Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02154 Дәстүрлі музыка өнері в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстанның мәдениет мекемелері мен білім беру ұйымдарын шығармашылық, ғылыми, педагогикалық және басқарушылық қызметті жүзеге асыруға және өмір бойы білім алуға қабілетті дәстүрлі музыкалық өнер саласындағы білікті кадрлармен қамтамасыз ететін дәстүрлі музыкалық аспаптардағы орындаушыларды және дәстүрлі әншілерді терең кәсіби даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M025 Дәстүрлі музыка өнері
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M021 Өнер
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Орындаушылық шеберлік 1
Қазақ халық әндерін хаттау негіздері (халық әні)
Дәстүрлі әншінің репертуар қоры (халық әні)
Шетел композиторларының шығармаларын халық аспаптарына лайықтау негіздері (домбыра, үш ішекті аспаптар, фольклорлық аспаптар)
Шетел тілі (кәсіби)
Басқару психологиясы
Педагогикалық репертуарды игеру (қобыз, баян)
Домбыра күйлері мен қазақ және шетел композиторларының шығармаларын лайықтау ерекшеліктері (кобыз, баян)
Орындаушы-аспапшының концерттік репертуары (домбыра, үш ішекті аспаптар, фольклорлық аспаптар)
Менеджмент
Өнер саласындағы жобаларды басқару
Қазіргі заман күйші-композиторлар шығармашылығы
Қазақ әдебиетіндегі күй өнері
Орындаушылық шеберлік 2
Музыка ғылымының өзекті мәселелері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Дәстүрлі аспаптық және вокалды-аспаптық музыканы жоғары кәсіби деңгейде орындау қабілетін көрсету, оның эстетикасын, көркемдік тұжырымдамасы мен стилін көрсетку.
- Басқару қызметінің психологиялық негіздерін, басқару жүйелерін талдау тәсілдерін білу, басқару қызметінің дағдыларын көрсету.
- Кәсіби мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасау және кәсіби тақырыптар бойынша ақпарат алмасу үшін шет тілін, мәтіндік деректерді, ресурстар мен тұжырымдамаларды меңгеру.
- Оқу аудиториялары мен концерт залдарында орындаушылық және концерттік қызметті, репетициялық жұмысты жүзеге асыру, жаңа оқу-педагогикалық және концерттік репертуарды өз бетінше игеру қабілетін көрсету.
- Дәстүрлі вокалдық және аспаптық музыканың үлгілерін, халық аспаптарында орындау үшін шетелдік композиторлардың шығармаларын нотаға түсіру және лайықтау дағдыларын көрсету.
- Музыка ғылымының өзекті мәселелерін түсінуді, жобаларды басқарудың заманауи әлемдік тәжірибесін пайдалана отырып, пәнаралық зерттеулер, сараптама және арт-жобаларды бағалау әдістерін меңгеруді көрсету.
- Алынған ақпаратты концерттік-орындаушылық қызметте қолдана отырып, дәстүрлі музыканың теориялық және тарихи контексттері, қазіргі күйшінің шығармашылығы, қазақ ауызша және жазбаша әдебиеті саласындағы білімдерін кеңейту қабілетін көрсету.
- Кәсіби қызметтің теориялық және практикалық мәселелерінде терең және жан-жақты білімді, магистрлік жобаны орындау үшін сахнаны, репертуарды, орындаушылық техниканы, тілдерді, формаларды, материалдарды, әдістемелерді, стильдерді және орындаушылық өнер әдістерін еркін меңгеруді көрсете білуге міндетті.