Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01512 Химия в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - белгілі бір ғылыми немесе кәсіптік салада жұмыс берушілер мен мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жоғары оқу орындары үшін жоғары білікті әртүрлі жұмыс жағдайларында кәсіби міндеттерді шешуге, бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M013 Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Басқару психологиясы..
Периодтық заң химиялық жүйелендірудің негізі ретінде
Жоғары мектептің педагогикасы
Аналитикалық химияны оқытудың әдістемелік аспектілері
Биологиялық мамандықтарда химияны оқытудын әдістемесі және казіргі кездегі технологиялары
Химиялық білім берудегі қазіргі кездегі технологиялар
"Экологиялық химия" курсын оқытудын әдістемелік аспектілері
Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың әдістемелік аспектілері
Химиядағы жасанды интеллект негіздері
Шет тілі (кәсіби)
Ғылыми зерттеулердің әдістемелері мен әдістері
Ғылым тарихы мен философиясы
Химиядан электрондық оқулықтарды әзірлеудің әдістемелік аспектілері
Химиядан оқу-әдістемелік кешендерін жасаудың әдістемелері
Органикалық химия және полимерлер химиясын оқытудың әдістемелік қағидалары
-
2 Оқу жылы
"Зат құрылысы" курсын оқытудын әдістемелік аспектілері
Химиядағы ақпараттық технологиялар
Биоорганикалық химияны оқытудын әдістемелік аспектілері
Оқу үрдісіндегі пәнаралық сабақтастық
Комплексті қосылыстар химиясын оқытудың әдістемелік аспектілері
Физикалық және колллоидтық химияны оқытудың әдістемелік аспектілері
"Зерттеудің физикалық әдістері" курсын оқытудың әдістемелік аспектілері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, білім беру, ғылым және инновацияларды интеграциялау ескеріле отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу
- Оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, химия пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; химиялық пәндердің мазмұнын білу; тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері мен технологияларын білу.
- Химиялық білімнің негізгі мазмұнын және химия дидактикасының мәселелерін терең білу; жалпы және бейорганикалық химияның теориялық мәселелерін оқытуда қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолдана білу; химияны оқыту әдістемесін пайдалана білу, кәсіби жобалар мен нәтижелерді жария түрде талқылау дағдыларын меңгеру.
- Химия саласындағы негізгі пәндерді оқыту әдістемесі мен әдістемелеріне терең білімдерге ие болу: бейорганикалық химия, физикалық және коллоидты химия, органикалық қосылыстар химиясы, өндірістік органикалық өнімдер химиясы, органикалық қосылыстарды талдау химиясы, кешенді қосылыстар химиясы, ғылыми нәтижелілікті және жарияланымдық белсенділікті арттыру.
- Химияның теориялық және қолданбалы мәселелерін оқытуда қазіргі заманғы инновациялық және цифрлық технологияларды қолдана білу, химия пәндері бойынша оқыту әдістемесін пайдалана білу.
- Жасанды интеллектінің негізгі ұғымдарын және негізгі оқыту алгоритмдерін, машиналық оқыту әдістерін классификациялауды білу, жасанды интеллектіні қолдана білу, молекулалық қасиеттерді болжау, жасанды интеллектіні белгілі қасиеттері бар жаңа молекулаларды жасау үшін қолдана білу.
- Химия саласындағы білім беру қызметін ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын қолдану, оқушыларда таңдалған мамандыққа тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.
- Кәсіби қызметте әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру процесінің сапасын диагностика мен бағалаудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын қолдану, оқушылармен цифрлық технологияларды пайдаланып кері байланыс орнату.
- Оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу және әдістемелік құзыреттілікті дамыту; психология-педагогикалық білім мен химия саласындағы білімдерді интеграциялау; инновациялық цифрлық технологияларды білу және қолдану.
- Оқушылардың азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал ету; академиялық адалдық принциптерін сақтау; оқушыларда таңдалған мамандыққа тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.
- Оқушылармен оңтайлы коммуникация; әріптестермен командада жұмыс істей білу; оқушылармен педагогикалық өзара әрекеттесу принциптерін білу; біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлей білу; еңбек нарығындағы инновациялық процестерді білу.