7R01131 Эндокринология (ересектер, балалар) в ҚМУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Эндокринологиялық саладағы науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде қоғам мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатын жоғары білікті мамандарды дайындау, медицина, ғылым мен практикада озық инновациялық технологияларды қолдану және дамыту, ақпараттық және коммуникациялық технология жетістіктерін пайдалану, халық денсаулығын нығайту. Мемлекет және әлем қауымдастығы деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің құбылмалы жағдайларына бейімделуге мамандар дайын болуы керек, өмір бойы оқуларын жалғастырып, қоғам дамуына өз үлесін қосуы қажет.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Қарағанды медицина университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R008 Эндокринология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Амбулаториялық-емханалық эндокринология (балалар)
Балаларды емханалық көмекпен қамтамасыз ету үшін эндокринолог дәрігерінің функционалдық міндеттері, құжаттық базасы. Эндокриндік жүйенің дисфункциясын диагностикалау және емдеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Стационардағы эндокринология (ересектер) (диабетология, тиреоидология)
Қантты диабеттің, қалқанша безінің ауруларының клиникалық ерекшеліктерін зерттеу. Оларды диагностикалаудың ерекшеліктері. Аурулардың жедел және созылмалы асқынуларын емдеу және алдын алу. Пациент - орталықтандырылған диагностика мен емдеудің бағдарламасын құрастыру. ҚР клиникалық хаттамаларына сәйкес пациенттердің жағдайын динамикалық бақылау және мониторингілеу. Стационарлық жағдайларда мамандандырылған эндокринологиялық көмек көрсету дағдыларын менгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 22
-
Амбулаториялық-емханалық эндокринология (ересектер) (Эндокринологиядағы клиникалық зертханалық диагностика)
Эндокринологиядағы заманауи зертханалық зерттеу әдістері. Науқасқа зертханалық тексеру алгоритмін құрастыру. Балалардағы диагностика ерекшеліктері. Зерттеу нәтижелерінің клиникалық интерпретациясы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ішкі аурулар
Эндокринді жүйенің коморбиді патологиясы бар науқастарды жүргізу тактикасы. Коморбидті науқасты жүргізудегі мультидисциплинарлық тәсіл.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 12
-
Балалар аурулары
Эндокринді жүйенің коморбиді патологиясы бар балаларды жүргізу тактикасы. Коморбидті науқасты жүргізудегі мультидисциплинарлық тәсілдің балалардағы ерекшелігі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Амбулаториялық-емханалық эндокринология (ересектер) (Амбулаториялық-емханалық эндокринология (ересектер))
Эндокриндік ағзалардың патологиясы бар науқастарға емханалық көмекті қамтамасыз ету үшін эндокринолог дәрігерінің функционалдық міндеттері, құжаттамалық базасы. Есептік құжаттама. Медициналық-статистикалық ақпаратты талдау. Эндокринологиялық науқастарды диспансерлеу. Халық арасында эндокриндік аурулардың және олардың асқынуларының алдын алу, іс-шаралардың тиімділігін бақылау. ҚР диагностикасы мен емдеу хаттамаларына сәйкес амбулаториялық кезеңде эндокриндік жүйе аурулары бар науқастарды жүргізудің және динамикалық байқаудың практикалық дағдыларын менгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 16
-
Жоғары мамандандырылған эндокринологиялық көмек
Эндокринологиядағы жоғары мамандандырылған көмек қағижаларын зерттеу. Инсулиндік помпа. Нейроэндокринология және сүйек тіні патологиясының диагностикасы, емінің заманауи мүмкіндіктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сәулелік және радиоизотоптық диагностика
