7M07109 Жылу энергетикасы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Технологиялық процестерді компьютерлік модельдеуді пайдалана отырып, жылу қондырғыларының сенімділігі мен энергия тиімділігін қамтамасыз ету үшін жылу энергетикасы және жылу технологиялары саласында ғылыми және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M098 Жылу энергетикасы
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Мақсаты: ғылыми білім өндіруге бағытталған ерекше қызметтің заңдылықтары мен даму тенденциясын зерттеу. Ол тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Курс арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы туралы білім қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жылу энергетикасы саласындағы менеджмент және маркетинг
Мақсаты: менеджмент және маркетинг негіздері және оларды жұмыста ары қарай қолдану үшін оқып үйрену; қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруды функциялауда процестермен танысу; ұйымның қызметінің түрі туралы ақпарат, құрылымды тұрғызу нұсқасы, жұмысшыны ынталандыру. Мазмұны: Кәсіпорынды басқарудың заманауй маркетингтік тұжырымдамасы. Портфельдік сараптаудың әдістері. Баға жасау бойынша басқарма шешімі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау негіздері
Мақсаты: қалалар және өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерін жобалаудың әдістері мен ережелерін оқыту; энергетика және ресурсты үнемдеуге бағытталған электр тораптарды қалыпты және апаттық жұмыс режимдеріне есептеудің заманауй әдістерін игеру. Мазмұны: Электрлік тораптарының есептік жүктемелерін анықтаудың тәжірибелік әдістері. Электрмен жабдықтау жүйелерінде реактивті жүктемелерді қарымталау. Тарату тораптарында қарымталайтын құрылғыларды орналастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Мақсаты: жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды, дәріскерлік, кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Энергетика дамытудың перспективті бағыттары
Мақсаты: электр станцияларының жұмысын оңтайландыру және олардың теріс әсерін азайту мақсатында энергетиканы дамытудың негізгі заманауи бағыттарымен таныстыру. Мазмұны: ҚР және әлемдік энергетиканың заманауй жағдайы, дамуы болжау және мәселелері. Электрлік тораптарды қолдануда жетілдірудің жолдары. Электрмен қамтамассыз ету үшін ЖЭК–нің пайдаланудың мүмкіндігі. Электр қондырғыларды, станцияларын және кешендердің энегетикалық сипаттамаларын есептеу әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жылу энергетика мен жылутехнологияның ғылыми-техникалық мәселелері
Мақсаты: жылу энергетикасы және жылу технологиясыда энегияны үнемде аймағында кәсіби мәселелерді шешуге дайындау. Мазмұны: Жылуэнергетикасының жүйелік, заңнамалық, техникалық және экологиялық мәселелері. Дәстүрлі, дәстүрлі емес және қайтадан қалыпына келетін энергия көздерін қолданудың мәселелері және келешегі. Энергияны тиімді пайдалануды көтеру аймақтарындағы мемлекеттік саясат. Жылу энергетика объектілерін энергетикалық тексеру. Өнеркәсіпте энергияны үнемдеудің іс-шаралары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жылуэнергетиканың электрлік бөлшегі
Мақсаты: электр станциясының жұмысының қауіпсіздігі, апатсыз жұмысы және жоғары экономикалық тиімділікті жұмысы мақсатында жылу энергетикалық жабдықтарды жобалаумен, сынаумен, жөндеумен және қолданумен байланысты кәсіби қызметтегі теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін жылу энергетикалық жабдықтардыдың жұмысының режимдері және қолданылуы сұрақтары бойынша орнықты теориялық қорын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми эксперименттің теориясы және техникасы
Мақсаты: инженерлік эксперименттің заманауй теориясының негізін үйрету: тәжірибеде жоспарлау және іске асыру әдістері, сынау мәліметтерін өңдеу және белсенді эксперименттің нәтижелерін талдау. Мазмұны: Зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері. Моделдеу және ұқсату. Экспериментті математикалық жоспарлау негіздері. Мәліметтерді статикалық талдау. Кездейсоқ процестердің теориясының негіздері және оларды статикалық өңдеу. Инженерлік эксперимент нәтижелерін статикалық өңдеудің компьютерік әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жылумен жабдықтау жүйелері және жылу желілері
Мақсаты: жылумен жабдықтау жүйелері мен жылу желілерін жобалау, пайдалану және басқару бойынша білім мен дағдыларды дамыту, оның ішінде жылу жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін, жылу жүктемелерін есептеу әдістерін, энергия ресурстарын тиімді пайдалану негіздерін және сенімділігін қамтамасыз етуді жылумен жабдықтау қауіпсіздігі. Мазмұны: жылумен жабдықтау жүйелерінің түрлері мен құрамдас бөліктері. Жылу желілерін есептеу және жобалау әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Мақсаты: магистранттарда іскерлік және ғылыми салаларда қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыларды қалыптастыру, халықаралық ғылыми ұжымдарда ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттіліктерді жүзеге асыру. Мыналар зерттелетін болады: ауызша, жазбаша және электронды коммуникация әдістері; ағылшын тілінде өнімді кәсіби маңызды мәтіндерді құру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жылуэнергетика өнеркәсіптеріндегі қоқысты материалдарды қолдану және жою
Мақсаты: қоршаған ортаны қорғау және табиғатты оңтайлы қолданудың заманауй мәселелерін түсінуге мүмкіндік беретін инженерлік-экологиялық ойлауды қалыптастыру. Мазмұны: Өнеркәсіптік экология және экологиялау. Өндірістік процестерді ұйымдастыру және олардың жалпы заңдылықтары. Өндірістің дамуының экологиялық стратегиясы және саясаты. Күл қалдықты материалдарды жою, оларды пайдалану. Шығатын газдар мен қалдық сулардан тазалаудың негізгі өнеркәсіптік әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
Мақсаты: ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтердің ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеулердің жабдықтары және әдістерімен, шығармашылықтық еңбектіұйымдастыру және оны жоспарлаумен таныстыру. Мазмұны: Жеке және топтық ғылыми қызметтің ерекшеліктері. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық әдістері. Әдістер-операциялар және әдістер-қызметтер. Инновация: болмысы және анықталуы. Инновация – ғылыми-техникалық, технологиялық және экономикалық категория сияқты.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жылутехникалық процестер мен қондырғыларлдың автоматтандырылған басқару жүйелері
Мақсаты: қазандық агрегаттарын, су дайындау және отынды беру жабдықтарының, жылулық қондырғылардың, коммуналдық шаруашылық объектілерінің, құрғату және суыту қондырғыларының, химиялық және металлургиялық өнекәсіптердің объектілерінің, басқарудың автоматтандырылған жүйесінің функцияларын және мәселелерін, нақты өнекәсіптік қондырғылардың сигналдану және қорғанысын; өнеркәсіптік объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері аймағында негізгі заманауй тенденциялармен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Мақсаты: магистранттарда ғылыми менеджменттің заманауи психологиялық тәсілдерін қолдану үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мыналар оқытылады: басқарушылық өзара әрекеттестіктің теориялық негіздері, негізгі басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктері, басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясы, басқару саласындағы психологиялық зерттеу әдістері, белсенділік пен өзара әрекеттесу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жану камерасындағы реакцияға түсетін ағыстарды 3D моделдеу
Мақсаты: энергетикалық отын жағу кезінде нақты геометрия аймақтарында реакциялық токтардың үш өлшемді модельдеу дағдыларын қалыптастыру және әдістерін зерттеу. Мазмұны: нақты геометрия аймағында әсерететін ортада конвективті жылу масса тасымалдау процестерін 3D моделдеу мәселелерін шешудің негізгі теңдеулері мен сипатталуы. Екі фазалық ағыс. Сәулелену жәрдемімен жылу алмасу. Бақылау көлемі әдісінің теңдеулерінің айырмашылығын алу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қалдықсыз өндірістердің даму мәселелері және оларды шешу жолдары
Мақсаты: қалдықсыз өндірістің тиіміділігі көтерудің жағдайларын оқып-үйрену; өндіріс орыны орналасқан территорияның табиғи-шаруашылықты жағдайын кешендің бағалау әдісін, табиғи-шаруашылықты территорияның өндірістің қауіпсізідгі жағдайының әсер етуін бағалауды оқыту. Мазмұны: Қалдықтарды жіктеу. Көмірді және мұнай өндірудегі қалдықтар, күл-шлакты қалдықтар. Энергетикалық қалдықтарды және қайтадан қалыпқа келтіруге арналған қалдықтарды қалдықсыз өңдеу тәсілдері. Қалдықсыз өндірісті жасаудың қағидалары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жылутехникалық құрылғылардың қауіпсіздігі мен пайдаланылмалы сенімділігі
Мақсаты: жылутехникалық қондырғылардың сенімділігі, энергетикалық жабдықтарының жұмысының қауіпсіздігі мәселелерін меңгеру. Мазмұны: техникалық жүйелердің сенімділігінің құрылымдық схемаларыжәне оларды есептеу, сенімділікті көтерудің негізгі әдістері және жылулық және электр энергиясын өндірудегі жүйелердің қауіпсіздігін бағалау үшін сенімділік теориясын қолданудың мысалдары; техногендік қауіп-қатерді сараптау мен бағалау әдістемесі, сенімділікті, қауіпсіздік және қауіп-қатерді бағалау әдістемесі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жылу және масса алмасу аппараттарындағы конвекция процестері
