Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01784 Орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экономика, қаржы және экология салалары бойынша базалық білімге, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу және кәсіпкерлік қызмет дағдыларына ие. Қоғамда және жеке өмірде тұрақты даму тұжырымдамасын қолдану тәсілдерін біледі, еңбек қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы меңгерген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін моральдық-этикалық және құқықтық жауапкершілікті сезінеді, құқық саласындағы базалық білімді қолдана алады. Оқушылардың физиологиялық даму ерекшеліктері жөніндегі білімді сауатты пайдаланады, төзімділік, диалог пен ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа алады.
  • Орыс және қазақ тілдерінің грамматикасы мен фразеологиясының ерекшеліктерін салыстыра біледі, салыстырылып отырған тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дәлелдеп, түсіндіреді; қазақ әдебиетінің кезеңденуін, қазақ-орыс әдеби байланыстарының тарихын, негізгі әдеби-көркемдік бағыттарды біледі. Мәдениетаралық коммуникация (МӘК) теориясының негізгі қағидаларын меңгерген, кәсіби міндеттерді шешуде МӘК саласындағы білімін қолдана алады.
  • Сөйлеудің әртүрлі түрлерінде (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын меңгерген; әртүрлі мәтіндерден ақпаратты таба және ала алады, оқыған мазмұнын адамгершілік нормалары мен жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан бағалайды; оқығанына қатысты өз көзқарасын қалыптастырады; әдебиетті тұтас тарихи-әдеби құбылыс ретінде қабылдай алады; әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларды талдайды және әдебиеттану мен лингвистика бойынша базалық ұғымдарды меңгерген.
  • Қазіргі орыс тілі, орыс және әлем әдебиеті, орыс халық ауыз әдебиеті теориясы мен тарихын біледі және түсінеді; орыс тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесінің ерекшеліктерін, оның стильдік мүмкіндіктерін талдай алады; тілдік және әдеби талдаудың әртүрлі түрлерін жүргізу әдістерін меңгерген. Негізгі әдеби ағымдарды біледі, орыс және әлем жазушыларының шығармашылығының ерекшеліктерін талдай алады.
  • Мектеп пен сыныптың тұтас педагогикалық үдерісін басқаруды менеджмент функцияларын меңгеру негізінде жүзеге асыра алады; педагогика саласындағы қазіргі ғылыми жетістіктер мен негізгі дидактикалық принциптерді біледі және оларды қолдана алады. Оқыту үдерісінде конструктивті оқыту әдістерін қолданады.
  • Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы мен теориясын біледі; орыс тілі оқытылмайтын мектептердегі қазіргі орыс тілі мен әдебиеті мектеп курсының мазмұнын меңгерген; орыс тілі мен әдебиетін интеграцияланған түрде оқыту әдістемесін, қазіргі оқыту технологияларын меңгерген; шағын жинақты мектепте орыс тілін әртүрлі жас ерекшелігі мен білім деңгейіне қарай оқыту әдістерін қолданады.
  • Оқыту мен тәрбиелеуде инклюзивті тәсілді, орыс тілі мен әдебиетін оқытуда инновациялық әдістерді, соның ішінде конструктивті және цифрлық технологияларды пайдаланады (орыс тілі оқытылмайтын мектептерде). Негізгі цифрлық оқыту ресурстарын, нейрондық желілер мен жасанды интеллектті білім беруде қолдану тәсілдерін біледі, оларды саралап, оқу жағдайына байланысты орынды қолдана алады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа оқыту формаларын енгізудегі қиындықтар мен перспективаларды бағалау арқылы педагогикалық міндеттерді шешуде дизайн-ойлау әдістемесін қолдана алады.
  • Академиялық жазу негіздерін меңгерген, ғылыми мәтінмен жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсінеді және оларды ғылыми мәтін жазу барысында қолданады; зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін, гипотезасын өз бетінше тұжырымдайды, оның өзектілігін, құрылымын анықтайды, ғылыми ақпаратты жинақтап, жүйелейді, ғылыми зерттеу әдістерін дұрыс қолданады.
  • Тіл білімі мен әдебиеттанудың даму кезеңдері, лингвистикалық дәстүрлер мен жаңашылдықтар, негізгі лингвистикалық парадигмалар, тіл білімі мен әлем әдебиетінің қазіргі даму үрдістері туралы біледі; тіл туралы ғылымның қазіргі жағдайы туралы түсінігі бар; көркем шығармаларға түрлі талдау түрлерін (филологиялық, лингвистикалық және т.б.) жүргізе алады.
Top