7M01724 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби және ғылыми дайындығы бар, тіл білімі мен әдебиеттанудағы жаңа ғылыми ақпараттарды жинау, өңдеу және сақтау әдістерін, жаңартылған білім беру мазұнына сай тіл мен әдебиетті оқытудың жаңа технологияларын меңгерген, білім беру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясатын іске асыруға қабілетті, сұранысқа ие мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Лингвомәдениеттану
Пәннің мақсаты – магистранттарға тіл білімінің жаңа саласы лингвомәдениеттанудың өзіндік ғылыми аппаратын, ұғым-түсініктерін, зерттейтін негізгі мәселелерін үйрету. Магистранттар тіл мен мәдениет сияқты екі түрлі мәселенің өзара әсер етуінен пайда болған тілдік белгілердің мәдени семантикасын біледі, түсіндіре алады. Ұлттық болмыстың тілдегі көрінісіне, тіл фактілерінің халықтың танымдық, этикалық, эстетикалық категорияларына қатысын салыстыра талдайды. Лингвомәдениеттану бойынша алған білімдерін жинақтайды және өз ой-пікірлерін аргументтік фактілермен дәлелдей алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты - магистранттарға ғылымның алғашқы негіздерін, қазіргі күнгі ғылымның даму бағдарын тануға ықпал жасау, әлемдік ғылым тарихынан мағлұмат беру. Ғылым ерекшелігін, құрылымын, тәсілдерін түсіндіру қарастырылады. Ғылым этикасын сақтауға ұстаным жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мифопоэтика
Пәннің мақсаты - әдебиеттегі мифологизм мәселесі, мифопоэтикалық құрылым, оның көркемдік-идеялық қызметі, ұлттық поэзиядағы мифопоэтика, оның өзіндік қырлары туралы түсініктер беру. Тақырыптары: Мифтің поэтикадағы қызметін қазіргі қазақ поэзиясы арқауында қарастыру, дүниежүзілік әдеби процессті, әдебиеттегі көркемдік әдіс-тәсілдерді айқындау, мифтік дүниетаным аясындағы құбылыстар мен бейнелердің поэзиялық мәтіндердегі көрінісін сараптап зерделеу мәселелері қарастырылады т.б.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фольклортану мәселелері
Пәннің мақсаты – әдебиеттегі фольклортану мәселесі, оның көркемдік-идеялық қызметі, өзіндік қырлары туралы түсініктер беру. Тақырыптары: Шығыс және және қазақ фольклоры байланысы, фольклордың типологиясы, Фольклор және фольклористика ғылымының мәні, фольклор және эстетика, фольклористиканың басқа да ғылымдар саласымен байланысы мәселелері қарастырылады т.б..
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пәннің мақсаты - магистранттарға педагогикалық қызмет үшін қажетті заманауи талдаудың маңызды бағыттарының бірі ретінде педагогикалық ғылым туралы білім мен идеялар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәннің мазмұнында жоғары мектеп педагогикасының мәні мен рөлі туралы түсінік беретін педагогикалық теорияның ғылыми-теориялық негіздері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты - басқарушылық іс-әрекеттің ғылыми-психологиялық негіздері туралы теориялар талданады. Ұжымды басқарудың психологиясының мазмұны, құрылымы және механизмдері туралы білім береді. Басқару процесінің тиімділігінің психологиялық факторлары сипатталады, басқарудағы психологиялық, әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, мінез-құлық пен қарым-қатынас психологиясы туралы ақпараттар талданады; басқару процесін жетілдіру туралы идеяларды жеткізудің практикалық мәні мазмұндалады, басқару әрекетінің тиімді жолдарын кәсіби деңгейде пайдалануды үйретеді. Басқарудың әлемдік модельдері туралы білім береді, ұжымның әлеуметтік-психологиялық хал-ахуалын жақсарту әдістерінің мәні сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты: магистранттарды шет тілінде мамандық бойынша жүйелі білім алуға, шетел тілін меңгерту арқылы кәсіби біліктілігін кеңейту және арттыру. Міндеттері: магистранттарды әңгімеге қатысуға, кәсіби қызығушылық аясында белгілі тақырыптар бойынша ақпарат алмасуға үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тіл теориясы
