Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7R01122 Психиатрия (ересектер, балалар) в ҚМУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Психиатриялық денгейінде науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, медицинада, ғылым мен тәжірибедеозық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, халықтың денсаулығын нығайтуға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Мамандар мемлекет және әлемдік қоғамдастық деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің өзгермелі жағдайларына бейімделуге, өмір бойы оқытуды жалғастыруға, қоғамның дамуына үлес қосуға дайын болуы тиіс.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Қарағанды медицина университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R013 Психиатрия ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Психиатрия, оның ішінде стационарда балалар психиатриясы(Клиникалық психиатрия).
Психиатрия, оның ішінде стационарда балалар психиатриясы(Балалар және жасөспірімдер психиатриясы).
Психиатрия, оның ішінде стационарда балалар психиатриясы-1(Жалпы психопатология).
Психиатрия, оның ішінде стационарда балалар психиатриясы – 1(Ересектер, балалар наркологиясы).
-
2 Оқу жылы
Психосоматикалық медицина.
Психиатрия, оның ішінде амбулаториялық-емханалық балалардың психиатриясы (Балалар мен жасөспірімдер амбулаториялық-емханалық көмек).
Психиатрия, оның ішінде амбулаториялық-емханалық балалардың психиатриясы: (Медициналық-әлеуметтік реабилитация және әлеуметтік психиатрия).
Отбасылық жүйелік психотерапияның негіздері.
Психиатрия, оның ішінде стационарда балалар психиатриясы-2(Сексопатология).
Медициналық психология.
Психиатрия, оның ішінде стационарда балалар психиатриясы - 2(Сот психиатриясы).
Перинаталдық психология және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас.
Психиатрия, оның ішінде амбулаториялық-емханалық балалардың психиатриясы (Ересек амбулаториялық психиатриялық көмек.)
Психиатрия, оның ішінде амбулаториялық-емханалық балалардың психиатриясы (Психотерапия).
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар науқастарға көмек көрсету үшін, кәсіби құзыреттілік деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын, кәсіби жетілдірудің қауіпсіздігін білу.
- Әріптестердің көмегіне жүгіну, әрі қарай оқу және өзін- өзі жетілдіруге мақсат қою, білім, дағдылар мен тәсілдерді, кемшіліктерді жою үшін, өздерінің білімін жақсартуды бағалау.
- Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарда, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерде қазіргі заманғы жіктеулерді ескере отырып, синдромдық және нозологиялық диагнозды қою арқылы дифференциалды диагностика жүргізу, шағымдарды, анамнестикалық мәліметтерді, негізгі психопатологиялық симптомдар мен синдромдарды анықтау, сипаттау және медициналық құжаттамаға енгізу арқылы психиатриялық тексеру жүргізу дағдыларын көрсету.
- Этикалық принциптерді, құпиялылықты, ақпараттандырылған келісім мен іскерлік тәжірибені, Қазақстан Республикасындағы психиатриялық көмекті ұйымдастыру бойынша меншікті-құқықтық актілерді білу, соның ішінде «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» (19.04.2019ж. енгізілген өзгерістері мен қосымшалары) Қазақстан Республикасының 18 қыркүйек 2009 жылғы 193- IV кодекісінің нормативтік құжаттардың сәйкестігін көрсету.
- Жалпы және жеке психиатрия туралы білімін көрсету; емдеу процесінде амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәлелді медицина қағидаттарына негізделген терапия мен әлеуметтік оңалтудың заманауи тәсілдерін қолдану; медициналық құжаттарды жүргізуде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану (КМАЖ-де және МАЖ-дегі жұмыс).
- Психикалық және мінез-құлық бұзылысытарының эпидемиологиясы туралы статистикалық көрсеткіштердің дағдыларын көрсету.
- Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарда, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерде психофармакотерапия және психотерапия негіздерін, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарын емдеуде қолдану дағдыларын көрсету.
- Жалпы және жеке психиатрия туралы білімін көрсетіңіз; амбулаторлық және стационарлық деңгейде емдеу процесінде дәлелді медицина қағидасына негізделген терапия мен әлеуметтік оңалтуды заманауи тәсілдерін қолдану; медициналық құжаттарды жүргізуде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану (КМАЖ-де және МАЖ-дегі жұмыс).
- Пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне белсенді қатысу.
- Психиатрия, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердағы шұғыл жағдайлар және оларды емдеу әдістері туралы (суицидтік мінез – құлық, тамақтан бас тарту, фебрильді шизофрения, эпилептикалық статус, ауыр алкогольді делирия, қатерлі нейролептикалық синдром, жедел сандырақтық синдром, аффективті синдром, агрессивті және аутоагрессивті тендециясы бар және де басқа да психотикалық жағдайла) білімдерін көрсету.
- Психикалық ауытқулары бар науқастармен және олардың отбасыларымен кәсіби қарым-қатынас дағдыларын білу, тиімді күтімді оңтайландыру үшін кәсіпқойлар арасындағы шеберлікті көрсету, сонымен қатар орта медициналық қызметкерлермен байланысты көрсету.
- Дәлелді медицина принциптеріне негізделген заманауи терапевтік стратегияларды ескере отырып, зерттеп, алынған ақпаратты талдау және оңалту процестерінің нәтижелерін бағалау қабілетін көрсету.