7M01515 Химия в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Химия саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіптік мәдениеттің жоғары деңгейіне ие, химиялық білім беру саласындағы кәсіби мәселелерді шеше алатын мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M013 Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты – кәсіби қызметті табысты жүргізу үшін шет тілінде қажетті және негізгі коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Магистранттар кәсіби ортада қарым-қатынас жасау терминологиясын біледі, мамандыққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді, қолданады. Олардың эквиваленттерін, мәтінді аудару кезінде грамматикалық құрылымдар мен лексикалық ережелерді талдап салыстыра алады, айырмашылығын табады, шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгереді, үштұғырлы тілдерді оқытудың ұлттық бейімделген деңгейлік үлгісін жасай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Органикалық химияның заманауи мәселелері
Органикалық химияның қазіргі даму жетістіктері. Заманауи органикалық химияның түсініктері мен концепцияларына шолу. Органикалық заттар құрылысын тану мәселесі. Органикалық қосылыстардың реакциялық қабілеттерінің мәселелері. Органикалық заттар синтезінің бүгінгі жетістіктері мен болашағы. Органикалық реакцияларды жүргізудің жасыл әдістері. Жаңа пайдалы қасиеттері бар органикалық заттарды синтездеу, олардың құрылысы мен қасиеттерін зерттеу әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химия тарихы мен әдіснамасы
Ғылым әдіснамасы және химиялық білім беру. Әдіснамалық білімдердің химиялық білім берудегі маңызы. Қоғам дамуындағы химияның рөлі. Химиялық білім мен ғылыми зерттеулердің әдіснамалық мәселелері, әдіснамалық құрылымдары, құралдары, таным әдістері. Химия тілінің әдіснамалық тарихы. Химия ғылымының даму тарихының заңдылыықтары. Әлемнің ғылыми бейнесін жасаудағы химия ғылымының даму жолдары. Химия даму тарихындағы валенттілік түсінігі, периодтық жүйесінің ашылуының әдіснамалық аспектілері. Химия ғылымы әдіснамасынан химиялық білім беру әдіснамасына көшу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейорганикалық химияның заманауи концепциялары
Бейорганикалық химияның заманауи концепциялары туралы түсінік. Бейорганикалық химияның қазіргі даму тенденциясы мен оның жаратылыстану мен материалтанудағы рөлі мен маңызы. Жоспарлы қасиеті бар бейорганикалық заттардың дизайны мен оларды синтездеу, олардың негізінде функционалды материалдар алу. Бейорганикалық заттардың байланысы мен құрылысын зерттеудің жаңа тәсілдері. Жаңа координациялық қосылыстарды синтездеу, олардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу, олардың реакциялық қабілеттерін зерттеу және олардың негізінде жаңа функционалдық материалдар алу
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаттары мен міндеттері. Жоғары мектеп педагогикасы ғылымын меңгеру. Жоғары мектеп педагогикасын зерттеу әдістері. Қазіргі әлемдегі жоғары мектеп. Университеттердің дидактикасы. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы. Жоғары мектептің мазмұны. Жоғары оқу орындарындағы оқу процесі, оның ерекшеліктері, құрылымы. Жоғары мектепте оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері, әдістері, педагогикалық әдістемелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химиялық білім берудегі сандық зертхана
Химиялық білім беруде цифрлық зертханаларды пайдаланудың әлемдік тәжірибесі. Сандық химиялық зертханалар, олардың мүмкіндіктері мен пайдалану ерекшеліктері. Сандық зертханаларды қолдана отырып химиялық эксперименттер, олардың танымдық маңызы. Химия бойынша сандық зертханалардың сипаттамасы. Сандық зертхана датчиктері. Мектепте және университетте химия бойынша сандық зертханаларды қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Ғылым әдіснамасының негіздерінің тарихы. Ғылым философиясы. Ғылымның пайда болуы мен тарихының заңдылықтары. Ғылыми зерттеулердің негізгі кезеңдері мен әдістері. Ғылым философиясының проблемалары. Ғылыми білімдердің әдіснамалық тәсілдері. Ғылыми білімдердің құрылымы. Ғылымның қазіргі таңдағы маңызы мен болашағы. Ғылым мен білімнің бірлігі
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Басқару психологиясы
Басқарушылық қызметтің психологиялық компоненті, рөлі мен көп өлшемді мазмұны. Педагогикалық ұжымды басқару. Білім саласындағы басқару субьектілеріне сипаттама. Орта мектеп пен жоғары мектепті басқару ерекшеліктері. Басшының психологиялық портреті, қарым-қатынас жағдайлары. Болашақ мамандардың, зерттеушілердің жеке және кәсіби психологиялық идеяларын дамыту