Пән мақсаты– тілдің анықтамасы, тіл білімінің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланысын айқындау, тілдің шығуы мен дамуы, тіл мен ойлау, тілдің құрылымдық жүйелілік сипаты, тілдің қызметтері, тілдің жіктелуі, жазудың шығуы мен дамуы, тілдің генеологиялық және типологиялық классификациялары, тілдің шығу теориялары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психолингвистика
Пәннің мақсаты – білім алушыларға психолингвистиканың сөйлеу үрдістерін, оның мазмұнын, коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысын, тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастыратын психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы ретінде меңгерту. Негізгі тақырыптар: Психолингвистиканың ғылыми пән ретінде сипаты. Психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі Сыртқы лингвистика салаларымен байланысы. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері. Адамның сөйлеу қызметі, оның зерттелуі. Сөйлеудің тууы және оны түсіндіру. Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісі. Психолингвистика пәнінен білім алу барысында студенттер мынадай құзіреттіліктерді меңгереді: психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі, сыртқы лингвистика салаларымен байланысы, психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі т.б.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиеттің ұлттық сипаты
Пәннің мақсаты – әдебиеттегі ұлттық ерекшелік, ұлттық дәстүр, ұлттық мінез мәселелерін ұлттық сипат аясында қарап, әдебиет теориясы, әдебиеттер байланысы тұрғысынан әр алуан ғылыми көзқарастарды салыстыра қарастыру, осы бағыттағы зерттеулерге, ғалыми көзқарастарға шолулар жасау. Көркемөнердегі ұлттық сипат, қазақ әдебиетіндегі ұлттық сипат, ұлттық дәстүр мен ұлттық ерекшелікті салғастыра қарастырады. Ғалымдардың көзқарастары мен еңбектері талданады. Магистранттар әдебиеттанудың даму кезеңдерін, ондағы өзгеріс, жаңалықтарды әдеби даму тұрғысынан меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көркем әдебиеттегі психологизм
Пәннің мақсаты – көркем әдебиеттегі психологизм ұғымы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырып, оның көркем образ жасаудағы маңызын, стиль түзушілік, пішіндік қызметімен таныстыру. Магистранттар көркем шығармадағы психологизм, жазушы шеберлігі, психологиялық талдау мәселелерін біледі, түсіндіре алады. Кейіпкер психологиясын ашудың әдістері мен тәсілдерін, кейіпкер жасаудағы диалогтың, монологтың, ішкі монологтың атқаратын қызметтерін талдай алады. Пән бойынша алған білімін пайдаланып, өз көзқарастарын аргументтер келтіріп дәлелдей алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тілдегі ұлттық менталитет
Пәннің мақсаты - қазақтың ұлттық менталитеті жайлы түрлі көзқарастарға, олардың қалыптасуының себептеріне, әсер етуші факторларына, маңызына, рөліне түсінік береді. Тілдегі ұлттық менталитет және ұлттық мәдениет пәні әр халықтың тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық, ұлттық, табиғи даму ерекшеліктерінің негізінде қалыптасқан тұрмысы, сана-сезімі, мінез құлқы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, өмірлік тәжірибесі туралы магистранттың білімін қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әлеуметтік лингвистиканы оқытудағы жасанды интеллект
