7R01103 Оториноларингология (ересектер, балалар) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Оториноларингология саласында дәлелді медицина қағидаларын және заманауи медициналық технологияларды қолдана алатын және уақтылы көмек көрсететін, бәсекеге қабілетті, білікті дәрігер-оториноларингологты даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 210
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R028 Оториноларингология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Ересектердің амбулаториялық-емханалық оториноларингологиясы
Құлақ, тамақ және мұрын ауруларының ересектер арасындағы ең жиі кездесетін түрлерін диагностикалау және емдеу, оның ішінде амбулаториялық жағдайда қолжетімді дәрілік терапия мен хирургиялық араласуларды негізделген түрде қолдану, сондай-ақ стационарды алмастыратын технологияларды пайдалану. ЛОР-ағзаларының патологиясы бар пациенттерге динамикалық бақылау жүргізу. Сараптамалар мен арнайы зерттеулерді (мысалы, есту және вестибулярлық паспорт) жүргізу, оның ішінде коморбидті патологиясы бар пациенттерді басқа мамандармен бірлесе отырып қарау. Медициналық құжаттаманы жүргізу, профилактикалық және оңалту шараларын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 15
-
Амбулаториялық-емханалық балалар оториноларингологиясы
Балаларда құлақ, тамақ және мұрын патологиясының жас ерекшеліктерін ескере отырып, амбулаториялық деңгейде диагностикалау, дифференциалды диагностикалау және терапия алгоритмін тиімді диагностикалық және емдік ресурстар мен коммуникативтік дағдыларды пайдалану арқылы жүзеге асыру. Медициналық құжаттаманы жүргізу. Алдын алу шараларын және оңалту жұмыстарын медициналық құқық және нормативтік-құқықтық актілер саласындағы білімді, сондай-ақ басқа мамандармен бірлескен жұмысты пайдалана отырып жүргізу. Науқастар мен олардың отбасыларына өмір сапасын сақтау мақсатында оқыту жүргізу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 15
-
Шұғыл оториноларингология
Оториноларингология саласында шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайлар (этиологиясы әртүрлі жедел тыныс алу бұзылыстары, іріңді-қабыну үдерістері, жарақаттар, қан кетулер және т.б.) кезінде арнайы зерттеу, емдеу, оның ішінде хирургиялық ем әдістерін қолдана отырып, командалық жұмыс жүргізу. Бұл ретте сапа, дер кезінде көмек көрсету, қауіпсіздік стандарттарын сақтау, сондай-ақ пациентпен және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас орнату талаптары орындалады. Барлық іс-әрекеттер ғылыми негізделген тәжірибе аясында жүзеге асырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Балалар стационарындағы оториноларингологиясы 1/ Модуль Балалар стационарындағы оториноларингологиясы
Балаларда мұрын-жұтқыншақ, мұрын қуысы және мұрын маңы қойнаулары патологиясын диагностикалау мен емдеуді, оның ішінде жарақаттар, инфекциялық және қабыну сипатындағы ринологиялық аурулар мен олардың көз шарасы мен басішілік асқынуларын жас ерекшеліктерін ескере отырып меңгеру. Хирургиялық араласу техникасын, соның ішінде аз инвазивті әдістерді игеру. Емдеуді пациентке бағытталған тәсілге және ұтымды клиникалық фармакология бойынша білімге негіздей отырып жүргізу, ерте оңалту шараларын қолдану. Медициналық құжаттаманы жүргізу және клиникалық-медициналық ақпараттық жүйеде (КМАЖ) жұмыс істеу, пациент мүддесін көздей отырып, нормативтік-құқықтық актілерді сақтау және баланың пациент ретіндегі құқықтық ерекшеліктерін түсіну.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Ересектердің стационарлық оториноларингологиясы 1/ Модуль Ересектердің стационарлық оториноларингологиясы
Мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнауларының жедел және созылмалы аурулары (инфекциялық, қабыну сипатындағы, жарақаттар, даму аномалиялары және т.б.) кезінде стационар жағдайында ересектерге диагностика жүргізу және медициналық көмек көрсету, бұл ретте қолданыстағы клиникалық хаттамалар мен оториноларингологиялық көмектің стандарттары ескеріледі. Эндоскопиялық араласу дағдыларын меңгеру. Мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнауларының түрлі аурулары бар пациенттерді жүргізу, операцияларға қатысу, медициналық құжаттаманы рәсімдеу, клиникалық-медициналық ақпараттық жүйеде (КМАЖ) жұмыс істеу. Ақпараттық ресурстармен, оның ішінде халықаралық дерекқорлармен жұмыс жүргізу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 14
-
Анестезиология мен реаниматология
Оториноларингологияда анестезиологиялық көмекті көрсету барысында қолданылатын дәрілік препараттар мен жабдықтарды меңгеру, сондай-ақ анестезия кезінде инфузиялық және трансфузиялық терапия жүргізу қағидалары. Бас және мойын аймағында жүргізілетін операциялар кезінде анестезиологиялық көмектің ерекшеліктері: пациентті операцияға дайындау, қауіп факторларын бағалау және асқынулардың алдын алу. Анестезия және операция кезінде өмірлік маңызды функцияларды бақылау және қолдау, асқынуларды ерте диагностикалау. Реанимациялық іс-шараларды меңгеру. Түрлі аурулар, синдромдар және критикалық жағдайлар кезінде қарқынды терапияның заманауи қағидаттары мен әдістерін білу. Этика мен құқықтық нормаларды сақтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ересектердің стационарлық оториноларингологиясы 2 / Модуль Ересектердің стационарлық оториноларингологиясы
Жұтқыншақ пен көмекейдің жедел және созылмалы ауруларын (жұқпалы-қабыну сипатындағы, иммундық тәуелді, аномалиялар мен жарақаттар) анықтау және растау мақсатында олардың диагностикалық мүмкіндіктерін терең түсіне отырып, арнайы диагностикалық әдістерді меңгеру. Ересектерге стационар жағдайында медициналық көмек көрсету. Көмекейдің ісінуі мен стенозы кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету барысында командалық жұмысты ұйымдастыру; қажетті медициналық көмектің көлемін анықтау, қабылдау бөлімінде, реанимацияда, қарқынды терапия палатасында және клиникалық бөлімшеде пациентті тиімді әрі қауіпсіз жүргізу қағидаттарын сақтау. Қауіптерді басқару ісін пәнаралық тәсіл негізінде ұйымдастыру, IT-технологиялар мен зияткерлік жүйелерді тиімді пайдалану арқылы қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру және пациент үшін ең қолайлы нәтижеге қол жеткізу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 20
-
Балалар стационарындағы оториноларингологиясы 2/ Модуль Балалар стационарындағы оториноларингологиясы
Балаларда жарақаттар, инфекциялық және қабыну аурулары, сондай-ақ олардың асқынулары кезінде жұтқыншақ пен көмекей зақымдануларын диагностикалауда арнайы әдістерді меңгеру және олардың диагностикалық мүмкіндіктерін терең түсіну, бұл ретте балалардың жас ерекшеліктері туралы білімді қолдану. Ларингологиялық аурулар мен баланың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар кезінде шұғыл және ауыр жағдайда топтық жұмыс жүргізу; сапа, дер кезінде көмек көрсету, қауіпсіздік стандарттарын сақтау, ғылыми негізделген тәжірибеге, тиімді коммуникацияға және құқықтық нормаларды сақтауға негізделген қызмет көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 15
-
Балалар стационарындағы оториноларингологиясы 3/ Модуль Балалар стационарындағы оториноларингологиясы
Балаларда сыртқы және ортаңғы құлақ ауруларын диагностикалау мен емдеудің толық көлемін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, стационар жағдайында жүргізу; инвазивті емес және инвазивті диагностикалық әдістерді қолдану, сондай-ақ хирургиялық араласуларды (тимпанопластика, антротомия, мастоидотомия, сыртқы құлаққа пластикалық операциялар және т.б.) орындау техникасын меңгеру. Науқасты отаға дайындау, отадан кейінгі жүргізу, асқынулардың алдын алу және ерте оңалту шараларын ұйымдастыру. Отологиялық аурулар мен баланың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда көпсалалы мамандар тобымен бірлесіп шұғыл көмек көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 14
