді қолдана отырып этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық терапияны, соның ішінде аз инвазивті және инновациялық операцияларды жүргізуді меңгеру, жылқылардың тұяқтары мен тұяқшаларының әртүрлі ауруларын, аяқтарындұрыс баспауынан пайда болатын әртүрлі тұяқ деформацияларын анықтау және емдей білуі керек.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ветеринариялық істі ұйымдастыру

    Қазақстан Республикасындағы ветеринарлық іс негіздерін оқытады. Шет елдердегі мемлекеттік және халықаралық ветеринариялық ұйымдармен танысады. Шекарада және көлікте ветеринариялық-санитариялық қадағалауды қоса алғанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалауды жүзеге асыру бойынша дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ветеринарлық- санитарлық сараптау.

    Ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың, жем-шөп пен азықтық қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін сезімдік, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жылқылардың офтальмологиясы, стоматологиясы және отоларингологиясы

    Көз, құлақ, ауыз және мұрын қуыстары ауруларын балау, емдеу және алдын алу әдістерін, көз алмасына, құлақ қалқанына, ортаңғы және ішкі құлаққа, ауыз және мұрын қуыстарының мүшелері мен құрылымдарына хирургиялық операцияларды жасау әдістерін, офтальмологиялық, стоматологиялық және отоларингологиялық балау әдістерін жетік білу, жылқылардың көру және есту анализаторларына, тістері, тілі және жұтқыншақтың әртүрлі ауларын емдеу үшін консервативті және оперативті, соның ішінде инновациялық, әдістерді қолдана отырып, этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық терапияны жүргізе білуі тиіс.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жануарлардың трансшекаралық аурулары және эмердженттік инфекциялар

    Жануарлардың трансшекаралық инфекциялардың, ұлттық шекараларға қарамастан тез таралу қабілеті бар, жұқпалылығы жоғары эпизоотиялық ауруларды меңгереді. Эмердженттік инфекциялардың басым көпшілігі биогенді, оларға қарсы қолданылатын ұйымдастыру - шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы күрес шаралары қарастырылады. Инфекциялық ауруларға нозологиялық және індеттанулық диагноз қою, ауруларға бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық, иммунологиялық зерттеулер жүргізу шараларын іске асырады..

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Спорттық жылқы шаруашылығындағы ветеринарлық саулығы

    Пән жануардың қоршаған ортаға реакциясының қалыптасуын, оның саулығына жағдай жасауды қамтамасыз етудің ғылыми негізін қамтиды, сонымен қатар жануарлардың адамдармен, басқада жануарлармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы мінез-құлқын зерттеу. Жануарлардың жұқпалы емес аурулар мен жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жануарларды тасымалдау кезіндегі көліктегі ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру. Жануарларды тасымалдаған көлік құралдарын ветеринариялық-санитариялық өңдеуден өткізу.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Салт міністі жылқы тұқымдарын жарату мен ипподромдық сынау технологиясы

    Қазақстанда, ТМД-да және шетелде өсірілетін жоғары құнды салт міністі мен желісті жылқы тұқымдарының аталық іздерімен, шабыс және желісті жылқыларды жаратудың физиологиялық негіздерін, жаратудың принциптері және тәсілдерін, жылқыларды шабыс пен желіске дайындаудың практикалық негіздерін, ипподромдық сынау технологиясын, ипподромдардың жұмысын, гандикаптау ережелерін, жокейлерді даярлаумен танысу, спорттық аттармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасын түсіндіру, спорттық жылқы шаруашылығында азықтандыруды, күтіп-бағуды және асыл тұқымдық жұмысты ұйымдастыру, спорттық жылқылармен ғылыми зерттеулер жүргізу әдістеріне оқыту

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ветеринариялық қызметтегі нормативтік актілер мен заңдар

    Ветеринарлық қызмет жұмысының құқықтық негізінде, ветеринарлық мекемелердің жұмысын ұйымдастыруда, ветеринарлық инспекторлар мен қызметтердің жұмыс әдістерінде қажетті білім, білік және дағдыларды береді. Кеден одағының ветеринариялық талаптарын зерделейді; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін меңгереді

