Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01717 Қазақ тілі мен әдебиеті в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Әдебиеттанудың жаңа парадигмалары

    Пән қазіргі заманғы әдебиеттанудағы басты білім парадигмаларын, олардың өзекті мәселелерін зерттейді. Қазіргі әдебиеттанудағы негізгі ұстанымдар мен зерттеу қағидаттарын анықтайды. Білім алушыларды заманауи жалпы ғылыми қағидаларды оқыту, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес оқу процесінде ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу және қолдану, зерттеу нәтижелерін талдау жолдарымен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл білімінің жаңа парадигмалары

    Пән қазіргі тіл біліміндегі жетекші білім беру парадигмаларын тіл және қоғам, қоғам және адам қарым-қатынасы тұрғысынан зерттейді. Пән антропоцентризмге бағытталған қазіргі лингвистикалық ғылымдардың заманауи жалпы ғылыми қағидаларын талдау, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес оқу процесінде ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу және қолдану, зерттеу нәтижелерін талдау дағдыларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат,

    Пәннің мақсаты академиялық жазуды, оның ішінде ғылыми жұмысты шет тілінде жазуды үйрету. Ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын дамыту нәтижесінде білім алушы берілген талаптарға сәйкес мәтіннің құрылымы мен мазмұнын қисынды түрде ресімдей алады, ғылыми критерийлерге сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын меңгереді, оқу үдерісін зерттеу және публикациялық белсенділігін дамыту стратегияларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Структуралық әдебиеттану және мәтінді әдеби талдау

    Пәнді игерудің мақсаты - көркем мәтін мазмұнының тереңдігін түсінуге үйрету, шығарманы тұтастай алғанда да, оның жеке аспектілерін де талдауға, арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге және оны сыни тұрғыдан түсіндіруге, шығарманы өз бетінше талдап, нәтижелерін қорытуға үйрету. Пән оқу процесінде ұсынылатын әдеби мәтін үлгілерін әзірлеу және талдау әдістерін іріктеу дағдыларын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілдік қатынас теориясы

    Пәннің мақсаты – сөйлеу коммуникациясының теориялық-практикалық негіздерін зерттеу және оның категориялық аппаратынының дамуын, жалпы заңдылықтарын саралау. Пән оқу сабақтарын өткізу кезінде пәндік салада психологиялық-педагогикалық білім мен білімді интеграциялауды қамтамасыз етуді көздей отырып, сөйлеу коммуникациясының типтерінің, деңгейлерінің, формаларының ұқсастығы мен айырмашылықтарын қазіргі заманғы педагогтің табысты іс-әрекетінің алғышарты ретінде меңгертуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі түркітану кеңістігінде

    Пән түркітану саласының заманауи ғылыми парадигмасы мәселелерінде өзіндік зерттеулер жүргізуді үйретеді. Пән отандық және шетелдік түркітанудағы негізгі пікірталас мәселелері туралы теориялық білімдерді үйретуді, оқу сабақтарын өткізу кезінде түркітану саласындағы соңғы зерттеулер нәтижелері мен психологиялық-педагогикалық білімді интеграциялауды, оқу процесіне арналған ғылыми-әдістемелік өнімдер әзірлеу жолдарын меңгертуді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет және өнер

    Пәннің мақсаты – әдебиетті өнер ретінде таныту және сөз өнерін дамыту құралы ретінде оқыту жолдарын меңгерту. Пән әдебиеттанудың перспективалық даму талаптарына жауап беретін тиімді жобалық әзірлемелер алуды қамтамасыз ететін оқытуды жобалаудың және қолданудың заманауи әдістерін меңгертеді және әдеби, тілдік білімдерді интеграциялауды қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін/ әдебиетін оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері

    Пәннің мақсаты – қазақ тілін / әдебиетін оқыту әдістемесін зерттеу және жасақтау. Пән тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері мен технологияларын және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару, білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, оқу сабақтарын жоспарлауда, ұйымдастыруда және өткізуде мамандық ерекшелігін ескеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аксиолингвистика

    Пәннің мақсаты – аксиология, деонтология ілімдерінің негізінде тіл мен әдебиетті, болашақ кәсібін құндылық және ізгі өнер деп тану және қабылдау жолдарын меңгерту. Курс педагогикалық аксиология мен қазақ тілін құндылық бағдарлы оқыту ұстанымдарын меңгертуді, білім алушылардың болашақ кәсібіне, жүргізетін пәніне деген құндылық қатынасын қалыптастыруды, азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем шығарманы әдеби талдау

    Әдеби шығармашылықты зерттеу, әдеби және көркем құбылыстарды талдау үдерісінде қазіргі ғылыми теориялар мен тұжырымдарды қолдану жолдарын меңгертеді. Оқу процесінде ұсынылатын әдеби мәтін үлгілерін әзірлеу және талдау әдістері, көркем шығарманы оқытуда қолданылатын тұтастай және жекелей талдау жолдары, шығарма тілін талдау арқылы білім алушының сөздік қорын байыту тәсілдері меңгертіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты - жоғары рейтингті басылымдарда ғылыми мақалалар жазу және докторлық диссертация бағытында ғылыми зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздерін меңгерту. Пәнді оқыту нәтижелері ғылыми-зерттеу әдістерін өз ғылыми-педагогикалық жұмысында қолдану, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар/шығармашылық жобаларды орындауда қатысу, ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру, ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмым істеу түрінде көрініс табады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Педагогикалық зерттеулер жүргізудің философиясы мен әдіснамасын меңгеру; білім алушының тілдік тұлғасын қалыптастыру үдерісіне диагностика жасау; эксперименталды-зерттеулер негізінде білім алушыларының ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларын айқындау.
  • Тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері мен технологияларын, сондай-ақ ЖИ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару.
  • Мәтінге тілдік және әдеби талдаулар жүргізу дағдыларын меңгертуге арналған білім беру бағдарламаларын заманауи инновациялық оқыту технологиялар негізінде әзірлеу.
  • Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес тілдік/әдеби құбылыстарды талдау және оқыту үдерісінде қазіргі ғылыми теориялар мен тұжырымдарды қолдана алу.
  • Аксиология, деонтология, педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясы ілімдерінің негізінде тіл мен әдебиетті, болашақ кәсібін құндылық және ізгі өнер деп тану және қабылдау.
Top