Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01517 Биология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Биологияның тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі; іргелі биологиялық заңдар мен теориялар, табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестердің биологиялық мәні туралы білім жүйесін меңгереді, биологияның теориялық, эксперименттік негіздерін біледі және биологиялық экспериментті (зертханалық, демонстрациялық, компьютерлік) ұйымдастыру және қою дағдыларын меңгерген.
  • Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық және қаржылық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету
  • Оқушылар физиологиясы білімін тәжірибеде қолданады; оқушылардың жас ерекшеліктері арасындағы айырмашылықтарды көре алады; мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктерін, оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру нысандарын біледі;
  • Ғылыми-зерттеу далалық және зертханалық биологиялық жұмыстарды орындауға арналған қазіргі заманғы аппаратура мен жабдықтарды пайдалануға қабілетті; практикада ғылыми-техникалық есептерді, шолуларды, талдамалық карталар мен түсіндірме жазбаларды жасау тәсілдерін қолданады; алынған ақпаратты түсінеді, баяндайды және сыни талдайды және далалық және зертханалық биологиялық зерттеулердің нәтижелерін ұсынады; мәдени-ағартушылық қызметті ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін пайдаланады; әріптестермен өзара іс-қимылда білім алушылардың қажеттіліктерін және оқудағы қиындықтарды анықтайды;
  • Оқу-жаттығу, оқыту және оқушылардың мінез-құлқын басқару стратегияларының кең спектрін меңгерген, нақты бала үшін тиісті оқу стратегиясын біледі және қолданады; күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін оқу мақсаттарын тұжырымдай алады және оқу мақсаттарына сәйкес оқу материалдарын дайындайды; оқу үрдісі үшін ақпараттық ортаның әлеуетін пайдаланады; оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдарын, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ заманауи білім беру технологияларын, соның ішінде электрондық оқытуды қоса алғанда, таным мен ынтымақтастыққа қызығушылықты ынталандыратын АКТ-ны пайдалана отырып сабақтар мен сабақтар топтамасын өткізеді;
  • Биологиялық құбылыстар мен процестерді талдау және синтездеу үшін жалпы және теориялық биологияның іргелі білімін қолданады; биологиялық ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және беру үшін математикалық аппаратты, бағдарламалауды және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады; эксперименттік және теориялық биология саласында аналитикалық және технологиялық шешімдерді іске асырады; бақылау және эксперимент нәтижелерін теориялық талдау әдістерін, компьютерлік модельдеу тәсілдерін меңгерген.
  • Биологияны оқытудың әдістемесін, орта мектепте биологияны оқытуды, оның ішінде onlinе режимінде оқу үдерісін ұйымдастыруды біледі; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, нысандары мен құралдарын, қолданады, инклюзивті білім берудің құндылықтары мен сенімдерін түсінеді; кәсіби қызметте жаңа білім беру технологияларын, зертханаларды, баспа құралдарын, бейне, мультимедиялық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, интернетті, Бала құқықтары мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды қолданады; бағалаудың критериалды әдістері: формативті, жиынтық бағалауды қолдана алады; биологиялық және педагогикалық білім беру саласындағы зерттеу нәтижелерін қолданады; оқытудың жаңа инновациялық стратегиясын бағалайды.
Top