-
Отоневрология
Ересектер мен балаларда есту, вестибулярлық және иіс сезу жүйелері мен өмір сапасын бағалау. Вестибулярлық, есту, иіс сезу және дәм сезу анализаторларындағы иннервация бұзылуына байланысты патология кезінде емдеу әдістерін, функцияларды қалпына келтіру мен оңалту әдістерін меңгеру. Ғылыми негізделген тәжірибеге, интеллектуалды технологияларды мамандар тобының бірлескен жұмысында қолдануға негізделген емдеу, жоғары кәсіби стандарттар мен жауапкершілікті сақтай отырып, құқықтық нормаларды қадағалау арқылы пациенттің өмір сапасын жақсарту мақсатында жұмыс жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 10
-
Ересектердің стационарлық оториноларингологиясы 3 / Модуль Ересектердің стационарлық оториноларингологиясы
Стационар жағдайында сыртқы және ортаңғы құлақ ауруларын диагностикалау мен емдеудің толық көлемін жүргізу, инвазивті емес және инвазивті диагностикалық әдістерді қолдану, сондай-ақ хирургиялық араласуларды (тимпанопластика, антротомия, мастоидотомия және т.б.) орындау техникасын меңгеру. Пациентті отаға дайындау, отадан кейінгі жүргізу, асқынулардың алдын алу және ерте оңалту шараларын ұйымдастыру. Кәсіби міндеттерді шешу, оқу және өзін-өзі дамыту мақсатында ақпараттық ресурстарды (соның ішінде халықаралық) және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 11
-
Оториноларингология –онкология
ЛОР ағзаларындағы обыр алды және қатерлі ісіктерді ерте анықтауға бағытталған кешенді іс-шараларды тиімді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сәулелік диагностика, эндоскопия, иммунологиялық диагностика мен патоморфологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, әртүрлі медициналық мамандардан құралған пәнаралық топпен профилактикалық жұмыстар жүргізу. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды амбулаториялық деңгейде, оның ішінде стационарды алмастыратын технологияларды қолдану арқылы динамикалық бақылау жүргізу, сондай-ақ қатерлі және шекаралық жағдайлары бар науқастарға медициналық және әлеуметтік оңалту шараларын қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 10
-
Құлақ микрохирургиясы
Кохлеарлық имплантациялар мен ортаңғы құлақтың тимпанопластикасы сияқты микрохирургиялық араласуларды жас маманның бақылауымен IT-технологияларын қолдана отырып орындау дағдыларын меңгеру. Анестезиология негіздері және жас ерекшеліктеріне байланысты анестезиологиялық көмек көрсету ерекшеліктері. Операцияға дайындық, операциядан кейінгі жүргізу және пациентті қалпына келтіру. Асқынулардың алдын алу және хирургиялық араласудың тікелей және ұзақ мерзімді нәтижелерін жақсарту ғылыми негізделген тәжірибе мен кәсіби ақпараттық ресурстарды сыни талдау негізінде жүзеге асыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 10
-
Сурдология
Есту органы мен вестибулярлық аппарат патологиясын ерте және дәл диагностика жасау, себептерін анықтау, емдеу және оңалту жоспарын әзірлеу үшін қазіргі заманғы зерттеу әдістерін (соның ішінде интеллектуалды технологияларды) қолдану. Медициналық-эксперттік кеңес беру, құқықтық білім мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтау, этика, кәсіби жауапкершілік және адалдықты ұстану. Есту қалпына келтіру әдістерін негізделген түрде тағайындау (есту аппаратымен жабдықтау, кохлеарлық имплантация). Өмір сапасын арттыру мақсатында пациенттерді (ересектер мен балаларды) оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 15
-
Фониатрия
