Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01510 Математика в Halyqtar dostyǵy
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын меңгерген, математика саласында теориялық және практикалық жүйеленген білімі, іскерліктері мен дағдылары бар, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті математик-педагогтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M010 Математика педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шет тілі (кәсіби)
Графтар теориясы
Жоғары мектептің педагогикасы
Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің қазіргі теориясы бойынша дәрістер
Лаплас түрлендіруі және оның қолданылуы
Мамандандырылған пәндерді оқыту әдістемесі
Вариациялау әдістері
Ғылым тарихы мен философиясы
Процестер мен құбылыстардың математикалық моделдері
Математиканы оқытудың дидактикалық әдістері
Математиканы оқыту процесінде жаңа білім беру технологиялары
Бейіндік мектептегі геометрияның таңдамалы тараулары
Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
Басқару психологиясы
-
2 Оқу жылы
Алгебра, геометрия және логиканың іргелі мәселелері
Операторлық коэффициентті дифференциалдық теңдеулер
Параллель есептеулер
Параметрлі теңдеулер және теңсіздіктерді шешудің әдістемелік ерекшеліктері
Айырымдық шеттік есептердің теориясы
Ықтималды есептерді шешудің арнайы тәсілі
Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің қосымша тараулары
Қазіргі математиканың өзекті мәселелері
Математиканы оқытудың теориясы мен практикасының мәселелері
Математиканы оқыту технологияларында жасанды интеллектті қолдану
Математиканы оқытудың инновациялық әдістері
Стандартты емес және математиканы тереңдете оқытудағы есептерді шешу
Шексіз аз шаманы талдау
Математикалық анализдің қосымша тараулары
Ғылыми зерттеудің әдістемесі мен әдістері
Дифференциалдық теңдеулерді шешудің торлық әдістері
Функционалды-дифференциалдық операторлар теориясы
Математика сабағында электронды оқулықтарды қолдану әдістері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми нәтижелерді жинақтау мақсатында көптілді ортада ғылыми коммуникацияны жүзеге асыру, шетелдік кәсіби терминологияны меңгеру, ғылыми әдебиеттерді, ғылыми-танымал мақалаларды, шет тіліндегі мәтіндер мен монографияларды талдау;
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастыру.
- Математиканың түрлі салаларында мәселелерді зерттеу, ғылыми ақпаратты таратудың қазіргі заманғы құралдарын пайдалану, өздерінің зерттеу нәтижелерін түсіндіру, өңдеу және таныстыруды талдау үшін ақпараттық технологияларды қолдану.
- Математикалық модельдерді дамыту және математикамен байланысты салалардағы проблемаларды шешу, эксперименттік зерттеулерді дербес жүзеге асыру, жасанды интеллект технологияларын пайдаланып оқу процесін жеңілдетіп, дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау, нәтижелерін қолдану.
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын жинақтау.
- Математикалық ойлауға қабілетті болу, математикалық білімнің жалпы құрылымын түсіну, әртүрлі математикалық пәндер арасындағы өзара байланыстарын білу.
- Математикалық әдістермен педагогика, психология, математика және математиканы оқыту әдістемелері бойынша алынған білімдерді пайдалана отырып, зерттеу мәселелерін шешу.
- Орта мектепте математиканы оқытудың математикалық, педагогикалық және психологиялық заңдылықтары және олардың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктерін, терең білімдерін қолдану.
- Математикадағы фактілер, теориялар мен ғылыми нәтижелерге сүйену, математикалық қолданбалы мәселелерді шешу, олардың жұмыс істеу тиімділігін талдай білу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты жүргізу үшін өздерінің көзқарасын қорғау, аналитикалық және логикалық ойлау қабілетін көрсету.
- Дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешуде өзінің ғылыми ойларын, шешімдерін және идеяларын әріптестеріне, ғылыми қауымдастыққа нақты және тиянақты түрде жеткізу.
- Математиканы оқытудың негізгі идеялары мен әдістерін және оларды айналадағы болып жатқан құбылыстармен байланыстыру туралы идеяларды әзірлеу, магистерлік диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазба және т.б. түрінде эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыстың нәтижелерін қорытындылау.
- Теориялық, ғылыми және практикалық математикалық есептерді шешу үшін мамандықтағы іргелі пәндер саласындағы мәселелердің ғылыми сипатын анықтау.
Ұқсас БББ
7M01510 Математика
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Halyqtar dostyǵy)
7M01510 Математика
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
7M01510 Математика
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
7M01510 Математика
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
7M01510 Математика
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті