7M02176 Мүсін в Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мүсін саласында авторлық туындылар жасаудың тұжырымдамалық және практикалық білімі бар, заманауи жаһандық бетбұрыстарға сәйкес бейіні бойынша шығармашылық, жобалау және ұйымдастырушы-басқарушылық қызмет саласындағы білім мен дағдыларды меңгерген жоғары білікті маман-магистрлерді, мүсін туындыларының сапасы мен көркемдік құндылығын бағалау саласындағы сарапшыларды дайындау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 62
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M033 Бейнелеу өнері
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M021 Өнер
Пәндер
-
Монументалды композициядағы жаңаша көркемсуреттік бетбұрыстар
Бұл курс көркемдік стильдер мен бағыттар туралы білімді қалыптастырады, оның аясында монументалды кескіндемедің жаңа тенденциялары дамиды. Білім алушы ХХ ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы көркем тәжірибенің жаңа формаларын оқып, Қазақстандағы мурализм мен стрит-арт ерекшеліктерін түсінеді. Сондай-ақ, монументалды композициядағы авторлық көркемсуреттік тенденцияларды жіктей білуге, қажетті шеберлік әдістерін, композиция техникасын және іздеу ұстанымын игерудегі жүйелі жұмысты анықтауды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өнер және cтартап технологиялары
Курс өз стартаптарын іске асыру үшін өнердегі кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен модельдеуде теориялық білім мен практикалық дағдыларды, сондай-ақ осы қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты өнердегі стартаптарды әзірлеу мен басқарудың теориясы мен технологиясын игеру, бизнес-идеяларды құру және дамыту, инновациялық жобалардың шешімдерін іске асыру үшін қажетті ресурстарды бағалау әдістерін игеру болып табылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Курс басқару психологиясы мен ұйымдастырушылық психологияның аспектілерін ашады, басқарушылық қызметтің психологиялық құрылымының мазмұны туралы түсінік береді және маманның психологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді, сонымен қатар басқару шешімдерін қабылдау кезінде этикалық, әлеуметтік жауапкершілік пен салдарларды түсінетін жоғары білікті мамандарды даярлауда басқарушылық қызметтің психологиялық жағдайы мен ерекшеліктерін зерттеу мен талдаудағы ғылыми негізді қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пән бакалавриаттан кейінгі келесі білім беру сатысы болып табылады және кәсіби шет тілін меңгеруді мақсат етеді. Пән магистранттардың кәсіби шеттілдік дереккөздермен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру арқылы білім бағдарламасының өзге пәндерін меңгеруге ықпал етеді. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар шет тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, халықаралық кәсіби ортаға біріктіріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Арт-индустриядағы стратегиялық менеджмент
Курс өнер индустриясындағы стратегиялық позициялау мүмкіндіктерін жүйелейді. Магистранттар схемалар, диаграммалар, жол карталары және питчингті дайындау арқылы өз жобаларында стратегиялық жоспарлау құралдарын зерттейді және қолданады. Оқыту әдістеріне: ұсынылған жағдайларды талдау және синтездеу, олардың жобаларында тестілеу, пікірталас, топтық жұмыс жатады. Нәтижесінде олар өнер жобаларын жоспарлап, оларды саналы және кәсіби түрде басқарады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Монументалды мүсіндегі жаңаша көркемсуреттік бетбұрыстар
Магистрант тарихи тақырыптар мен оқиғаларды ашатын композициялық шешімі бар монументалды мүсіндерді жасауды үйренеді. Курсты аяқтаған соң магистрант заманауи монументалды мүсін жасаудың жаңаша техникасы технологиясын кәсіби деңгейде білу керек. Тарихи образдарды жасау барысында нәтижелерін қолдану үшін әлемдік монументалды өнер саласындағы заманауи бетбұрыстар мен инновациялық тәсілдерді ғылыми талдай алатын қабілеттігін иемденеді. Монументалды мүсіннің жаңаша көркемсуреттік тенденциялары негізінде авторлық оқыту әдістерін жасауды үйренеді. Монументалды мүсін өнеріндегі жаңаша көркемсуреттік тенденцияларды қалыптастырудағы мәдени үрдістердің рөлін талдай білу маңызды. Курсты аяқтаған соң магистрант заманауи монументалды мүсін жасаудың жаңаша техникасы технологиясын кәсіби деңгейде білу керек. Тарихи образдарды жасау барысында нәтижелерін қолдану үшін әлемдік монументалды өнер саласындағы заманауи бетбұрыстар мен инновациялық тәсілдерді ғылыми талдай алатын қабілеттігін иемденеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Менеджмент
Курстың мақсаты -магистранттарда шығармашылық индустриядағы арт-менеджменттің негізгі теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс барысында магистранттар кешенді әлеуметтік-мәдени басқару қызметі ретінде арт-менеджменттің ғылыми-теориялық негіздерін, сонымен қатар профиттік емес саладағы арт-менеджменттің ерекшеліктерін түсінеді. Курс өнерді басқару практикасын және басқа да әр түрлі басқару процесінің көп қырлы материалдары мен практикалық кейстерін ұсынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Өнердегі креативті ойлау