Ересектерде, балаларда эндокринологиялық аурулардың визуалды диагностика (рентгенография, КТ және МРТ, ПЭТ, изотопты сцинтиграфия) мүмкіндіктері. Зерттеу нәтижелерін талдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Қант диабеті мектебі: Науқастарды оқытудың тиімді стратегиялары
Бұл пән дәрігер-эндокринологтарды пациенттерге арналған қант диабеті мектебін ұйымдастыруға және жүргізуге дайындауға бағытталған. Курс аясында оқытудың заманауи әдістері, пациенттердің мотивациясы мен қатысуы, жеке және топтық тәсілдер, жұмыс істеудің психологиялық аспектілері, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын науқастардың өзін-өзі бақылауы мен өмір сүру сапасын жақсартуға арналған практикалық құралдар қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Неонатальды эндокринопатиялар
Жаңа туылған нәрестелердің антенатальды және ерте неонатальды кезеңде эндокриндік жүйенің қалыптасуын, олардың пайда болу себептерін, клиникасын, диагностиканың заманауи тәсілдерін, дәлелді медицина негізіндегі гормондық терапия принциптерін білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Репродуктивті эндокринология, бедеулік және жүктілік
Дәрігер эндокринолог тұрғысынан репродуктивті денсаулық. Эндокриндік жүйе мүшелерінің патологиясымен байланысты бедеуліктің себептері. Жүктілердегі эндокриндік патологияның диагностикасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Стационардағы эндокринология (балалар)
Эндокриндік жүйенің негізгі ауруларының әртүрлі түрлерінің клиникалық ерекшеліктері. Пубертатты кезеңнің эндокриндік дисфункциясы. Оларды диагностикалаудың ерекшеліктері. Пациент орталықтандырылған емдеу бағдарламасын құру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 20
-
Стационардағы эндокринология (ересектер) (гипоталамо-гипофизарлы жүйе, бүйрек үсті аурулары)
Гипоталамо-гипофизарлы жүйе, бүйрек үсті аурулары ағымының клиникалық ерекшеліктері. Диагностика қиындықтары мен ерекшеліктері. Аутоиммунды полигландулярлық аурулар. Көптеген эндокриндік неоплазия синдромдары. Пациент - орталықтандырылған диагностика мен емдеудің бағдарламасын құрастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 20
-
Балалар эндокринологиясындағы генетикалық синдромдар
Балалар мен жасөспірімдерде пайда болуы мүмкін әртүрлі генетикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезіне заманауи көзқарастар, олардың клиникасы, диагностикасы, емі, мүмкін болатын асқынулар, алдын алу, диспансеризациялау және сараптамалық сұрақтары жан-жақты баяндалады. Шерешевский-Тернер синдромы , Нунан синдромы; Прадер-Вилли синдромы; Рассел-Сильвер синдромы, Секкель синдромы; Вольфрам синдромы; Ларон синдромы; Рубинштейн синдромы; Мак-Кьюн-Олбрайт-Брайцев синдромы; Кальман синдромы; Лоуренс-Муна-Борде-Бидль синдромы; Кляйнфельтер синдромы; тестикулярлық феминизация синдромы; көптеген эндокриндік неоплазиялар синдромдары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Эндокринологиядағы пациент-орталықтанған күтім және комплайенс
Пациент-орталықтанған күтім: әдіснама, қағидаттар, мәселелер, дәрігердің рөлі мен негізгі құзыреттілігі. Емделушіге бағдарланған күтім және отбасылық дәрігерлік тәжірибе. Коммуникативтік микро дағдылардың техникасы, "қиын" пациентпен жұмыс істеу техникасы, ауыр және жағымсыз жаңалықтарды естірту. Әртүрлі эндокриндік аурулар кезіндегі пациент- орталықтанған күтім. Нонкомплайенс.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми жоба
