Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01502 Математика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Академиялық хат

    Пән аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы академиялық адалдық қағидалары шеңберінде ғылыми этикаға сай жазу, жобалау, жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар таныстырлып, қалай жұмыс жасау, олардың өнімдерін қалай және қай жерде пайдалануға болатындығы үйретіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасау және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламалары таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгебра және геометрияның іргелі мәселелерін жасанды интеллект мүмкіндіктерімен оқыту әдістері

    Пән докторанттарды алгебра және геометрияның іргелі мәселелерін жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып зерттеуге және оқыту әдістерін дамытуға үйретеді. Пәнді оқу барысында докторанттар жасанды интеллекттің математикалық есептерді шешудегі мүмкіндіктерін зерттеуді, алгебра және геометрия саласындағы ғылыми ізденістердің негізгі принциптерімен жұмыс істеуді меңгереді. Сонымен қатар, олар зерттеу жоспарын құру, жаңа білімді игеру және дамыту, алынған нәтижелерді талдау, ғылыми-зерттеу әдістерін анықтау және негіздеу дағдыларын қалыптастырады. Пән жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы алгебралық және геометриялық есептерді шешудің жаңа тәсілдерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Докторанттарда диссертациялық жұмысты орындау және ғылыми мақалаларды жазу кезінде қолданылатын ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістері туралы дағдылар мен білімді қалыптастыру. Бұл білім алушыға өзінің диссертациялық жұмысында зерттеудің сапалық және сандық әдістерін таңдауға мүмкіндік береді. Білім алушыға ғылыми әдісті ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданудың мәні мен ерекшеліктерін түсінуге, ғылымның қазіргі заманғы деңгейіндегі ғылыми мәселелерді қоюға және шешуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқыту мен ғылыми зерттеуде ақпараттық технологияларды қолданудың әдістері

    Пән докторанттарды математикалық пәндерді оқытуда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға үйретеді. Пәнді оқу барысында докторанттар математикалық объектілердің әртүрлі экрандық кескіндерін құру саласындағы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруды, есептеу және ақпараттық-іздестіру қызметінің автоматтандырылған процестерін, сондай-ақ зерттелетін объектілер, құбылыстар, процестер туралы деректерді жинау, өңдеу жөніндегі қызметті талдау дағдыларын және зерттеу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Теориялық және қолданбалы математиканың актуальды мәселелері

    Пән докторанттарды математикалық әдістердің көмегімен стационарлық емес физикалық процестерді модельдеу қабілетін дамытады. Пәнді оқу барысында докторанттар математикалық физика теңдеулерін жуықтап шешу әдістері қойылған физикалық есеп үшін математикалық модельдер таңдауға, есептерді сандық шешу алгоритмін, ДК іске асыру үшін бағдарламаны құруға, нәтижелерді, олардың физикалық мағынасын талдап, есептеу қателіктерін бағалайды және қазіргі заманғы теориялық және қолданбалы математиканың актуальды мәселелерін анықтап, негіздеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және математика саласында оқыту әдістемесі және тәрбиелеу

    Пән докторанттарды математика саласындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасының, оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің негіздерін үйретеді. Пәнді оқу барысында докторанттар білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға, жалпы ғылыми және жеке ғылыми негіздерді ғылыми зерттеулер әдіснамасы мен оқыту әдістемесін теориялық меңгертуге, зерттеу мәселелерін қою және шешу, ең тиімді әдістерді іздеу және бағалау қабілеттерін талдау дағдыларын және зерттеу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады.
  • Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
  • Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
  • Кәсіби саладағы заманауи ғылыми жетістіктерді ескеріп, заманауи зерттеу әдістерін қолданып, ғылыми-зерттеу қызметін дербес жүзеге асырады
  • Алгебра және геометрияның іргелі мәселелерін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқыту әдістерін жетілдіру арқылы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тұрақты кәсіби өсуге ұмтылады
  • Жоғары білім беруді дамытудың әлемдік үрдістері мен стратегияларын ескеріп, ұлттық деңгейдегі ғылыми-әдістемелік білім шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосады
Top