8D01721 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ББ мақсаты – Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне өтуін қамтамасыз ететін, үздіксіз және сабақтастықта білім берудің деңгейлік ұлттық моделін жасайтын, қазақ тілі мен әдебиетін ғылыми-зерттеушілік тұрғыда дамытуға бағытталған, бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты – докторанттарға кәсіптік біліктілігін арттыру, оларды лингвистикадағы әдіс-тәсілдермен, тіл туралы қазіргі ғылым әдістемелігімен, оның қалыптасуы мен дамуы сияқты мәселелермен таныстыру. Негізгі тақырыптар: Тіл білімі: зерттеу нысаны, салалары, бағыттары, Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері, Ішкі және сыртқы лингвистиканың әдіс-тәсілдері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық хат
Пәннің мақсаты – білім алушылардың талдамалық мәтіндік қызметке байланысты құзыреттерін қалыптастыру; қарым-қатынастың мақсаттары мен шарттарына қатысты ойлай алу, тілдің экспрессивті қажетті бірліктерін талдай білуге байланысты лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: академиялық жазылым және оның ерекшелігі, академиялық жазылым және ғылыми стиль, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, плагиаттық және одан сақтану жолдары, зерттеу әдісі, гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазу, параграф және оның құрылымы, негізгі бөлімдерді жазу, қорытынды бөлімді жазу, түйіндеме және оны жазудың жолдары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жанртану мәселелері
Пәннің мақсаты – әдеби жанрлардың қалыпасуы, даму заңдылықтары, түрлері мен ерекшеліктерін ғылыми негізде зерттеу және олардың әдебиеттегі орнын айқындау. Негізгі тақырыптар: әдеби жанрлардың теориялық негіздері; эпос, лирика, драма жанрларының ерекшеліктері; жанрлардың тарихи даму үдерісі, әдеби жанрлар арасындағы өзара ықпалдастық пен өзгерістер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
Пәннің мақсаты - ғылым дамуындағы жаңа ізденістер және жаңалықтармен салыстыра отырып, әдебиетттанудың жаңа салалары жөнінде кешенді білім беру. Негізгі тақырыптар: қазіргі әдебиеттанудың жаңа бағыттары, әлемдік әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістер, қазақ прозасындағы жанр жаңалығы, қазақ поэзиясындағы жанр жаңалығы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
Пәннің мақсаты – әдебиеттану ғылымының қазіргі таңдағы маңызды бағыттарын, теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, әдеби шығармаларды талдау әдістерін меңгерту, сондай-ақ әдеби процестің заманауи үрдістерін сараптау. Негізгі тақырыптар: әдебиеттану ғылымының негізгі ұғымдары, қазіргі әдебиеттанудың басты бағыттары мен әдістемелері, әдеби сын және көркемдік талдау әдістері, қазақ және әлем әдебиетіндегі жаңа үрдістерді қарастыру, т.б.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ЖИ және тілді оқытудың теориясы мен практикасы
Пәннің мақсаты – докторанттарға жасанды интеллект технологияларын тілді оқытуда қолданудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерту. Докторанттар жасанды интеллект құралдарының тілді оқытуда қолдану шекараларын, тілдік білім беруде жасанды интеллектің рөлін түсінеді, тілді оқытудағы ЖИ платформаларын, тілді оқытудағы заманауи әдістерін, инновацияларын қолдануды біледі, ЖИ арқылы тілді оқытудың негізгі әдістері мен модельдерін зерттейді. Тілдік модельдер негізінде тілді оқытудың жаңа тәсілдерін талдайды. Тілді оқытуда қолданылатын интеллектуалды жүйелердің тиімділігін бағалап, өздігінен ғылыми зерттеу жүргізуге дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің даму үдерісі және әдеби сын
Пәннің мақсаты – қазіргі әдеби үдерістегі сын жанры, оның негізгі бағыттары мен ұстанымдары, әдебиет сыншылары, олардың шығармашылық жолдары туралы зерттеушілік бағыт қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: қазіргі әдеби үдерістің дамуы, әдеби ағымдар мен бағыттар, дәстүр және жаңашылдық, қазіргі әдеби үдерістегі жаңалықтар, қазақ поэзиясы және әдеби үдеріс, қазақ прозасы және әдеби үдеріс, әдеби сын, әдеби сынның қалыптасуы мен дамуы, қазіргі әдеби сынның негізгі бағыттары, әдеби сын және ойлау, әдебиет сыншыларының шығармашылығы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Білім алушылар қазақ әдебиетіндегі ұлттық сипат мәселесін біледі, түсінеді, қазақ әдебиетінің даму үдерісінің қазіргі жай-күйін зерттеуде қолданады. әдебиеттанудың жаңа бағыттары бойынша теориялық білімді игере отырып, олардың ғылыми негіздерін түсініп талдайды. Алған білімдерін жинақтап, бағалай алады.
- ЖИ көмегімен тілді оқытудың әдіснамалық аспектілерін меңгереді, ЖИ құралдарын тілді оқытуда қолданады, ЖИ-дің тілдік процестерге әсерін сыни тұрғыдан талдайды, тілді оқытудың теориялық және практикалық мәселелерін ЖИ негізінде зерттейді.
- Әдебиеттанудың негізгі бағыттары мен әдістерін біледі, әдеби шығарманы зерттеудің әдіснамалық негіздерін меңгереді, әдеби туындыларды түрлі теориялық концепциялар тұрғысынан талдайды, заманауи әдеби үрдістерді зерттейді. Жанрлардың тарихи дамуын, олардың өзара байланысын біледі, әдеби жанрлар теориясын түсінеді, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін (стильдік, мазмұндық, құрылымдық) салыстырады, әдеби жанрлар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
- Білім алушылар ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін біледі, түсінеді. Зерттеу тақырыбының негізгі проблемаларын қарастыруда қолданады, талдайды. Өндірістегі инновациялық технологияларды зерттей келіп, ғылыми зерттеу жұмысы барысында жинақтап, бағалай алады.
- Білім алушылар лингвистикадағы/әдебиеттанудағы зерттеу әдістерін игеріп түсінеді, оларды зерттеу жұмыстарында және тәжірибеде қолданады, бағалай алады.
- Қорытынды аттестаттау барысында қазақ әдебиетінің даму үдерісі, әдебиеттанудың жаңа бағыттары, ЖИ және тілді оқытудың теориясы мен практикасы, академиялық хат, ғылыми зерттеу әдістері пәндері бойынша алған теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қолданады, өз көзқарасын білдіреді және дәлелдей алады.