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Нанохимия
Нанотехнология саласы. Нанохимия саласы, оның зерттеу нысандары. Нанохимияның даму тарихы, қолданылу бағыты. Нанохимиялық нысандарды жүйелеу, олардың типтері, олар негізіндегі наножүйелер. Фуллерендер мен көміртек нанотүтіктері. Супрамолекулалық химияның наноматериалдары. Наножүйелерді синтездеу әдістеріне сипаттама. Наножүйелердің қолданылу барысы мен болашағы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физикалық химияның тереңдетілген курсы
Тереңдетілген физикалық химия курсына кіріспе. Физикалық химияның заманауи даму бағыттары. Физикалық химияның дамуының барысы мен болашағы. Электрохимиялық потенциалдардың маңызы, олардың типтері. Гальваникалық элементтерге шолу, электр қозғаушы күшінің маңызы. Электродтарды жүйелеу түрлері. Химиялық кинетиканың негізгі түсініктеріне сипаттама.Химиялық реакцияның жылдамдығы, оның реті мен молекулалығы. Түрлі химиялық реакциялардың кинетикасы мен механизмінің ерекшеліктері. Химиялық реакциядағы катализдің мәні. Каталитикалық реакцияларды жүйелеу және олардың механизмінің ерекшеліктері. Молекулалардың реакциялық қабілеттерін кванттық-химиялық талдау әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Химия-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы
Химия-педагогикалық зерттеулер, оның арнайылығы. Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздеріне шолу. Химия-педагогикалық зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру мен оны жоспарлау, әдістері, жүргізу кезеңдері. Педагогикалық тәжірибе жүргізу, оның ерекшеліктері. Педагогикалық зерттеулердегі өлшемдер. Педагогикалық зерттеулер нәтижелерін қорытындылау мен рәсімдеу жолдары
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Химиялық білім берудің теориялық негіздері
Химиялық білім берудің теориялық негіздері пәніне кіріспе. Үздіксіз химиялық білім беру қазіргі заманғы әдіснамасы мен тәсілдеріне сипаттама жасау. Орта және негізгі мектептегі жалпы химиялық білім берудің теориялық негіздерінің сипаттамасы, жаңартылған мазмұны мен негізгі тақырыптарын оқыту әдістемесінің ерекшеліктері. Гуманитарлық, құзіреттілік, Жаратылыстану-ғылыми, акселогиялық және антропоэкологиялық интегративтік, инновациялық тәсілдердің мүмкіншіліктеріне шолу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Супрамолекулалық химия негіздері
Супрамолекулалық химия жаңа химия саласы, пайда болу тарихы, жетістіктері мен болашағы. Супрамолекулалық химияның нысандары, екі саласы, оларға сипаттама. Супрамолекулалық химиядағы зерттеулер, әлем елдерінің тәжірибелері, ғалымдар еңбектері, жаңа саланың даму бағыты
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Аналитикалық химияның заманауи проблемалары
Заманауи аналитикалық химияның мәселелері. Химиялық анализдеудің дамуының әлемдік тенденциялары. Жасыл анализдеу әдістері. Мультисенсорлық жүйелерді анализдеуде қолдану. Вольтамперметриялық, потенциометриялық электрондық тілдерді қолдану. Биоэлектрондық тілді пайдалану. Лабораториядан тыс химиялық анализдеудің қажеттілігі. Аналитикалық приборларды миниатюризациялау болашағы. Титриметриялау әдісін тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектерді анализдеу. Анализдеудің биологиялық әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиялық білім берудегі педагогикалық диагностика
Педагогикалық диагностика, оның мақсаты, мәні мен қызметтері. Педагогикалық зерттеулер мен педагогикалық диагностикалауды салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылықтары. Педагогикалық диагностикалаудың түрлі аспектілері, қолданылу салалары. Педагогикалық диагностикалаудың түрлері мен типтері, жүргізу кезеңдері. Химиялық білім беру педагогикалық диагностикалаудың нысаны ретінде зерттеулерде қолдану мен оның тиімділігін бағалау
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Микромасштабты химия
Микромасштабты химия –аналитикалық әдіс және оқыту әдісі ретінде пайда болу тарихы. Микромасштабты химияны орта мектептер мен университеттерде қолдану. Микромасштабты эксперименттердің әлемдік тәжірибелері, пайдалану әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Үздіксіз химиялық білім берудегі оқу-әдістемелік жұмыстар