Дыбыстың пайда болу механизмін терең анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан түсіну негізінде дауыс түзілуінің бұзылыстары мен дауыс аппараты ауруларын диагностикалаудың әдістерін (стробоскопия, электроглоттография, фонетография, акустикалық талдау) меңгеру, сонымен қатар заманауи IT технологияларын қолдану. Дауыс бұзылыстарын ғылыми негізделген дәрілік және хирургиялық әдістермен емдеу мультидисциплинарлы команда құрамында (невропатологтар, онкологтар, эндокринологтар және басқа да мамандармен бірлесе отырып) жүзеге асыру және тиісті сараптамадан өткізу. Жоғары технологиялық әдістерді (тиропластика, имплантациялық пластика және т.б.) пайдалана отырып, кешенді оңалту бағдарламаларын әзірлеу, науқастарды оқыту және психологиялық тұрғыдан тиімді қолдау көрсету – өмір сүру сапасын арттыру мақсатында логопедтермен, невропатологтармен және вокалдық педагогтармен бірлесіп атқарылады. Дауыстық жүктемемен байланысты кәсіби қызмет атқаратын пациенттерге фониатриялық қолдау көрсету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 10
-
ҚМТ тәжірибесіндегі аутоиммунды аурулар
ЛОР-ағзаларының зақымдалуымен көрінетін аутоиммунды аурулардың патофизиологиясы мен иммуногенетикасы, олардың клиникалық белгілерінің ерекшеліктері, сондай-ақ дер кезінде диагностика жүргізу үшін заманауи иммунологиялық және ақпараттық-сандық технологияларды қолдану. Жұқпалы асқынулардың жоғары қаупіне байланысты иммуносупрессивті және биологиялық терапия қабылдайтын науқастарды жүргізу мәселелері. Таргеттік терапияға арналған препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты қазіргі заманғы клиникалық зерттеулердің нәтижелерін талдау және сыни бағалау. ЛОР-мүшелердің зақымдануымен жүретін аутоиммунды аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық клиникалық ұсынымдар мен стандарттар. Коморбидтілігі бар, терапияға резистентті немесе жүкті пациенттер сияқты ерекше топтарға ревматологтар мен иммунологтардан құралған мультидисциплинарлық топ құрамында жекелендірілген (персонификацияланған) тәсілмен ем жүргізу. Зерттеу сұрақтарын тұжырымдау және ғылыми зерттеу нәтижелеріне сыни талдау жасау арқылы клиникалық шешімдерді дәлелді түрде қабылдау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Оториноларингологиядағы жасанды интеллект
ЛОР-ағзаларының патологиясын диагностика жасау, болжам жасау, қауіп-қатерлерді бағалау, жекелендірілген емдеу және оңалту барысында заманауи интеллектуалды технологияларды (жасанды интеллект, роботтандырылған диагностика және хирургиялық емдеу жүйелері, протездеу және функцияларды қалпына келтіру) қолдану. Операциялық дағдыларды меңгеру үшін виртуалды шынайылық және толықтырылған шынайылықтағы тренажерларды пайдалану. Нейрожелілер көмегімен үлкен деректерді талдау арқылы клиникалық шешімдер қабылдау үшін қолдану, сондай-ақ медицина саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізуде бұл технологияларды пайдалану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Балалардың жұқпалы аурулары кезіндегі ҚМТ мүшелерінің жағдайы
Балалардағы инфекциялық аурулар кезінде ЛОР-ағзаларының зақымдануын тереңірек зерттеу, сондай-ақ ерекше топтағы науқастардың клиникалық жағдайларын талдау. Сирек кездесетін аурулар (сирек біріншілік иммунодефициттер, аутоиммунды аурулар), жаңа аурулар (IgG4-тәуелді ауру, мультиқабынулық синдром) және екпеге деген адалдықтың төмендеуіне байланысты жаңадан пайда болған аурулар (құтыру, дифтерия), осы ауруларда инфекциялық патологияның модификацияланған атиптік ағымы болуы мүмкін. Мультидисциплинарлық команда құрамында бала өміріне қауіп төндіретін аурулар мен жағдайларға шұғыл медициналық көмек көрсету. Әдебиеттерді сыни бағалау және талдау, ғылыми зерттеу сұрақтарын тұжырымдау, халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу, ғылыми зерттеулерге, оның ішінде халықаралық зерттеулерге қатысу. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стратегиялары мен ұсынымдары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
ҚМТ мүшелерінің және жақ-бет аймағының реконструкциялық хирургиясы