Пәннің мақсаты – магистранттарға әлеуметтік лингвистиканы оқытуда жасанды интеллектіні қолданудың негізгі теорияларын, әдістерін және практикалық аспектілерін үйрету. Магистранттар әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысанын, проблемаларын, ғылым ретіндегі мәртебесін, зерттеу бағыттарын, тілдің қоғамдық қызметін, әлеуметтік саралануын, тілдік қауымдастық, код ауыстыру, тілдік ахуал, тілдік жоспарлау, тіл саясаты т.б. Әлеуметтік лингвистиканың негізгі ұғымдарын жасанды интеллект технологияларымен байланыстыра зерттейді. Сонымен қатар деректерді өңдеу, тілдік модельдеу және талдау құралдары арқылы әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер жүргізуді меңгереді. Жасанды интеллект көмегімен әлеуметтік лингвистикалық мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты – магистранттарды ғылыми жұмыстың құрылымы мен мазмұнын, ғылымдағы, оның ішінде тіл білімі мен әдебиеттанудағы зерттеудің заманауи әдіс-тәсілдерін таныстыру, оларды өздерінің зерттеу жұмыстарында қолдана алуына баулу. Магистранттар әдіснама, әдіс, тәсіл терминдерінің мағыналарын біледі. Олардың айырмашылықтарын, зерттеу әдістерінің түрлерін, анықтамаларын біледі, түсіндіреді. Зерттеудің теориялық және эмперикалық әдістерін үйренеді, оларды салыстырып талдайды. Зерттеу тақырыптары бойынша зерттеудің әдістері мен тәсілдерін таңдай алады, қолданады. Пән бойынша алған білімдерінің негізінде өз көзқарастарын қалыптастырады, оны дәлелдеп қорғай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық ұстанымдары
Пәннің мақсаты – магистранттарды жаңартылған білім беру мазұнына сәйкес тіл мен әдебиетті оқытудағы жаңа ұстанымдарымен таныстыру. Магистранттар оқытудың әдіснамалық негіздері мен тұғырларын біледі, түсіндіреді. Тіл мен әдебиетті оқытудағы дидактикалық ұстанымдарды, жаңартылған білім мазмұнының үдерістері мен жаңалықтарын, оқытушы құзыреттілігін талдап, қорытады. Оқытудың жаңашыл бағыттарын үйренеді, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларына қажетті дағдыларды игереді. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған білім беру бағдарламаларын жасайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ лингвистикасының ғылыми парадигмалары
Пән мақсаты – білім алушыларға қазіргі қазақ лингвистикасының ғылыми парадигмаларынан терең филологиялық білім беру. Тақырыптары: лингвистикадағы «парадигма» ұғымы, тілдегі парадигмалық қатынастар, тіл – ғылыми таным негізі екендігі, ішкі және сыртқы лингвистика нысандары, тіл біліміндегі «тіл-сөз» мәселесі, қазіргі лингвистикадағы жүйе мен құрылым, құрылымдық, жұмсалымдық лингвистика мәселелері, сөйлеу әрекетінің теориясы, лингвопрагматикадағы ағымдар т.б.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өлең теориясы
Пәннің мақсаты – өлең теориясына қатысты әдеби терминдер мен негізгі ұғымдар, категориялар туралы түсінік беру. Магистранттар әдеби тектер мен жанрды, жанр және жанртануды, лириканың жанрлық сипатын біледі, түсіндіре алады: Өлең өлшемін, тақырып пен ақындық шеберлікті, идеяны салыстыра талдайды. Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер, лирика туралы зерттеушілердің пікірлері мен көзқарастарын қорытып жинақтайды, аргументтер келтіріп өз көзқарастарын дәлелдей алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиясы
Пәннің мақсаты – жоғары оқу орнында әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері, әдебиет сабағын ұйымдастырудың принциптері, ерекшелігі туралы түсіндіру. Магистранттар жоғары мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жаңа технологияларды меңгереді, салыстыра талдайды, оны қазақ әдебиетін оқытуда қолдана алады. Қазақ әдебиетін оқыту бойынша әдіскер ғалымдардың зерттеулері мен негізгі тұжырымдарын, жаңашыл оқытушылардың оқыту әдістерін салыстырады, қорытады. Жаңартылған білім мазмұнын, критериалды бағалау, педагогикалық ізденіс және шығармашылық т.б туралы өз білімдерін жинақтайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Антропоөзектік парадигма