Орта мектеп пен ЖОО химиялық білім берудің мазмұны, мақсаттары мен міндеттері. Үздіксіз химиялық білім беру сатыларындағы химияны оқу мазмұны, оқу бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарлары. ҚР білім стандарты, оның негізінде тақырыптық жоспарлау. Орта мектеп пен ЖОО химия оқулықтары, оларға қойылатын талаптар. Мектеп химия мұғалімі мен ЖОО химия оқытушысының оқу-әдістемелік жұмысының түрлері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Химиялық білім берудегі құзыреттілік тәсіл және жасанды интелект
Құзыреттілік тәсілдің білім беру жүйесіндегі мәні мен құрылымы. Химиялық білім берудегі құзыреттілік тәсіл принциптерін жүзеге асыру. Әлем елдерінің білім беру жүйесіндегі құзыреттілік тәсілді меңгеру практикасына шолу. Қазақстанның білім беру жүйесінде құзыреттілік тәсілді қолдану практикасы. Педагогтың басты құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиялары. Химия пәні мұғалімінің педагогикалық кәсіби құзыреттілігі. Жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі рөлі мен мүмкіндіктері. Химия пәнін оқытуда жасанды интеллектті қолдану технологиялары. Химия мұғалімінің жасанды интеллект құралдарын пайдалану құзыреттілігі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Химиядан есептер шығаруды үйрету әдістемесі
Орта мектеп химия пәнінінде кездесетін химиялық есептердің типтері. Химиялық есептерді жүйелеу және олардың жіктелінуі. Білім алушыларды химиялық есептерді шығаруға үйретудің тәсілдері мен әдістемесі. Химиялық есептерді химия сабақтарында тиімді пайдаланудың әдістемесі. Химия пәнінде кездесетін сандық есептер. Оқушыларға сандық есептерді шешудің алгоритмін үйрету жолдары. Сандық есептердің мысалдары. Күрделігі жоғары химиялық есептерді шешу. Мектепішілік, аудандық, облыстық және Республикалық кезеңдеріндегі химиялық олимпиаданың есептеріне шолу, дарынды балаларды олимпиадаға дайындаудің жолдары
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Химия пәнінен дарынды білім алушылармен жұмыс технологиясы
Орта мектеп пен жоғары оқу орындарында химиялық білім берудің мазмұны мен дарынды білім алушыларды дамыту проблемасы. Орта мектепте химиялық білім беру барысындадарынды білім алушылармен жұмыс жасауға қажетті химия мұғалімінің кәсіби құзіреттіліктері. Дарынды балаларды оқытуға арналған бағдарламалар, олардың мақсаты мен принциптері. Химиядан дарынды балалардың ерекшеліктері, оларды диагностикалау. Химиядан дарынды балаларды оқытудың заманауи технологиялары, сабақ барысындағы және сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, жеке білім беру бағытын құру. ЖОО дарынды білім алушылармен жұмыс мазмұны, ерекшеліктері, жұмыс формалары
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жасыл химиялық білім беру
Жасыл химия теориясы мен практикасының әлемдік даму тенденциясы. Жасыл химиялық білім берудің қажеттілігі. Білім берудің түрлі деңгейлерінде жасыл химиялық білім берудің әлемдік тәжірибелерін меңгерту. Жасыл синтез. Жасыл химиялық эксперименттер. Жасыл химия принциптерін жаратылыстану-ғылыми білім беру саласындағы зертханалық жұмысқа бейімдеу
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Критериалды бағалаудың кіріктрілген моделі
Мектеп білім алушыларының оқу нәтижелерін бағалаудың әлемдік тәжірибелері. Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесіндегі оқу нәтижелерін бағалаудың жүйесі, ерекшеліктері, негізгі түсініктері. Бағалаудың химия пәнінің мазмұны мен бағдарламасына байланысы. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінің ерекшелігі. Қалыптастырушы бағалау, ішкі және сыртқы жиынтық бағалаулар, олардың өзара байланысы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттеу контекстінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде осы саладағы озық білімге негізделген химиялық білім беру саласындағы дамып келе жатқан білім мен түсінікті көрсету
- Жаңа ортада, кеңірек пәнаралық контексте мәселелерді шешу үшін химияның әртүрлі салаларының заманауи аспектілерінде өз біліміңізді, түсінігіңіз бен қабілеттеріңізді кәсіби деңгейде қолдану
- Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, ғылыми-экологиялық ойларды ескере отырып, сандық білім беру мен жасыл химиялық білім беруді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру
- Шет тілінде ғылыми қарым-қатынас жасау
- Кәсіби қызметте ғылым әдіснамасының дәстүрлі және заманауи мәселелері, басқару психологиясының принциптері және критериалды бағалаудың интеграцияланған моделі туралы білімдерді пайдалану
- Химияны әртүрлі контексттерде тиімді оқыту, соның ішінде химиялық есептерді шешуге үйрету, дарынды студенттермен жұмыс және үздіксіз химиялық білім берудегі оқу-әдістемелік жұмыстар дағдыларына ие болу