Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01533 Информатика-Математика в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В01533 «Информатика-Математика» білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті білікті информатика және математика мұғалімін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Информатиканың теориялық негіздері
Элементарлық математика
Математика тарихы
-
2 Оқу жылы
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Педагогикалық зерттеулер
Компьютер архитектурасы және компьютерлік желілер
Бағдарламалау
Оқыту әдістері мен технологиялары
Программалаудың технологиясы
Алгебра
Объектілі-бағытталған программалау
Білім берудегі жасанды интеллект
Web-программалау
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Сызықты алгебра
-
3 Оқу жылы
STEM-технологиялары
Информатиканы оқыту әдістемесі
Бағалау және дамыту
Оқытуды жоспарлау және дербес оқыту
Білім беру роботехникасы
Ықтималдықтар теориясының таңдаулы тараулары
Математикалық есептерді шешу практикумы
Аналитикалық геометрия
Математикалық талдау 1
Инклюзивті білім беру ортасы
Мәліметтер қорының жүйелері
Ықтималдық теориясы, математикалық статистика және комбинаторика
Экология және өмір қауіпсіздігі
Элементтар математика бойынша практикум
Экономика негіздері және кәсіпкерлік дағдылары
Көп айнымалы функциялар
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Геометрия
-
4 Оқу жылы
Қатарлар
Бастауыш мектептегі программалау негіздері
Жоғары математика
3D-модельдеу және толықтырылған шынайлық
Математиканы жаңартылған мазмұнды оқыту әдістемесі
Математиканы оқыту әдістемесі
Математикалық талдау 2
Педагогикалық информатика
Зерттеулер, даму және инновациялар
Мектептегі цифрлық білім беру ресурстар
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, информатика және ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, компьютер және компьютерлік желілер архитектурасы, деректер базасы және ақпараттық жүйелер бойынша оқу сабақтарын құрастырады және өткізеді, информатика саласындағы озық білімге негізделген заманауи цифрлық технологияларды білу мен түсінуді көрсетеді
- Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, математикадан оқу сабақтарын құрастырады және өткізеді, математика ғылымдарының іргелі негіздерін меңгереді
- Оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде пән саласындағы практикалық және шығармашылық міндеттерді шешу үшін қашықтан және АКТ технологияларын, жобалық оқыту технологияларын пайдаланады, жаратылыстану-ғылыми бағыт саласындағы біліммен интеграциялауда STEM-оқыту технологияларын қолданады
- Көпмәдениетті қоғамда қарым-қатынас жасай біледі, қарым-қатынас психологиясының негіздерін және кәсіби қоғамдастықтағы ынтымақтастық әдістерін қолданады, кәсіби қызмет үшін қажетті тілдерде сауатты және сындарлы қарым-қатынас жүргізеді
- Білім алушыларды әділдік, адалдық және инабаттылық мұраттарына бағыттай отырып, экономика және құқық саласында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінде білімін қолданады
- Экология, дене тәрбиесі, кәсіпкерлік және өзінің кәсіби қызметінде көшбасшылық саласында білім алушылардың үздік қасиеттерін қалыптастыра отырып және әлемді жақсартуға ұмтылу дағдыларын машықтайды
- Педагогикалық тактіні, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды, оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің білімі мен дағдыларын қолданады
- Өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін меңгерген және оларды педагогикалық шығармашылық кеңістігін кеңейту мақсатында пайдаланады
- Сабақтың қойылған мақсаттарына сәйкес оқу материалдарын әзірлейді, әдістер мен тәсілдерді айқындайды, білім алушылардың жалпы оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастырады
- Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ЕБҚ бар балаларды оқытудың бейімделген бағдарламалары мен жеке траекторияларын әзірлейді, білім беру процесін критериалды бағалау дағдыларын меңгереді
- Өзінің кәсіби қызметінде есептеу техникасы және программалау, компьютерлік модельдеу, компьютерлік жүйелер мен желілердің архитектурасы саласында білімін қолданыды; информатика мен АКТ оқытуда компьютерлік модельдеу, деректер базасын, мобильді қосымшаларды, цифрлық білім беру ресурстарын жобалау мен әзірлеудің негізгі әдістерін қолданады
- Өзінің кәсіби қызметінде математикалық ғылымдар және мамандандырылған математикалық талдау, алгебра, геометрия, ықтималдық теориясы, математикалық логика және дискретті математика, дифференциалдық теңдеулер негіздерін пайдаланады; математикалық білім беру саласындағы есептерді тұжырымдайды және шешеді