Пәнді оқудың мақсаты – білім алушыларға шығармашылық үшін кеңістік беру, шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндіктері үшін бағыт пен ережелер белгілеу. Курс барысында білім алушылар бизнес, ғылым, мәдениет, өнер, саясат сияқты барлық динамикалық өмірлік салаларда өздерінің стандарттан тыс ойлау дағдыларын жинақтайды және өзектендіреді. Курс барысында білім алушы креативті ойлауды әр түрлі білімнің бірігуінің энергетикалық өнімі ретінде анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Станоктік кескіндеменің авторлық жобасын жасау
Бұл курс эксперименттік-зерттеу жобасының шеңберінде станоктік кескіндеме туындысының авторлық жобасын әзірлеу бойынша қажетті білім мен кәсіби дағдылар кешенімен қамтамасыз етеді. Қазақстанның белгілі бейнелеу өнер шеберлерінің шығармашылығын зерделеу арқылы жеке дара көркемдік қабілеттерін, өзіндік образдық-символдық ойлауын дамытады. Станоктік шығармаларды жасау кезінде жаңа стильдер мен авторлық қолтаңба қолданылған әлемдік бейнелеу өнерінің заманауи тенденцияларына шолу және талдау жүргізіледі. Магистрант жоба тақырыбына байланысты авторлық жобалармен эксперименттер жасау арқылы станоктік кескіндеме жасайды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Креативті қызметтегі маркетингтік стратегиялар
Пәнді оқытудың мақсаты-білім алушыларда креативті маркетингтің заманауи тұжырымдамасының мәні мен маңыздылығы туралы түсінік, маркетингтік стратегияларды қалыптастыруда қажетті базалық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курс креативті салалардың заңдылықтары мен трендтері контекстінде жалпы қабылданған маркетинг жүйесін талдайды. Маркетингтің барлық шарттары-ұсынылатын өнімнің сапасы, оның бағасы, жарнама, маркетингтік төрттік арт-менеджмент заңдылықтарын ескере отырып түзетіледі, талданады және жүйеленеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жоба шеңберінде авторлық арт-модерн мүсін жасау
Туындыларды жасау кезінде жаңа пластикалық материалдар қолданылатын заманауи әлемдік мүсіндегі арт модерннің жаңа тенденцияларына шолу және талдау жасалады. Магистрант шығармашылық мүсіннің композициялық-пластикалық шешімін белгілеп талдауға үйренеді. Және де, ғылыми зерттеу тақырыбымен байланысты бірегей авторлық туындылардың жобаларын жасау кезінде эксперименттер арқылы арт-модерн стилінде заманауи мүсін жасауды үйренеді. Оның ішінде, Қазақстанның белгілі бейнелеу өнер шеберлерінің шығармашылығын зерделеу арқылы жеке көркемдік шеберлікті талдауды да үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өнер саласындағы жобаларды басқару
Курстың мақсаты білім алушыларда мәдениет және өнер саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқаруға қатысуға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру болып табылады. Курс жобаны құру ресурстарымен, ережелерімен, қағидаттарымен, өнер саласындағы жобаларға қатысу және басқару шарттарымен, жобалау қызметінің технологиясымен, әдістері және құралдарымен, өнер саласындағы жобаларды басқарудың практикалық дағдыларын игерумен таныстырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби шет тілін еркін меңгерген, кәсіби шетел тіліндегі дереккөздермен жұмыс істеу дағдыларына ие, халықаралық кәсіби ортаға интеграциялануға және шет тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға қабілетті
- Отандық пен шетелдік басқару психологиясының, менеджмент психологиясы мен ұйымдастыру психологиясының қазіргі аспектілерін салыстырады, сөйлеу техникасы мен көпшілік алдында дәріс оқуға, шешендік, пікірталас жүргізе алады, вербальды және вербальды емес коммуникация құралдарын қолдануды біледі
- Менеджмент әдістемесі бойынша алған білімдерін қолдана отырып, практикалық қызметті жүзеге асырады, мүсін саласындағы өзіндік жобаларды әзірлеу кезінде қолданыстағы тарихи түсініктерге сәйкес практикалық зерттеу дағдыларын қолданады, эксперименттік зерттеу жобаларын іске асыру үшін қажетті теориялық және практикалық материалдарды жинайды, өнердегі стартаптарды жасау және басқарудың теориялары мен технологияларын меңгереді, инновациялық жобалардың шешімдерін жүзеге асыруға қажетті ресурстарды бағалау әдістерін меңгере отырып, бизнес-идеяларды жасайды және дамытады
- Өнер саласындағы жобаларды басқарады, басқару технологиясы бойынша менеджмент тарихын біледі, шығармашылықтағы психологиялық маңызды мәселелер мен процестерді талдайды, арт-индустрияны басқарудың негізгі ережелерінен ауытқымай, жоба тұжырымдамасын дұрыс құру үшін менеджменттің зерттеу әдістемесін түсінеді, заманауи талаптарға жауап беретін өзіндік идеяларды қалыптастыру үшін қолданыстағы өнер жобаларын сыни тұрғыдан талдайды
- Білім беру мен басқару іс-әрекеті аясында өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру мақсатында креативтік ойлау әдістерін қолданады
- Мемлекеттік және жеке тапсырыстарды орындау кезінде мүсін өнері бойынша эксперименттік зерттеу жұмыстарын жүргізеді, авторлық туындылар жасаудың инновациялық технологияларын табады, көркем шығармашылық контекстіндегі өзекті мәселелерді талдайды
- Мүсіндік туындылардағы композициялық талдаудың құрылымын ажыратады, өзіндік қолтаңбасымен мүсін өнері бойынша қайталанбайтын авторлық туындыларын жасауға қабілетті, станоктік пен монументалды мүсін дамуының заманауи тенденциясын біледі