Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01110 Кардиология (ересектер, балалар) в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Пәндер

  • Амбулаторлы-емханалық кардиология-1

    Пән ҚР ересек тұрғындарға амбулаториялық-емханалық кардиологиялық көмекті ұйымдастыру, есептілік құжаттамасын жүргізу, жүрек-қантамыр ауруларының қаупін азайту тактикасы, медициналық-әлеуметтік сараптамасы, оңалту, клиникалық сараптамасы бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Инвазивті емес кардиоваскулярлық визуализация-1

    Пән кардиологиядағы функционалды диагностиканың негізгі және спецификалық әдістерін, ЭКГ, жуктеу стресс-тесттері(велоэргометрия және тредмил тестілеу), қан қысымын 24 сағат мониторинги және Холтер ЭКГ, сондай-ақ ультрадыбыстық әдістерді (трансторакалдық эхокардиография, трансэзрфагеалдық эхокардиография, стресс эхокардиография, қан тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы) жүргізу туралы білім мен дағдыларды қалыптастырады. Нәтижелерді түсіндіру жәнехалықаралық ұсыныстарға сәйкес қорытынды жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 22
  • Стационардағы кардиология-1

    Пән артериялық гипертония, атеросклероз, ишемиялық ауру, жіті короанарлық синдром, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы, тахиаритмия және брадиаритмияның диагностикасы, дифференциялдық диагнозы, емдеуі мен профилактикасы және оңалтудың заманауи әдістерінің дағдыларын меңгертеді. Жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарды стационарлық кезеңде қарап тексеру. Диагностикалық, емдік, оңалту, профилактикалық қызмет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 38
  • Инвазивті емес кардиоваскулярлық визуализация-2

    Пән спецификалық ультрадыбыстық зерттеу әдістерінің нәтижелерін (стресс эхокардиография, 3D эхокардиография, трансэзофагиальды эхокардиография), транэзофальды электрофизиологиялық зерттеулердің нәтижелерін түсіну, рентетген-радиациялық диагностика әдістерін (миокардтың перфузиялық сцинтографиясы, радионуклидті зерттеу, вентрикулоангиография көрсеткіштерін түсіндіру, рәсімдеуді жүргізудің тәсілдері мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Қарқынды кардиология-1

    Пән жедел коронарлы синдромының, күрделі гипертониялық криз , жедел миокард инфарктісі,кардиогендік шок, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы, жүрек ұстамасы диагностикалау мен емдеудің жолдары мен дағдыларын қалыптастырады. Медициналық және электр кардиоверсиясы, дефибрилляция, жүрек-өкпе реанимациясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Амбулаторлы-емханалық кардиология-2

    Пән амбулаториялық кезеңде балалар мен ересектерде жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуын, тахиаритмия мен брадиаритмияны, синкопальды жағдайды, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін, туа біткен және жүре пайда болған жүрек пен қан тамырлары ақауларын диагностикалау, дифференциалды диагностикалау, емдеу, алдын алу және оңалту білімдері мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 22
  • Стационардағы кардиология-2

    Пән туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары, инфекциялық эндокардиттер, миокардиттер, перикард аурулары, кардиомиопатия, қанайналымның созылмалы жетіспеушілігі, жүрек ісігі, зат алмасу бұзылысы кезіндегі ересектер және балалардағы түрлі аурулар мен жүрек ауруларының зақымдануларының профилактикасын, салыстырмалы диагностикасы кезінде емдеу мен дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 28
  • Функционалдық диагностиканың өзекті мәселелері

    Пән әртүрлі аурулардың функционалдық диагностикасының заманауи әдістерін клиникалық кардиологияда мүше-кешенді қолдану бойынша терең білім мен дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стационардағы кардиология-3

    Пән стационар жағдайында пациенттерде жүрек-қантамыр аурулары және қауіп факторларының диагностикасы, дифференциялдық диагнозы, емдеуі, профилактикасы мен оңалтудың жолдары мен дағдыларын қалыптастырады Кардиохирургиялық операцияларға таңдау жүргізу - туа біткен және жүре пайда болған жүрек-қантамыр ауруларыдың, оперативтік емдеудің көрсеткіштерін аныктау , ЭКМО, жасанды сол жақ қарыншаның, жүрек трансплантациясы дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 14
  • Қарқынды кардиология-2

    Пән ересектер және балалар жасындағы гемодинамиканың ауыр бұзылыстары: өмірге қауіп төндіретін жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы , жіті сол жақ және он жақ қарыншалық жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, ересектер және балалардағы жүрек қызметінің тоқтау кезіндегі диагностика және қарқынды терапия жүргізудің білімі мен дағдысын қалыптастырады. Ересектер және баладардағы жүрек-өкпе реанимация ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 12
  • Клиникалық аритмология

    Пән жүрек қызметінің электрофизиологиясының заманауи негіздерін, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуының негізгі түрлерін дифференциалды диагностикалауды, жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеулердің көрсеткіштерін, интервенциялық аритмологиялық араласуларды жүргізу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Интервенциялық кардиология

    Пән ересектердегі жүрек-қантамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық интервенциялық әдістерін: коронароангиография, коронарлық артерияларды стенттеу, окклюдерлерді импланттау, қанайналымын қолдаудың механикалық қондырғыларын қолданудың білімі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 14
  • Кардиологиядағы ғылыми зерттеулер

    Пән кардиологиядағы клиникалық сұрақты тұжырымдау, дәлелді медицина деректер базасы, ақпаратты іздеуді ұйымдастыру, деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи әдістері және зерттеу нәтижелерін сыни талдау принциптері бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жетілдірілген интервенциялық кардиология

    Пән жүрек-қантамыр ауруларын емдеудің инвазивті диагностикалық әдістері мен инвазивті әдістері, жүректің ишемиялық ауруы кезінде диагностикалық және емдік процедураларды орындау әдістері (коронарлық артерияларды ангиопластика және стенттеу), магистральдық және шеткергі тамырлардың патологиясы, қазіргі заманғы Рентгендік эндоваскулярлы жүрек-қантамырларды емдеу аспектілері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жүрек электрофизиологиясы

    Пән жүрек өткізгіштігі кезінде жүрек электрофизиологиясының тәсілдерін, аспаптық және электрофизиологиялық диагностиканың әдістерін, жүректің программаланған өңеш арқылы жасалатын электрофизиологиялық зерттеулерін, радиожиілікті аблацияны, ЭКС, ИКД, СРТД имплантациясының тәсілдерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 20

Оқыту нәтижелері

  • Ағымдағы емдеу және диагностиканың клиникалық хаттамаларына сәйкес мультидисциплинарлық топты тарта отырып, ересектер мен балаларға кардиологиялық аурулар бойынша білікті және мамандандырылған көмек көрсету
  • Жас ерекшеліктерін ескере отырып, қалыпты және патологиялық жағдайларда адам жүрегінің құрылысы мен қызметі туралы білімді біріктіру негізінде кардиологиялық аурулардың клиникалық белгілерін, синдромдарын анықтау, бағалау, зерттеу нәтижелерін түсіндіру
  • Науқастарда (ересектер, балалар) жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Инфекцияны алдын алу және бақылау
  • Әлеуетті қауіптер мен пациентте бар коморбидтілікті есепке ала отырып дәлелді медицинаның қағидаларына негізделген қауіпсіз және тиімді емді таңдау.
  • Терапияның тиімділігін бағалау, сырқаттың нәтижесін және оның асқынуын болжау, профилактикалық іс-шаралар жүргізу.
  • Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттарын ресімдеу және жүргізу, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізу.
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру бөлігі шеңберінде әрекет ету.
  • Пациенттер, оның туғандары, әріптестермен тиімді өзара әрекеттесу.
  • Кәсіби командалар арасындағы құрамдағы әрекетті талдауға және келісуге, нәтижелерді әрі қарай жақсарту үшін өз нұсқаларын қорғау.
  • Зерттеу мәселелерін қалыптастыру, алынған ғылыми деректерді талдау, оларды жинақтау, қорытынды жасау және нәтижелерін өзінің клиникалық тәжірибесінде қолдану.
  • Халықаралық деректер базасын күнделікті қызметінде тиімді қолдану, конференциялар мен үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне қатысу дағдыларын көрсете алады.
  • Шұғыл кардиологиялық жағдайларда жедел диагностиканы жүргізе отырып, заманауи емдеу әдістерін қолдануға қабілетті.
Top