Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B04101 Есеп және аудит в ЕТУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарламаның басты мақсаты – бухгалтер, аудитор, салықсалу маманы ретінде есеп және аудит саласында болашақта бәсекеқабілетті мамандарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Еуразия Технологиялық Университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B045 Аудит және салық салу
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Менеджмент
Қаржыға кіріспе
Басқару теориясы
Экономика негіздері
Жасанды интеллект
Қазіргі бизнес-коммуникациялары
Микро-макроэкономика
Маркетинг
-
2 Оқу жылы
1 Пән
Бизнес- статистика
Карьера дизайны
Сақтандыру ісі
Бухгалтерлік есеп қағидалары
Банк ісі
Статистика
Сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
1 Пән
BIA жүйесі және бизнес талдау
Банктік есеп
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Ғылыми зерттеулер әдістері
Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері
Қаржылық есеп
-
3 Оқу жылы
Басқару есебі
1С: Бухгалтерия
3 Пән
Бюджет және бюджеттік жүйе
Қаржылық талдау және болжамдау
Корпоративтік басқару
Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар
Кәсіпорын экономикасы
Салықтар және салық салу
Бюджеттік есеп
Аудит
Project Management
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік құқығы
4 Пән
Шет елдердегі бухгалтерлік есеп
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары: тұжырымдамалар және әдістеме
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексін және ҚЕХС қоса алғанда, бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік актілерді білу және қолдану. Компанияның есеп саясатын әзірлеу, есеп операцияларының уақтылығы мен дұрыстығын бақылайды, дұрыс бухгалтерлік ақпарат беруді қамтамасыз ету
- Компанияның қаржылық қызметі мен әлеуетін талдау, талдаудың дұрыстығын бақылау және оның қаржылық нәтижелер мен тұрақтылыққа әсерін бағалау, тәуекелдерді бағалау үшін қаржылық талдау әдістерін қолдану және нәтижелерді бюджеттеу, ақша ағындарын басқару, сметаларды, бюджеттерді, төлем күнтізбелерін және бизнес-жоспарлардың қаржылық бөлігін жасау үшін пайдалану
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің ережелерін қолдана отырып, салық салу объектілерін сәйкестендіру, салық базасын, салық және алым сомасын, сондай-ақ мемлекеттік және бюджеттен тыс қорларға жарналар сомасын есептеу
- Ішкі бақылауға (аудитке) арналған құжаттарды әзірлеу және қолдану, оның компания мақсаттарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыру, бухгалтерлік ақпараттың дұрыстығына әсер ететін тәуекелдерді анықтау және бағалау, ішкі бақылау рәсімдерінің орындалуын тексеру, оның тиімділігін бағалау және ХАС мен «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, алаяқтықты анықтау және процестерді жақсарту үшін аудиторлық рәсімдерді қолдану
- Жоспарлау, жұмыс нәтижелерін бағалау және бақылау мақсатында сапалық және сандық ақпаратты талдау үшін басқарушылық есепке алу әдістерін қолдану, сондай-ақ басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпаратты қалыптастыру
- Кәсiби қызметке адамгершiлiк, экологиялық және құқықтық мәдениеттiң әсерiн түсiну, құқықтық ортаны талдау және ұйымдағы мәдени деңгейдi арттыру стратегиясын әзiрлеу, сондай-ақ еңбек заңнамасы мен кәсiби этиканы ескере отырып, кәсiби даму стратегиясын талдау
- Бизнес-шешімдерді жасау, талдауды автоматтандыру, жобаларды басқару үшін жасанды интеллект әдістері мен цифрлық технологияларды қолдану; бухгалтерлік есептілікті қалыптастыру, қаржылық көрсеткіштерді талдау және болжау үшін Excel және мамандандырылған бағдарламаларды пайдалану
- Басқаруды оңтайландыру және қаржылық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында проблемаларды анықтау және дәлелді шешімдер әзірлеу үшін ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың экономикалық-математикалық және статистикалық әдістерін, сондай-ақ ғылыми зерттеулер әдістерін қолдану
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, қаржы, банк және сақтандыру ісі саласындағы, басқару органдары мен қаржы мекемелеріндегі жұмыс істеу қағидалары мен жұмыс тетіктерін білу; банк және сақтандыру операцияларын жүргізе білу, кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың қаржылық жағдайын бағалай білу, бюджеттер құру және осы салада кәсіби әдеп нормаларын қолдану
- Нарықтық экономика қағидаттарын, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыруды, өндіріс технологиясының негіздерін және экономикалық құбылыстардың себептерін түсіну; маркетингтік стратегияларды қолдану, бизнес-процестерді жоспарлау және басқару, олардың әлеуетін талдау және экономиканың тұрақты дамуы үшін кәсіпкерлік идеяларды іске асыруға қатысу, инклюзия мен теңдік қағидаттарын ескеру, қолдау көрсететін жұмыс ортасын құру, мансаптық өсу дағдыларын дамыту және өзгерістерге бейімделу
Ұқсас БББ
6B04101 Есеп және Аудит
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
6B04101 Есеп және аудит
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B04101 Есеп және аудит
Еуразия Технологиялық Университеті (ЕТУ)
6B04101 Есеп және аудит
«Мирас» университеті (Мирас)
6B04101 Есеп және аудит
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B04101 Есеп және аудит
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B04101 Есеп және аудит
«Мирас» университеті (Мирас)