Ғылыми зерттеулер стандарттары. Ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу тобында жұмыс істеу. Зерттеу жобасының элементтері. Жоспарлауға жүйелік көзқарас. Зерттеу сұрағын, гипотезаны қалыптастыру. Дизайн және зерттеу әдістемесі. Ақпаратты жинау. Дәлелді медицина. Халықаралық деректер қоры. Ақпараттық технологиялар.Деректерді өңдеу және талдау. Нәтижелерді жариялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инсулинді помпа және балалардағы қант диабеті кезіндегі қарқынды емдеу тәсілі
Инсулинді помпа құрылғысы. Инсулинді помпаның жұмыс механизмі. Инсулинді помпалардың үлгілері. Инсулинді помпаның артықшылықтары. Помпа арқылы инсулинотерапия көрсеткіштері. Инсулинді помпаны орнатуға қарсы көрсетілімдер. Помпалық инсулин-терапияның кемшіліктері. Базальды режим. Уақытша базальды жылдамдық.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Эндокринологиядағы коморбидті пациент
Эндокриндік патологиясы бар науқастарда коморбидтіліктің дамуының патогенездік ерекшеліктеріне заманауи көзқарастар. Олардың клиникасының ерекшеліктерін, диагнозды верификациялау, емдеу әдістерін, дербестендірілген терапияны, профилактиканы, диспансерлеуді және сараптамалық мәселелерді талап ететін асқынулардың жиынтығын егжей-тегжейлі талдау және зерттеу. 2 типті қант диабеті бар емделушілерде кардиоваскулярлық ауруларға ерекше назар аударылады. Бүйректің ерекше зақымдануы және сондағы қабыну процестері бар пациенттерді анықтау және жүргізу күрделілігі. АІЖ зақымдану талаптары мұқият талданады, бауырдың майлы дистрофиясымен цирроздың дамуына әсіресе қант диабеті бар емделушілерде жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпенің қабыну үдерістерінің ағымының ерекшеліктерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Науқаспен және науқастың ортасымен, денсаулық сақтау жүйесінің маманларымен қарым-қатынас жасау, сонымен қатар науқастардың нәтижелері үшін тәртіпаралық және кәсіпаралық топтар құрамында жақсы жетістікке жету мақсатта қарым-қатынас жасау.
- Мамандандырылған эндокриндік көмек көрсетудің әртүрлі деңгейінде балалар мен ересектердегі ішкі ауруларды диагностикалау және емдеу жүргізу.
- Әртүрлі зертханалық зерттеулерді біршама тиімді қолдануды шеберлікпен көрсету және оларды эндокринологиялық науқастарда тереңнен талдау.
- Ішкі аурулар мен эндокриндік без патологиясын диагностикалаудың әртүрлі сәулелі әдістерін жүргізуге қатысу, зерттеу нәтижелерін талдау.
- Этикалық қағидаларға, құпиялыққа, ақпараттандырылған келісімге бейілділікті көрсету және қауіпсіз және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету
- Өз бетімен білім алу жолымен кәсіпи білімді және дағдыны жетілдіру, басқа кәсіби команда мүшелерін оқыту, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне қатысу.
- Өз мамандығың бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықты және ұйымдық аясында әрекет ету, сонымен қатар ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсібиаралық команда құрамында төтенше жағдайда медициналық көмек көрсету.
- Гипофиз, ОЖЖ және сүйек тін метоболизмінің бұзылыстары кезінде жоғары мамандандырылған көмек көрсету және диагностикалау
- Аурухана және емхана жағдайында дәлелді медицина қағидаларына және ҚР хаттамаларына сәйкес эндокриндік бездердің патологиясы мен қант диабеті бар ересек және бала жасындағы науқастарды динамикалық бақылау, медициналық реабилитация, алдын алу, емдік шараларды жүргізу және диагностикалау, эндокриндік бездердің функциональдық бұзылыстары мен жедел декомпенсация кезінде жедел көмек көрсету.
- Әртүрлі эндокриндік жүйе аурулары кезінде науқастардың репродуктивті жүйе жағдайын, босану және жүктілікті жоспарлау мүмкіндіктерін, босану және жүктілікті жүргізу алгоритімін анықтау.
- Кәсіби қызметтің тиімділігін арттыру мақсатта кәсіби әдебиеттерді саралау үшін халықаралық мәліметтер базасын қолдану және зерттеушілер командасының жұмысына қатысу.