Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B06201 Телекоммуникациялық жүйелер мен желілер в Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты «Телекоммуникациялық жүйелер мен желілер» білім беру бағдарламасының мақсаты - телекоммуникация саласындағы интеллектуалды, ішкі және сыртқы нарықтың талабына сай, қажетті теориялық және тәжірибелік білімі бар, дағдылармен және қабілеттерін инновациялық және білімді индустриалды салалар үшін жоғары білікті мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 6B062 Телекоммуникациялар
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Электромагниттік толқындардың таратылу теориясы
Радиотехникалық құрылғылардың электроникасы мен сұлбатехникасы
Электр тізбектерінің теориясы
Комплекс айнымалылар функцияларының теориясы
Желілік технологияларға кіріспе
Компьютерлік және математикалық модельдеу
Инженерлік және компьютерлік графика
Радиотехникалық тізбектер мен сигналдардың негіздері
Цифрлық коммуникациялар
Электр байланыс теориясы және телетрафика
-
3 Оқу жылы
Радиотехникалық құрылғылар
Метрология және радиоөлшеу
Сигналдарды зияткерлік өңдеу және деректерді талдау
Маршрутизациялау және коммутациялау негіздері
Майнор 1
Сигналдарды цифрлық өңдеу
Талшықты-оптикалық тарату жүйелері
NGN және пост - NGN желілері
Радиоқолжеткізу желілері мен жүйелері
Майнор 2
М2М желісі және Интернет заттар
Цифрлық құрылғылар мен микропроцессорлар
-
4 Оқу жылы
Телекоммуникацияның зияткерлік жүйелері
Микропроцессорлық жүйелерде бағдарламалау
Телерадио хабарларын тарату жүйелері
Мобильді байланыс жүйелері
Майнор 3
Кәсіби бағытталған шет тілі
Байланыс желілері мен жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздік негіздері
Деректерді талдау және машиналық оқыту
Стартаптар және кәсіпкерлік
Заң және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Инклюзивтік білім беру
Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері
Зерттеу әдістемесі
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Экология және тұрақты даму
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ауызша және жазбаша түрде, оның ішінде шет тілінде сөйлесе білу, тұлғааралық өзара әрекеттесу мен мәдениетаралық ортада өз көзқарасын, дүниетанымдық және азаматтық ұстанымды қалыптастыру және дәлелдеу, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін білу және оларды кәсіби қызметінде қолдану.
- Телекоммуникация саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін пәнаралық контексте математиканың негізін, ғылыми жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық білімді көрсету және қолдану, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну.
- Өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі дамытуға және кәсіби шеберлікті арттыруға, жинақталған тәжірибені сыни тұрғыда түсінуге, сондай-ақ білім беру мен кәсіби қызмет барысында әлеуметтік, этикалық, ғылыми және инклюзивтік аспектілерді ескере отырып, ақпаратты жинау мен интерпретациялау негізінде қорытынды жасауға қабілеттілікті көрсету.
- Экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы туралы ғылыми түсінікке ие болу, белгісіздік пен тәуекел жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдерді қабылдау дағдыларын меңгеру, сондай-ақ әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын меңгеру.
- Толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін дене тәрбиесі мен денсаулықты нығайту әдістерін өз бетінше, әдістемелік тұрғыдан дұрыс қолдана білу қабілетін көрсету.
- Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін қолдану, олар: Интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтер. Фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді кәсіби салада білу мен түсінуді қолдану.
- Кәсіби қызмет саласында, оның ішінде қызметтің әртүрлі бағыттары мен ғылым салаларының қиылысында табысты іске асыру үшін қажетті өмірдің әртүрлі салаларында жаңа білім, білік және құзыреттілікті алу, бұрын алған білімдерін, іскерліктерін және құзыреттерін кеңейту және тереңдету қабілетін көрсету.
- Телекоммуникация желілері мен жүйелерінің математикалық және физикалық модельдерін құруға қатысу дағдыларын көрсету. Теориялық және эксперименттік зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу әдістерін қолдану, білім мен түсініктерді кәсіби деңгейде қолдану, дәлелдер қалыптастыру және мәселелерді шешу.
- Үлгілік әдістемелер бойынша инженерлік есептеулер жүргізу және техникалық тапсырмаға сәйкес телекоммуникация желілері мен жүйелерін жобалау. Телекоммуникация саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.
- Телекоммуникация желілері мен жүйелерін жоспарлау, жобалау, енгізу және пайдалану, олардың техникалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету дағдыларын көрсету.
- Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларына сәйкес жұмыс орындарын ұйымдастыру қабілетін көрсету.
- Өндірістік бөлімше қызметтерінің нәтижелерін талдау, ұйымдастыру-технологиялық және есептік құжаттаманы әзірлеу және заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып, нәтижелерін көрсету.
- Таңдалған қосымша білім беру бағдарламасы бойынша алынған білімді қолдана білу.