Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01516 Химия-Биология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Сындарлы оқыту, критериалды бағалау және инклюзивті оқыту сияқты оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін педагогтың кәсіби қызметінде қолдану біліктері мен дағдыларын көрсету.
  • Орта мектепте химия мен биологияны оқыту әдістемесін, биология курсының жаңартылған мазмұнын, биология бойынша есептерді шешу әдістемесін, цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайнын білу және түсіну және оларды орта мектепте химия мен биологияны оқытуда қолдана білу.
  • Оқушылардың физиологиясы саласындағы білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын өзінің кәсіби қызметінде қолдану қабілетін және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жоғары жұмыс қабілеттілігін қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу қабілетін көрсету.
  • Химияның іргелі бөлімдерінің теориялық негіздерін білу және түсіну және алған білімдерін химия мұғалімінің кәсіби қызметінде пайдалану қабілетін көрсету.
  • Биологияның іргелі бөлімдерінің теориялық негіздерін білу және түсіну, алынған білімді биология мұғалімінің кәсіби қызметінде қолдану қабілеті.
  • Командада жұмыс істеуді ұйымдастырудың, білім беру мекемелерінде тиімді басқарушылық коммуникациялар жүйесін жолға қоюдың әдістері мен тәсілдерін біледі.
  • Жасыл аналитикалық химия теориясы мен практикасын, сынамаларды дайындаудың жасыл әдістерін, жасыл реагенттер мен еріткіштерді меңгерген және оларды химик-аналитик жұмысында қолдана алады.
  • Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының негіздерін меңгерген, химиялық-педагогикалық зерттеулерді, биологиялық эксперименттерді жүргізу дағдыларын меңгерген және кәсіби қызметте педагогикалық, химиялық, биологиялық зерттеулерді, педагогикалық диагностиканы өз бетінше жүргізе алады.
  • Педагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі саласындағы білімі мен түсінігін және педагогтің оқу-практикалық және кәсіби міндеттерін шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану қабілетін көрсету
  • Биологиялық эволюция, молекулалық биология, биометрия, топырақтану негіздерімен қолданбалы биология сияқты пәнаралық курстарды биологияны оқытуға интеграциялау және оларды кәсіби қызметінде қолдану қабілеттерін көрсету.
  • Биологиялық химия, тағам химиясы, супрамолекулалық химия, биологиялық жүйелер химиясы, жасыл химия, электрохимия, кристаллохимия, химиялық технология, сирек металдар химиясы, химия тарихы сияқты пәнаралық курстарды химияны оқытуға кіріктіру білігі мен дағдыларын және оларды өзінің кәсіби қызметінде қолдану қабілетін көрсету.
  • Химиялық қосылыстардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеудің негізгі физикалық және физика-химиялық әдістерінің теориясы мен практикасын меңгерген, графикалық тәуелділіктердің шифрын ашу әдістемесін және оларды кәсіби қызметінде қолдану қабілетін көрсетеді.
  • Атмосфера химиясы, Химиялық токсикология, жасыл синтез негіздері, Органикалық синтез, агрохимиялық зерттеулер саласында білімі және осы салаларда дербес химиялық синтездер мен талдаулар жүргізу, оларды химия және биология мұғалімінің кәсіби қызметінде қолдану қабілеті бар.
Top