Пәннің мақсаты – адамның әлемді түсінуі, қабылдау үдерісі, білімді жинақтау, саралау туралы ақпарат береді. Магистранттарға антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің өзектілігін, маңызын танып біліуге бағыт-бағдар және жүйелі ғылыми-теориялық білім беріледі. Курстың теориялық бөлімінде танымдық ғылымның негізгі ұғымдары қарастырылып, тіл біліміндегі тіл - ойлау - әлем (ғалам) үш жақты кешенді зерттеулер туралы теориялық және тәжiрибелiк тұрғыда бiлiм беру көзделеді. Білім алушылар курс бойынша тілдік сана, аралық білім, ғаламның тілдік бейнесі, тілдік тұлға, когнитивті құрылымдар, тілдік модельдер жүйесін, концепт түрлерін зерделеп, көркем мәтіндегі концептілік жүйенің берілуі жолдарын талдап, білімді өмірмен сабақтастықта меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Когнитивтік лингвистика
Пәннің мақсаты - аудармашылық дағдылар мен кәсіби іс-әрекеттерді одан әрі дамыту үшін аударманың когнитивтік-коммуникативтік тұжырымдамасымен таныстыруға, сондай-ақ өз бетінше зерттеу және практикалық жұмыстар жүргізуге бағытталған, мысалы: әр түрлі белгілер жүйесін қолданатын адамдар арасында әлеуметтік детерминацияланған коммуникативті медиацияны жүзеге асыру. ; объективті факторларды ескере отырып, бастапқы мәтіннің мағыналар жүйесін ТЖ арқылы барынша толық беру мақсатында бір семиотикалық жүйеден екіншісіне өтуді жүзеге асыру аударма, мәтін түрі) және субъективті (аудармашының кәсібилігі мен идиолектісі).
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем мәтін поэтикасы
Пәннің мақсаты – білім алушыларды көркем шығарма поэтикасының және мәтінтанудың жетекші қағидаларымен таныстыру. Магистранттар көркем мәтін поэтикасы және әдеби сын мәселелерін біледі, түсіндіре алады. Мәтін поэтикасының негізгі мәселелері: мәтін және шындық, мәтін және автор, оқырман және мәтін т.б. туралы алған білімдерін қорытады, оларды мәтін талдауда қолданады. Көркем мәтіннің ерекшеліктерін салыстыра талдай алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жанр теориясы
Пәннің мақсаты - жанр теориясына қатысты әдеби терминдер мен негізгі ұғымдар, категориялар туралы түсінік беру. Магистранттар әдеби тектер мен жанрды, жанртану мәселелерін, лириканың жанрлық сипатын біледі, түсіндіре алады. Өлең құрылысын, тақырыбы мен идеясын және ақындық шеберлікті салыстыра талдай алады. Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістерді, лирика туралы зерттеушілердің пікірлері мен көзқарастарын қорытып жинақтайды, аргументтер келтіріп өз көзқарастарын дәлелдей алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте интербелсенді оқытудың жаңа технологиялары
Пәннің мақсаты – жоғары мектеп жүйесінде кредиттік оқу жағдайында интербелсенді (интерактивті) әдістер мен тәсілдерді оқу процесінде тиімді қолдануды меңгерту. Тақырыптары: оқу мен оқытудың философиялық және әдіснамалық негіздемесі, білім жүйесі туралы ұстанымдар, білімге деген жаңа көзқарастар мен түсініктер, оқудың/оқытудың негізгі мәселелері, «білім» түсінігінің негізгі проблемалары мен стереотиптері, білім түрлері: репродуктивтік және конструктивтік оқудың айырмашылықтары; интербелсенді әдістеменің теориялық және әдіснамалық негіздемесі, интербелсенді оқу/оқытудың ерекшеліктері мен қағидалары, педагогикалық қарым-қатынас стильдері, оқуды жүзеге асырудың негізгі шарттары мен ережелері, интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесі, Блум таксономиясының танымдық деңгейлері, жоғары оқу орындарында бағалау мәселесі: оқу сапасы және студенттердің білімін бағалау тәсілдері, интербелсенді сабақтың құрылымы, интербелсенді әдістердің түрлері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері
Пәннің мақсаты – білім алушыларға жоғары мектепте білім беру мен оқытудың ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік негіздерін меңгерту. Тақырыптары: жоғары мектепте білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы; жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі; дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқу мен оқыту, сабақ беру, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, оқытудың міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі; жалпы және жеке дидактика мәселелері, оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері, оқытудың білім беру функциясы және білімді толық игерудің негізгі талаптары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы
Пәннің мақсаты – болашақ мамандарға жоғары оқу орынында қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздерінен, оқытудың тиімді жолдарынан, жаңа технологияларынан терең әдістемелік білім беру. Магистранттар тіл меңгертудің теориялық және практикалық мәселелерін біледі және оны түсіндіре алады. Қазақ тілін жоғары оқу орнында оқыту бойынша әдіскер-ғалымдардың еңбектері мен негізгі тұжырымдарын өз тәжірибелерінде қолданады, жаңашыл оқытушылардың оқыту әдістерін зерттейді, салыстырады, қорытады. Жаңартылған білім мазмұны, критериалды бағалау бойынша және жоғары мектепте қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік талаптары бойынша алған білімдерін жинақтайды. Игерген біліміне сүйене отырып, өз көзқарастары мен пікірлерін дәлелдей алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем мәтін және әдеби шығармашылық
Пәннің мақсаты - көркем мәтін мен әдеби шығармашылықтың жетекші қағидаларымен таныстыру. Сонымен қатар «Көркем мәтін және әдеби шығармашылық» пәні білім алушыларға қазіргі көркем әдебиеттің дамуындағы әдеби шығармашылықтың сыры мен сипаты, өзіндік табиғатын, мәнін танытады. Көркем мәтіндегі әдеби шығармашылық өнер туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік мәтінтану тұғырнамалары мен әдеби шығармашылық, көркем мәтіннің шығармашылық тарихының құрамы мен құрылымы, әдеби тәжірибелер және ұлттық әдебиеттанудағы көркем таным және шығармашылық сана көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылым тарихы мен философиясының, кәсіби шетел тілі, жоғары мектеп педагогикасы мен басқару психологиясының теориялық және практикалық мәселелерін анықтайды және сипаттайды. Аталған пәндер бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолданады.
- ЖИ-ді әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерде қолданады, этикалық және әлеуметтік мәселелерді сыни тұрғыдан бағалайды, тілдік дискриминация мәселелерін ЖИ арқылы талдайды, тіл саясаты мен жоспарлауда ЖИ-ді қолдану мүмкіндіктерін зерттейді.
- Әдебиеттанудың өзекті мәселелері, жаңа бағыттары, көркем әдебиеттегі психологизм, жанр теориясы, көркем мәтін поэтикасы мәселелерін, жазушы шеберлігі, психологиялық талдау, кейіпкер психологиясын ашудың әдістері мен тәсілдері, көркем шығарма поэтикасының және мәтінтанудың жетекші қағидаларын анықтайды, сипаттайды. Көркем мәтін поэтикасын әдеби сын дискурс тұрғысынан қарастырып, мәтін мен болмыс, мәтін және автор, оқырман және мәтін арасындағы байланыстарды қолданады.
- Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихы мен даму кезеңдерін оқып меңгереді, қазіргі заман тіл біліміндегі антропоөзектік бағытының когнитивтік және әлеуметтік лингвистикалық мәселелерімен танысады. Алған білімдерін өз ізденістерінде пайдаланады
- Ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін, зерттеу тақырыбының негізгі проблемаларын анықтайды, өндірістегі инновациялық технологияларды қолданады. Ғылыми зерттеу жұмысы барысында диссертация тақырыбының өзектілігін, мақсат-міндетін анықтайды, жоспарын құрады, ғылыми әдебиеттермен, дереккөздермен жұмыс жасайды, диссертация жазу кезінде қолдана алады.
- Білім бағдарламасындағы пәндер бойынша игерген теориялық, практикалық білімдері, жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі магистрлік диссертация қорғау кезінде мазмұндалады.