Мақсаты: Технологиялық процестер мен қондырғыларда жүретін көпкомпонентті газ қоспаларында концентрациялық конвекцияның пайда болуын эксперименттік және сандық зерттеу мәселелері бойынша студенттердің білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Массаны тасымалдау әдістері. Әртүрлі каналдағы конвективті массатасымалдау. Энергетиканың әртүрлі мәселелерін шешуінде массатасымалдау. Конвекция кезінде молекулалық массатасымалдаудың қарқындылығын зерттеу. Диффузиялық тұрақсыздық режимінде бөлу коэффициенттерін анықтау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жылу энергетикасындағы заманауи «таза» технологиялар
Мақсаты: зиянды шығарындыларды азайтуға және жылу-энергетика саласында энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға көмектесетін озық технологиялармен және әдістермен танысу. Мазмұны: Жылу энергетикасындағы когенерация және тригенерация. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану. Қазандықтың тиімділігін арттыру және зиянды заттардың шығарындыларын азайту үшін заманауи технологиялар. Жоғары температуралы жарылыс.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Ғылыми мақалаларды жазу әдістемесі және технологиясы
Мақсаты: ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жинақтау үшін, оларды жарыққа шығару мақсатымен ғылыми мақала түрінде өңдеу және рәсімдеу үшін қажетті білімдерін жетілдіру. Мазмұны: ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мазмұндаудың негізгі әдістері. Ғылыми мақалалардың тақырыптарын, ол туралы ой-пікірлерді және аталуын тұжырымдау. Ғылыми мақаланы баспаға шығаруда басылымды таңдау. Ғылыми мақаланың құрылымы. Әдебиеттік басылымдармен жұмыс жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Сұйық және қатты отындардың жануын компьютерлік модельдеу
Мақсаты: жылуэнергетикалық процестерді, ЖЭС және өнекәсіптік кәсіпорындардың қондырғылары мен жүйелерін моделдеу және оңтайландыру әдістерін қолдану бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптастыру. Мазмұны: Жылуэнергетикасының процестерін, құрылғылары, жүйелерін математикалық модельдеу, жылуэнергетикасының қондырғылары мен жүйелерінің нұсқаларын оңтайландыру. Жылутасымалдағышы мен жылумассаалмасу құрылғыларының негізгі сипаттамаларын есептеудің сандық әдістері. Жылутехнологиялық жүйелерді зерттеу және жобалаудың модельдеу әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жылу энергетикасындағы экологиялық қауіпсіздік
Мақсаты: табиғи және техногендік факторлардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, технологиялық процестердің экологиялық тазалығы, экологиялық қауіпті бақылау, болжау және алдын алу, халықты, техносфера объектілерін және табиғи ортаны қорғау саласындағы білімдерді меңгеру. Мазмұны: кәсіпорынның экологиялық стандарттарын белгілеу принциптері, кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыру, жылу энергетикасы объектілерінің технологиялық қауіпсіздік жүйелері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми мақалаларды жариялау және оқу процесінде пайдалану үшін оқу-әдістемелік ұсыныстарды әзірлегенде ғылыми-өндірістік қызмет нәтижелерін жүйелеу.
- Ғылыми, практикалық және педагогикалық қызметте кәсіби және тәжірибелік қабілеттерді, дағдыларды және зерттеу нәтижелерін қолдану.
- Энергиямен жабдықтауды ұйымдастырудың ең тиімді әдістері мен құралдарын таңдау үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен және жылумен жабдықтау схемаларының жұмыс және апаттан кейінгі режимдерін есептеуді орындау.
- Психологиялық-педагогикалық білімді және менеджмент пен маркетинг негіздерін пайдалана отырып, жылу энергетикасы саласындағы кәсіпорындардың ресурстары мен персоналының жұмысын бақылау.
- Өзінің кәсіби қызметі саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратты және теория мен практиканың соңғы жетістіктерін талдау және жылу энергетикасы саласының кәсіпорындарында отандық және шетелдік тәжірибені бейімдеу.
- Жылу энергетикасы саласындағы кәсіпорындарда туындайтын энергетикалық жүйелердегі мәселелердің себептерін және салдарын шешуге арналған ұсыныстарды талдау.
- Оңтайлы жұмыс режимдерді анықтау және қамтамасыз ету мақсатында кешенді зерттеудегі энергетикалық жүйелердің физика-математикалық модельдерін әзірлеу.
- Жылу энергетикасы кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында заманауи ақпараттық жүйелерді және компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану.
- Жеке траекторияны және одан әрі кәсіби дайындықты қалыптастыру үшін өзінің білім беру және кәсіби дайындық деңгейін бағалау.
- Энергия мен ресурстарды үнемдеуді, оның ішінде жылу энергетикасы өнеркәсібінің қайталама өнімдерін пайдалануды қамтамасыз ету бойынша әдістер мен шешімдерді әзірлеу үшін кәсіпорынның энергия тиімділігі көрсеткіштерін талдау.
- Энергетикалық жүйелердің параметрлерін оңтайландыру арқылы жылу қондырғыларының сенімділігі мен қауіпсіздігін және энергия тиімділігін қамтамасыз ету.
- Қолданыстағы этикалық нормаларға сәйкес ғылыми зерттеулерге және инновациялық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысу.