Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02121 Дәстүрлі музыка өнері (түрлері бойынша) в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстанның ұлттық мәдениет құндылықтарын сақтау және арттыру үшін жоғары көркемдік музыкалық-орындаушылық және педагогикалық шеберлігі бар дәстүрлі жеке концерттік орындаушыларды, халық музыкасы ансамбльдері мен оркестрлерінің мүшелерін, дәстүрлі музыка өнері саласындағы кәсіби музыкалық білім беру педагогтарын даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B101 Дәстүрлі музыка өнері
  • Дайындық бағыты 6B021 Өнер

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті қазақ/орыс және шет тілдерінің ойлау мәдениеті мен нормаларын, ғылыми ақпаратты жинау мен өңдеудің, ноталар жинаудың заманауи компьютерлік технологияларын меңгерген.
  • Музыкалық шығарманың жазылған және ұсынылған теориялық және тарихи контекст туралы білімі мен түсінігін, оның ішінде музыкалық стильдер мен соған байланысты орындаушылық ерекшеліктер туралы білімін көрсетеді.
  • Музыкалық театрдың, филармонияның, концерттік ұйымдардың шығармашылық-өндірістік процесінде дәстүрлі жеке әнші, концертмейстер, жеке/ ансамбль/оркестр орындаушы-аспапшысы (дәстүрлі аспаптардың түрлері бойынша) ретінде қатысуға, музыкалық шығармаларды концерттік нысанда жоғары көркемдік деңгейде орындауға дайын екендігін көрсетеді.
  • Өзін-өзі дайындауға, репертуарды сауатты таңдауға, репетициялық процесті ұйымдастыруға, дайындық бейіні бойынша және қосымша музыкалық аспапта түрлі жанрдағы, стильдегі шығармалардан жеке, ансамбльдік, оркестрлік концерттік бағдарламаны жоғары көркемдік деңгейде орындауға дайындығын көрсетеді.
  • Әр түрлі жанрдағы және стильдегі музыкалық шығармаларға тұтас және орындаушылық талдау жасау, дәстүрлі әндерді, күйлерді лайықтау, нотаға түсіру, транскрипциялау, гармониялық, полифониялық, текстуралық және басқа да музыкалық-мінерлік құралдар арқылы музыканың көркемдік мазмұнын ашудағы рөлін анықтау дағдыларын көрсетеді.
  • Музыкалық білім берудің, оның ішінде инклюзивті білім берудің бастауыш және орта білім беру деңгейінде арнайы пәндерді оқытуда пайдалану үшін психологиялық-педагогикалық білім, оқыту әдістемелері, практикалық дағдылар кешенін меңгергенін көрсетеді.
  • Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерін, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, экономиканың, менеджмент пен кәсіпкерліктің негіздерін, қаржылық сауаттылықты, дене тәрбиесін білуді, кәсіби және жеке даму үшін дербес ғылыми зерттеуді жүзеге асыру дағдыларын пайдаланады.
  • Есту қабілетінің дайындығын, сольфеджиолау, дирижерлау, парақтан оқу, импровизациялау, есту қабілеті бойынша орындау, әр түрлі аспаптар тобына арналған музыкалық шығармаларды транспозициялау, нота хаттау және аспаптау дағдыларын көрсетеді.
  • Режиссермен, дирижермен, концертмейстермен, серіктестермен және қойылым тобының басқа мүшелерімен жобаларда/концерттерде жұмыс істеуге дайын екендігін көрсетеді.
Top