Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07112 Көлік, көлік техникасы және технологиялары в М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми ойлауы бар, кәсіби өсуге қабілетті, негізгі және кәсіби құзыреттіліктері, инженерия және көлік саласындағы басқарушылық құзыреттері бар бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M104 Көлік, көліктік техника және технология
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Академиялық жазылымның мәдениеті мен этикасы
Эргономика
Басқару психологиясы
Патенттану және зияткерлік меншік ерекшеліктері
Көлік техникасын дамуының болашағы
Менеджмент
Автомобиль көлігінде басқару шешімдері
Көлік техникасының пассивті қауіпсіздігін арттырудың қазіргі әдістері
Шет тілі (кәсіби)
Техника объектілерін құру мен игерудің әртүрлі кезеңдеріндегі патенттік зерттеулер
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеріп, өзінің кәсіби саласында ғылыми коммуникациямен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс ресімдей алады.
- Менеджменттің негізгі функциялары мәнін терең түсіне отырып, олардың өзара байланысын талдай алады және алған білімдерін әртүрлі ұйымдастырушылық контексттерде басқару мәселелерін шешу үшін қолдана алады. Инновациялық қызметті жоспарлау тәжірибесінде теориялық тәсілдерді, операциялық менеджменттің әдістері мен құралдарын қолдана алады. Инновациялық қызмет жоспарларын жүзеге асыру барысында стратегиялық талдау құралдарын меңгере алады; инновациялық қызмет стратегиясының тарауларын әзірлеп жүзеге асыра алады; өмірлік цикл (ӨЦ) бойы жедел басқаруды жүзеге асыра алады.
- Психологиялық заңдылықтарды терең түсінуге негізделген тиімді командалық өзара әрекет жасау, негізделген шешім қабылдау және дау жағдайларды сындарлы шешу қабілеттерін қамтитын интеграцияланған басқарушылық құзыреттіліктерін көрсете алады.
- Техника мен технологиялардағы заманауи жетістіктерге, автомобиль көлігі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, өзінің кәсіби саласында кәсіби, іскерлік және ақпараттық құжаттарды сауатты жазу үшін заманауи IT-технологияларды қолдана отырып, ақпараттық-талдамалық жұмыс жүргізеді.
- Техникалық құжаттамаға сараптаманы, жылжымалы құрамның, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйі мен пайдаланылуын қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады; күрделілігі жоғары технологиялық жабдықтардың сапасын регламенттейтін құжаттаманы әзірлейді.
- Көлік кешені саласындағы отандық және шетелдік тәжірибеге сәйкес жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігінің техникалық-экономикалық және экологиялық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау мен есептеулер жүргізеді.
- Ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады, инженерия, көлік техникасы және технологиясы саласында патенттік іздестіру және патенттік зерттеулер жүргізеді.