Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01101 Аллергология және иммунология (ересектер, балалар) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Дәлелді медицина қағидаларына сәйкес науқастарға диагностика жүргізу, емдеу, заманауи медициналық технологияларды қолдану бойынша кәсіби білімі мен дағдылары бар, тиімді алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыруға және аллергологиялық бейіндегі науқастарға жоғары деңгейде көмек көрсетуге қабілетті, науқастарға және жалпы халыққа медициналық көмекті жақсарту үшін денсаулық сақтау саласында жаңа білім алатын бәсекеге қабілетті, білікті аллерголог-иммунолог дәрігерін даярлау.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тиісті клиникалық деректерді алу, түсіндіру, талдау, бағалау және басымдық беру, сондай-ақ толық және дәл клиникалық шешімдер қабылдау үшін барлық ақпаратты синтездеу негізінде аллергологиялық патология мен иммунопатологияға тиісті араласуды бастауды қоса алғанда, диагнозды және емдеу жоспарын уақтылы анықтау үшін білім мен дағдыларды біріктіру.
  • Балалар мен ересектерге аллергиялық аурулар мен иммунопатология бойынша мамандандырылған медициналық көмекті ғылыми негізделген тәжірибеге, жаңа ақпарат пен медициналық көмек стандарттарына сыни талдау негізінде медициналық көмектің барлық деңгейінде көрсету, емдеу және алдын алу әдістерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
  • Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларда, табиғи және техногендік сипаттағы апаттарда, пандемияда аллергологиялық аурулар тәжірибесінде көмек көрсету кезінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті уақтылы және тиімді көрсету.
  • Диагностикалық үрдістерді орындау және тиісті араласуларды бастауды қоса алғанда, ауруларды, оның ішінде шұғыл жағдайларды диагностикалау, емдеу және алдын алу процесінде науқастармен, оның ішінде балалармен, жасөспірімдермен және олардың отбасыларымен (немесе заңды өкілдерімен) оң және сенімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдалану.
  • Уақытты тиімді басқару дағдыларын сақтай отырып, әріптестердің пікірін құрметтей отырып, пациент үшін оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін салааралық/ кәсіп аралық мамандар тобының жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін коммуникативті дағдыларды пайдалану.
  • Денсаулық сақтау, дәрігерлер мен науқастардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық білімдерін қолдануға және аллергологиялық қызметін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу.
  • Медициналық құжаттаманы жүргізу, кәсіби міндеттерді шешу, медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуде олардың тиімділігін арттыру үшін заманауи ақпараттық-цифрлық және инновациялық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалану.
  • Балалар мен ересектердің денсаулығын нығайту және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында иммунды тәуелді аурулардың алдын алу, санитарлық-ағарту жұмыстары және салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шараларын өткізу.
  • Науқастармен, отбасылармен, әріптестермен және қоғамдастықпен барлық кәсіби қарым-қатынаста этикалық стандарттарды, моральдық принциптерді көрсету және енгізу.
  • Кәсіби әдебиеттерді талдау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу сұрақтарын құрастыру, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық мәліметтер қорын тиімді пайдалану. Адам денсаулығы және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы білімді ілгерілетуге бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу.
Top