Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02323 Қолданбалы қазақ тіл білімі в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негіздерін меңгерген ғылыми қызметкер; қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың инновациялық әдістемесін игерген оқытушы; филологиялық қызметтің негізгі салаларындағы практикалық мәселелердің шешімін табу тәсілдері мен әдістерін игерген маман даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

  • Қазіргі қазақ тілінің өміршеңдігі

    Мақсаты: қазіргі тілдің өміршеңдігі үшін қажетті факторларды саралап, қaзaқ әдеби тілінің бүгінгі жағдайына ғылыми талдау жасай алатын маман қалыптастыру. Қазақ тілінің өміршеңдігі үшін қажетті факторлар; тілдің стильдік қолданыстары; қазіргі әлеуметтік сипаты; тілдің ментaльдық, интегрaциялық белгілерінің тоғысындaғы қaзaқ әдеби тілінің мәселелері мен жaңa пaрaдигмaлaры; бaсты құндылықтaр; қазақ диaспорaсы тілінің ерекшеліктері қаастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі екінші тіл ретінде: ортология

    Мақсаты: қазақ әдеби тілінің жазу нормаларын, сөз мәдениетін кодификациялайтын ортологиялық құралдарын меңгерген маман қалыптастыру. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда сөйлемдерді дұрыс құрастыру; емле ережелерін сақтау; әдеби тілдің әр жанрына сәйкес стильдік тілдік бірліктерді дұрыс қолдану; лексикалық, грамматикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгерту жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)

    Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі екінші тіл ретінде: синтаксистің күрделі мәселелері

    Мақсаты: қазақ тілін басқа тілдермен салғастыра отырып, синтаксистік жүйесі туралы түсінік қалыптастыруды; оның коммуникация үстіндегі жұмсалысын танытуды; меңгерту. Тілдердің типологиялық сипаттамасы;сөз тіркесі жүйесіндегі ерекшеліктер, тілді меңгертуде туындайтын проблемалар;сөйлем мүшелерінің позициялық ерекшеліктері;құрмалас сөйлемдер жүйесі, актуалды мүшелеудің тілді меңгертудегі орны;лингводидактика, озық оқыту технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салғастырмалы лингвокогнитология

    Мақсаты: туыстас емес тілдерді лингвокогнитология тұрғысынан саралайтын, бағалайтын маман қалыптастыру. Тілдің таным, адам, ой, сана, мәдениет, қоғаммен қатынасы; тіл білімі мен когнитивті лингвистиканың байланысы; таным теориясының негізгі қағидаларының қазақ тілі және шет тілдері негізінде салғастырылуы; концепт ұғымы, концепт және концептуалдық құрылым, тілдік тұлға, дүниенің тілдік бейнесінің салғастырмалы аспектісі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі мен түркі тілдерінің лингвомәдени және лингвоелтанымдық сабақтастығы

    Мақсаты: салыстырмалы аспектіде ұлттық сипаттағы әлеуметтік, танымдық, эстетикалық, этикалық, саяси, адамгершілік, рухани тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты туралы білім қалыптастыру. Бағыттың базалық ұғымдары, ұғымдық категориялары; салыстырылатын тілдер бойынша материалдық лексика ерекшеліктері;рухани лексика ерекшеліктері; реалий, лакуналар; прецендентті есімдер; топонимдер; мәдени ықпалдастық қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Салыстырмалы функционалды грамматика

    Мақсаты: қазақ тілін салыстырмалы аспектіде функционалды грамматика тұрғысынан саралайтын, талдайтын маман қалыптастыру. Тілді функционалды тұрғыдан зерттеуде басшылыққа алынатын ұстанымдар мен қағидаттар; анықтық/танықтық, темпоралдылық, меншік, кеңістік, апектуалдылық т.с.с. функционалды-семантикалық категориялар және сол өрістердегі тіл деңгейлерінің ықпалдасу ерекшеліктері мен ұқсастықтары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік бағыттағы қолданбалы аспектілері

    Мақсаты: қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік бағыттағы қолданбалы аспектілерін меңгерген маман дайындау. Функционалдық, мәтінге негізделген коммуникативтік әрекет түрлері; қазақ тілі сабақтарының заманауи талаптары; тіл бірліктерінің мәтін құраушы және көркем-мәнерлі функцияларын таныту негізінде құрылған жаңа білім мазмұны; грамматиканы функционалдық негізде оқытудың қолданбалы аспектілері; оқытудың жаңа ғылыми теориялары, концепциялары, әдіснамалық негіздері, өзекті мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі екінші тіл ретінде: прагмалингвистика

    Мақсаты: прагмалингвистиканың іргелі категориялары мен ұғымдарын, терминологиялық аппаратын бір жүйеге түсіру және осы пән бойынша ғылыми – теориялық негіздерін білім алушының өмірлік мақсаттарына сай пайдалануға үйрету. Адресант және адресат арақатынасы; түрлі тілдердегі сөйлеу актілерін салғастыру әдістері мен тәсілдері; қазақ тілін прагматикалық тұрғыдан меңгерту жолдары; қазақ тілінің ментальдық ерекшеліктерінің сөйлеудегі көрінісі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәтінді филологиялық талдау негіздері

    Мақсаты: мәтінді (көркем мәтінді) тілдік және мағыналық тұрғыдан талдаудың кәсіби дағдыларын меңгерген маман қалыптастыру.Мәтіннің құрылымдық бөлшектері, мәтін шекарасы, мәтін түзу, мәтіндік ойлау, мәтін статусы, мәтін субьектілері, интермәтін, дискурс, мәтіннің статикалық және динамикалық сипаты, мәтіннің тіл бірлігі және айтылым ретіндегі т.б. аспектілері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бұқаралық коммуникация мәтіндерінің лингвистикасы

    Мақсаты: БАҚ мәтіндерінің мазмұны арқылы субъектінің ақпараттық, білім беру, әлеуметтендіру, мүдделі өріске ықпалдасу қабілетін, қалыптастыру. БАҚ мәтіндері немесе медиамәтіндер; қазіргі қоғамдық сана және тілдік жағдаят; медиа кеңістіктегі қоғам санасының жаппай қалыптасуы мен дамуына бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді әсері; бұқаралық коммуникация түрлерінің лингвистикалық ерекшеліктері; БАҚ мәтіндеріндегі тілдік кеңістік қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Мәдениаралық қатысымның лингвомәдени негіздері

    Мақсаты: жаһандану жағдайында дискурсты ұйымдастыру тетігі мен тәсілдеріне кіретін мәдениетаралық қатысымның лингвистикалық негіздерін, қарым-қатынас қызметін талдайтын маман қалыптастыру. Тіл бірліктеріндегі мәдени семантика және тілдесу жағдайының күрделігіне қарай лингво-этно-мәдени құбылыстардағы тілдік фактілер, кросс-мәдени қатысым, интермәдени ықпалдастық қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Филологиядағы сандық технологиялар

    Мақсаты: білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгерген маман қалыптастыру. Интернет жүйесіндегі қазақ тілін оқытуға арналған түрлі ғылыми-танымдық ресурстар; инновациялық технологиялар; мультимедиялық ресурстар; білім беру жүйесін басқару механизмдерінің автоматтандырылған ғылыми-педагогикалық қорлары;коммуникациялық желілер; психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ақпараттық білім ортасы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің лингвистикалық корпусы

    Мақсаты: тіл корпусының теориясын зерттеу, құру әдістерін меңгерген маман қалыптастыру. Қолданбалы лингвистиканың зерттеу нысаны, ұғымдық категориялары; қазақ тіл біліміндегі корпустық лингвистиканың зерттелуі; қазақстандық лингвистикалық корпустардың классификациясы;корпус құрудың қағидаттары; тіл корпустары бойынша әлемдік тіл біліміндегі озық тәжірибелер; метабелгіленімдерді айқындау әдістемесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Ақпаратты жинау мен талдаудың сандық технологиялары

    Мақсаты: ақпаратты іздеу, алу және талдау, ақпаратты ұсыну және тарату дағдыларын меңгерген маман дайындау. Түрлі лингвистикалық бағыттарды талдау, салыстыру, сыни тұрғыдан бағалау жолдары; ақпараттық-анықтағыштық жүйе ретінде қазақ тілді деректер қорын, көптомды түсіндірме және көптілді терминологиялық сөздіктердің мәтіндерін базаға енгізу, өңдеу, тілдік деректерді іздеу әдістері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Спичрайтинг және копирайтинг: мәтін құрудың әдіснамасы мен прагматикасы

    Мақсаты: білім алушыларда копирайтер және спичрайтер дағдыларын қалыптастыру. Мәтіннің прагматикасы; мәтін құру машықтары; шаршы топ алдындағы мәтіндерді дайындаудың ерекшеліктері; шешен сөйлеу мәдениеті, аудиторияны зерттеу, қызықтыру тәсілдері; сапалы контент құру жолдары; заманауи копирайтингтегі сауаттылық мәселесі; креативтілікті дамыту амалдары; PR және жарнамалық мәтін құрудың прагматикасы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Интернет коммуникациядағы гибридтік мәтіндер

    Мақсаты: интернет коммуникациядағы гибридтік мәтіндердің түрлі тетіктерін талдай білетін маман қалыптастыру. Гибридті мәтіндерді зерттеу әдістері; мәтіндерді тілдік және тілдік емес компоненттермен араластыру мүмкіндігі; гибридті мәтіндерді әртүрлі аспектілерден жіктеу әдістері мен тәсілдері; гибридтік мәтіндегі ұғымдарды іздеудің әртүрлі стратегиялары; гибридтік мәтіндерді жазу, құрау жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Тіл және мәдениет: ұлттық құндылық негіздері

    Пәннің мақсаты: әлеуметтік лингвистикадағы тіл мен мәдениет байланысын, ұлттық құндылықтар негізін лингвофилософиялық, лингвоаксиологиялық, лингвомәдени бағытта зерделей білетін маман қалыптастыру. Әлеуметтік лингвистиканың негізгі теориялық мәселелері;тіл мен мәдениет байланысы; ұлттық құндылықтар; жаратылыс туралы таным; әл-Фараби зерттеулері;түркілердің, оғыздардың, қазақ халқының шығу тегі мен этнонимдер тарихы; түркі мәдениетінің әлем әдебиетіндегі орны қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым тарихы, философия, психология, педагогиканың теориялық-әдіснамалық қағидаттарын білім беру және кәсіби мақсатта қолдану.
  • Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде оқытудың жаңа ғылыми теорияларын, қағидаттарын, олардың методологиялық негіздерін талдап, инновациялық технологияларды тәжірибеде қолдану.
  • Синтаксистің күрделі мәселелері, ортология, прагмалингвистика бағыттары бойынша алған білімдерін өзге тілді аудиториядағы қазақ тілін оқыту тәжірибесінде қолдану.
  • Қазіргі қазақ тілінің өміршеңдігі үшін қажетті факторларды (бүгінгі даму үрдісін, диaспорa тілінің оң және теріс ықпалын, лингвоэкологиялық құбылыстарды, ұлттық құндылықтарды дәріптеу т.б.) талдау, бағалау.
  • Жаңа бағыттар бойынша қазақ тілі және түркі тілдерін салыстырмалы аспектіде зерттеу.
  • Кез келген сөйлеу жағдаятында тіл бірліктерін салыстырмалы аспектіде функционалды- семантикалық өріс бойынша дұрыс жұмсау.
  • Елтанушылық ақпарат негізінде мәдениет салаларында елін, ұлт мәдениетін, ұлттық құндылықтарды, тарихи орындарды таныстыру үшін эквивалентсіз ұғымдарға сәйкес баламаларын және осы бағытта мәдениетаралық қатысымның лингвистикалық негіздері туралы білімін қолдану.
  • Филологиялық білім беру саласында, ғылыми-зерттеу жұмыстарында компьютерлік технологияларды, статистикалық әдістерді, ақпарат пен білімнің әртүрлі көздерін кәсіби деңгейде тиімді пайдалану.
  • Мемлекеттік және шет тілдердегі ауызша, жазбаша қатысым түрлерінде лингвопрагматика, лингвоаксиология, лингвокогнитология бойынша меңгерген білімдерін тиімді пайдалану.
  • Аудиторияны зерттеу, қызықтыру тәсілдерін, шешен сөйлеу мәдениетін меңгеру және шаршысөз мәтіндерін аудиторияның ерекшелігіне сәйкес сапалы етіп құру.
  • Сапалы контент құру, сауатты, креативті заманауи копирайтингті дамыту, жарнама мәтіндерін құрастыру негіздері мен техникасын меңгеру арқылы PR және жарнама қызметін жетілдіру.
  • Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып корпустарды зерттеу жұмыстарын жүргізу, корпус құру.
  • Түрлі жанрлы және стильді мәтіндерді (көркем мәтін, медиа-мәтін, интернет-мәтін т.б.) әртүрлі лингвистикалық тұрғыдан талдау, құру, бағалау.
  • Білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес қазақ тілінің қолданбалы бағытына қатысты ғылыми жобаларға қатысу, магистрлік диссертация жазу, Scopus деректер базасындағы, БҒСБК ұсынған журналдарда мақалалар жариялау.
Top