Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B06307 Криптология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • АКТ саласындағы дағдылар мен бизнесті ұйымдастыруды мемлекеттік және шет тілдерінде игере білу.
  • Ашық сөйлеу дағдыларын меңгеру және өз көзқарастарын жазбаша түрде нақты дәлелдей білу.
  • Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалары мен принциптерін, экология және экологиялық қауіпсіздік негіздерін түсіну, қаржылық жоспарлау дағдыларын меңгеру, ел тарихын, қоғамның философиялық және әлеуметтік-саяси аспектілерін терең білу.
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау
  • Іргелі математика бөлімдерінің негізгі ұстанымдарын, математиканың базалық идеялары мен әдістерін, негізгі математикалық құрылымдарын және аксиоматикалық әдістерін көрсету
  • Бағдарламалау тілдері мен жүйелерін, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіби, зерттеу және қолданбалы міндеттерді шешуге арналған құралдарды пайдалана білу
  • Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибелердің ғылыми-техникалық ақпаратын, оқу-әдістемелік материалдарын, сондай-ақ кәсіби қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді іріктеу, зерттеу және синтездеуді жүзеге асыра алады
  • Негізгі криптографиялық алгоритмдер мен хаттамаларды білу, олардың жұмыс істеу принциптерін түсіну және оларды тәжірибеде қолдана білу.
  • Компьютерлік жүйелердегі ақпараттық қауіпсіздікті бағалау бойынша теориялық және эксперименттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу, ғылыми есептерді дайындау, зерттеу нәтижелеріне шолу жасау
  • Компьютерлік жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін, соның ішінде қорғалған операциялық жүйелерді, деректер қорын басқару жүйелерін, компьютерлік желілерді, вирусқа қарсы қорғау жүйелерін, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қамтамасыз ету үшін заманауи бағдарламалық және аппараттық құралдарды орната алады, реттей алады
  • Қорғаныс шараларын үйлестіре білу, жүйе қауіпсіздігіне талдау жүргізу және қауіптердің алдын алудың тиімді стратегияларын жүзеге асыру.
  • Ғылыми – зерттеу және өндірістік ұжымдарда жұмыс істеуге және кәсіби қызметтің есептерін шешуге қабілетті болу
Top