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Жаратылыстану-ғылыми пәндер саласында білімі мен түсініктерін көрсету және құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет функциясының құрылымын білу, кең ой-өрісі мен ойлауы бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру үшін академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну, сондай-ақ кәсіби қызмет саласында қазіргі заманғы құзыреттер мен ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды қалыптастыру. Ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.
  • Латын ветеринариялық терминологиясының кәсіби деңгейінде білім мен түсінікті қолдану. Тірі организмдердің биологиялық қасиеттері мен генетикалық ерекшеліктеріне байланысты жасуша, тін, орган және жүйелік деңгейлердегі тұқымдық, жас және жыныстық нормалардың ерекшеліктеріне сәйкес спорттық жылқылардың анатомиясы мен физиологиясы туралы теориялық және практикалық білімдерге салыстырмалы талдау жүргізу. Қалыпты эмбриональды дамуды түсіну және анықтау, спорттық жылқылардың ағзасындағы жүйе тіндері мен мүшелеріне гистологиялық бағалау жүргізу.
  • Жылқы ағзасының бейімделу мүмкіндіктеріне байланысты морфологиялық құрылым мен физиологиялық функциялардың күрделі байланысын түсіну. Жылқылардың ағзасында болатын физика-химиялық, биохимиялық реакциялар негізінде барлық биологиялық процестердің маңыздылығын, ағымын және механизмдерін түсіндіру. Жылқы түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін тұқымы бойынша ажырату, жануарларды ұстау, тамақтандыру мен күту кезінде зоогигиеналық және ветеринарлық ережелердің орындалуын қадағалау.
  • Ықтимал себептердің даму механизмдерін патологиялық процестердің нәтижелерін анықтау, өлген жануарларды сойып зерттеу. Патологиялық аутопсияның нәтижелерін талдау, түсіндіру және жылқы ауруларының тірі және постмортальды диагностикасын жүргізу кезінде, сондай-ақ соттық ветеринария саласындағы даулы мәселелерді шешу кезінде білімді қолдану.
  • Табиғи және синтетикалық дәрілік заттардың әсер ету механизмдерінің ерекшеліктерін; у мен улы заттардың токсикологиясын білу және талдау, сондай-ақ стандартталған және сертификатталған ветеринариялық, биологиялық препараттар мен түрлі дәрі-дәрмектердің сапасын бағалау.
  • Жылқылардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын олардың антигендерінің морфологиялық, физиологиялық-биохимиялық, патогендік белгілері мен иммунобиологиялық қасиеттері бойынша ажырату және жіктеу; макроорганизмдердің (саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар) генетикалық ерекшеліктерін түсіну. Жылқы ауруларының диагнозын қою үшін ғылым мен технологияның заманауи жетістіктерін қолдана отырып, клиникалық, иммунологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізу.
  • Ат спорты, туризм, ұлттық спорт және тренинг пәндері саласындағы білім мен ұғымдарды көрсету, бағалау туризмде пайдаланылатын жылқылардың әртүрлі тұқымдарын іріктеу қағидаттары, жылқыларды ат спортының кәсіби және ұлттық түрлеріне даярлаудың практикалық негіздері, ипподром жұмысы мен сынау технологиясын, атқа міну өнерін, атқа міну үшін жылқыларды өсіру мен ұстаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Міністі және желісті бағытындағы жылқыларды жарату мен сынауда заманауи тәсілдерді қолдану.
  • Клиникалық, токсикологиялық, рентгенологиялық, радиобиологиялық, молекулалық-генетикалық әдістер мен әдістерді тиімді қолдану үшін жылқылардың ішкі жұқпалы емес аурулары кезіндегі ағзаның патологиялық процестерінің ерекшеліктерін түсіну, сондай-ақ жылқы ауруларын емдеу және алдын алу кезінде дәрілік терапияны бағалаудың дұрыс алгоритмі мен критерийін таңдау. Спорттық жылқылардың репродуктологиясы, андрологиясы, гинекологиясы, травматологиясы, анестезиологиясы, реаниматологиясы, офтальмологиясы және стоматологиясы саласындағы теориялық және практикалық аспектілерді түсіндіре және сипаттай білу.
  • Ветеринария ғылымы мен практикасының заманауи жетістіктерін пайдалана отырып, әртүрлі этиологиялы аурулары бар жылқыларды емдеу үшін терапевтік, хирургиялық және акушерлік-гинекологиялық әдістер қолдану.
  • Эпизоотиялық процестің дамуының этиологиялық факторларын негіздеу және патологиялық физиология мен анатомияның, вирусологияның, фармакологияның принциптерін басшылыққа ала отырып, жылқылардың табиғи-ошақты және антропозоонозды инфекциялық, инвазиялық ауруларына қарсы қазіргі заманғы диагностикалық, профилактикалық әдістер мен құралдардың тиімділігін сипаттау.
  • Эпизоотиялық мониторинг және ауруларды болжау кезінде деректер жинауды жүзеге асыру. Ветеринариялық қызмет саласының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарының талаптарына сәйкес аса қауіпті, трансшекаралық, пайда болған, табиғи-ошақты, антропоноздық инфекциялар мен жылқы инвазиялары туындаған кезде ветеринариялық іс-шаралардың ветеринариялық есепке алу және есептілік жоспарын жасау.
  • Жылқы шаруашылығында профилактикалық және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізу жоспарларын әзірлеу. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сондай-ақ жануарларды, өнімдер мен шикізатты сақтау және өткізу пункттерінің ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз ету. Жылқы шаруашылығы субъектілерінде дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыру.
Top