Туа біткен даму аномалиялары, жарақаттық зақымданулар, сондай-ақ ЛОР-ағзалары мен оларға жақын анатомиялық құрылымдардың басқа да жүре пайда болған бұзылыстары кезінде функцияны қалпына келтіру және/немесе өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында заманауи хирургиялық емдеу әдістері бойынша білім мен практикалық дағдыларды тереңдету және жетілдіру. Зақымданған немесе жойылған мүшелерді қалпына келтіру немесе алмастыру, функционалдық бағыттағы пластикалық хирургияны жүргізу барысында IT-технологияларды қолдану. Ғылыми-зерттеу сұрақтарын тұжырымдау, халықаралық деректер мен заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыни тұрғыдан талдау арқылы кәсіби даму мен үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Функционалды эндоскопиялық риносинусохирургия
Мұрын қуысы мен мұрын маңындағы қосалқы қуыстардың ауруларын аз инвазивті әдіспен (FESS технологиялар) емдеу тәсілдері мен техникасын терең эндоскопиялық анатомиялық білімге сүйене отырып меңгеру мұндағы мақсат физиологиялық қызметті қалпына келтіру болып табылады. Бұл клиникалық хаттамаларға сәйкес келетін көрсетілімдерді, мүмкіндіктер мен шектеулерді дұрыс түсіну арқылы, оториноларингологиялық көмектің қолданыстағы стандарттарын ескере отырып жүзеге асырылады. Сондай-ақ науқастарды операциядан кейінгі кезеңде жүргізу және асқынулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 15
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Отоларингологиялық көмектің барлық деңгейлерінде дәлелді медицина және ақпаратты сыни талдау принциптерін қолдану негізінде ауруларды тиімді диагностикалау, емдеу және басқару және науқастардың денсаулығын жақсарту бойынша клиникалық білім мен дағдыларды біріктіру.
- Қолданыстағы клиникалық хаттамаларға және оториноларингологиялық көмек көрсету стандартына сәйкес, ересектер мен балалардың құлақ, тамақ және мұрын аурулары кезінде арнайы медициналық көмек көрсету.
- 3. Оториноларингологиялық көмек көрсету кезінде туындайтын шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде де, арнайы медициналық көмекті уақтылы әрі тиімді көрсету.
- Диагностикалық үрдістерді орындау және тиісті араласуларды бастауды қоса алғанда, ауруларды, оның ішінде шұғыл жағдайларды диагностикалау, емдеу және алдын алу процесінде науқастармен, оның ішінде балалармен, жасөспірімдермен және олардың отбасыларымен (немесе заңды өкілдерімен) оң және сенімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдалану.
- Науқас үшін оңтайлы нәтижеге қол жеткізу мақсатында әріптестердің пікіріне құрметпен қарап, уақытты тиімді басқару дағдыларын сақтай отырып, мамандардың пәнаралық/кәсіби топтарының жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін коммуникативтік дағдыларды пайдалану.
- Денсаулықты сақтау саласындағы ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қызметін айқындайтын денсаулық сақтау саласындағы құқықтық білімдерін қолдану, дәрігердің және науқастың құқығын қорғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу.
- Медициналық құжаттаманы жүргізу, кәсіби міндеттерді шешу, медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуде олардың тиімділігін арттыру үшін заманауи ақпараттық-цифрлық және инновациялық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалану.
- Оториноларингология саласында бастапқы және екінші реттік профилактикалық шараларды, медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алуды, сондай-ақ балалар мен ересектердің және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу.
- Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын сақтау, жеке дамуға және өмір бойы оқуға назар аудару.
- Күнделікті кәсіби қызметінде пайдалану мақсатында кәсіби әдебиеттерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін және халықаралық дерекқорларды жан-жақты талдау және сын тұрғысынан бағалау.
- Адам денсаулығы саласындағы білімді дамытуға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми жобаларға зерттеу тобының құрамында қатыса отырып, ғылыми-зерттеу қызметіне белсене араласу.