Жаңа білім беру бағдарламасы

7M07111 Электроника және басқару жүйелері в Қазақстан-Британ техникалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Электроника және басқару жүйелері саласында ғылыми-педагогикалық және инженерлік кадрларды даярлау, оларды автоматтандырылған және интеллектуалды жүйелерге заманауи технологияларды әзірлеуге, оңтайландыруға және енгізуге қабілетті ету. Бағдарлама өнеркәсіптік автоматтандыру мен жоғары технологиялық салаларды дамыту үшін цифрлық шешімдерді жобалау, талдау және интеграциялау бойынша құзыреттерді қалыптастырады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M100 Автоматтандыру және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әр түрлі сипаттамалары бар цифрлық құрылғылардың тапсырмаларын шешу әдістерін анықтау, сенсорлардың жұмысын талдау және оларды өнеркәсіптік автоматтандыруға арналған кіріктірілген шешімдер мен автоматтандырылған басқару жүйелерінің құрамында түсіндіру.
  • Электроника және басқару жүйелері саласында шет тілін жоғары деңгейде меңгеру, кәсіби қызметте педагогика, ғылым философиясы және басқару психологиясы саласындағы білімдерді қолдану
  • Интегралдық схемаларды жобалау үшін инженерлік параметрлерді есептеу, модельдеу үшін жасанды интеллектті қолдану, сызықтық және сызықты емес бейімделгіш басқару жүйелерінің математикалық модельдерін әзірлеу.
  • Электроникадағы заманауи үрдістерді талдау, автоматтандырылған басқару жүйелеріне сандық деректерді беру жүйелерін қолдану.
  • Жобалау-конструкторлық құжаттаманы әзірлеу, оқу-әдістемелік кешендерді жасау, электрондық құрылғылар мен аспаптарды жобалау.
  • Ғылыми-техникалық зерттеулерді талдау, орта және ірі өнеркәсіптік нысандардағы электроника және басқару жүйелері құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін зерттеу.
  • Кешенді міндеттерді шешу, әртүрлі ауқымдағы кәсіпорындар үшін заттар интернеті, автоматтандыру және басқару технологияларын интеграциялау.
  • Автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау үшін математикалық модельдерді (сызықтық, сызықты емес, оңтайландыру) әзірлеу.
  • Аналогтық және цифрлық схемотехникалық құрылғылардың жұмыс принциптері бойынша құзыреттілікті көрсету, олардың параметрлері мен сипаттамаларын бағалау.
  • Деректерді өңдеу және іздеу математикалық модельдерін қолдану, өнеркәсіптік нысандарды автоматтандыруға арналған бағдарламалық кешендерді пайдалану, электроника және басқару жүйелері саласындағы ғылыми-техникалық әдебиеттерді талдау.
Top