Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M05104 Жалпы және қолданбалы биотехнология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Белгілі бір ғылыми немесе кәсіби саладағы жұмыс берушілер мен мемлекеттік стандарттардың талаптары бойынша дайындау бағыты бойынша еңбек қызметінің әртүрлі жағдайларында кәсіби міндеттерді шеше алатын, түрлі мақсатты өнімдерді алу үшін тірі жүйелерді пайдаланумен байланысты биотехнология саласында терең білімі бар магистрлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M082 Биотехнология
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Басқару психологиясы..
Биотехнологиядағы шикізат ресурстары
Жоғары мектептің педагогикасы
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарын құрылымдық-функционалдық зерттеу
Дәрілік заттардың биотехнологиясы
Дәрілік өсімдіктердің биотехнологиясы
Биологиялық белсенді заттардың химиясы
Қоршаған ортаны тазарту үшін биопрепараттар өндіру технологиясы
Тағамдық және биотехнологиялық өңдірістің микробиологиялық негіздері
Қоршаған ортаны қорғау биотехнологиялық әдістері
Шет тілі (кәсіби)
Ғылым тарихы мен философиясы
Биотехнологияның молекулалы-генетикалық негіздері
Биотехнологиядағы метаболикалық инженерия
Қоршаған ортаны қорғау биотехнологиялық әдістері
Биотехнологияның қазіргі әдістері
-
2 Оқу жылы
Биотехнологиялық зерттеулердегі ғылыми-техникалық құжаттар
Биотехнологиялық өнімдерді бөліп алу және тазартудың өндірістік әдістері
Вакциналық препараттарды өндіру биотехнологиясы
Биотехнологиядағы жаңа ғылыми жабдықтар
Биотехнологиялық өнімдерді бақылау және сертификаттау әдістері
Ғылыми зерттеулердің методологиялық негіздері
Биотехнологиядағы бизнесті жоспарлау
Биотехнология саласының өндірістік жабдықталуы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады
- Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу
- Биотехнологиялық процесті басқару үшін білім мен дағдыларды қолдану. Биотехнология өнімдерінің сапасын басқару жүйесін Қазақстандық талаптарға және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес іске асыру дағдыларына ие болу
- <иохимия, микробиология, өнеркәсіптік биотехнологияның кәсіби бейіндеу білімін білу. Биосинтез, микро - және макростехиометрия, микро - және макрокинетика процестерінің биохимиялық және биологиялық заңдылықтарын білу. Қолданбалы биотехнологияның әртүрлі салаларында теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізу
- Адамның тамақ өнімдеріне, энергияға, дәрілік препараттарға және биологиялық белсенді заттардың жаңа түрлеріне қажеттілігін қамтамасыз ету үшін биологиялық объектілерді модификациялау бойынша перспективалық технологияларды әзірлеуге қабілетті. Инновациялық биотехнологиялық процестер мен өнімдерді құру үшін инженерлік талдау міндеттерін қою және шешу. Қазіргі заманғы биотехнологиялық өндірісті кәсіби пайдалану, олардың жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- Студентке бағдарланған оқыту және бағалау принциптерін ескере отырып, оқу сабақтарын (дәрістерден басқа) ұйымдастыру және өткізу; білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; сандық технологияларды пайдалана отырып, бакалавриат студенттерімен кері байланыс орнату. Қалдықтар мен зиянды заттарды жою үшін биотехнологиялық әдістерді әзірлеу және қолдану, биомониторинг жүргізу, қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелерді шешу. Инновациялық биотехнологиялық процестер мен өнімдерді құру үшін инженерлік талдау міндеттерін қою және шешу. Жасанды интеллект көмегімен био- және техносфераның экомониторингі бойынша деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану, компьютерлік көру жүйелерін (биотехнологиялық процестердің бейне мониторингі, биоремедиация процестері, биоөнімдерді сенсорлық бағалау) пайдалану, әртүрлі биотехнологиялық тапсырмаларды орындау үшін биосенсорлар мен тест-жүйелерді қолдану, биотехнологиялық процестерді интеллектуалды басқару.
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды/шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға қатысу; ғылыми өнімділік пен жариялау белсенділігін арттыру; ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс істеу. Жаңа өндірістерді жобалау және қолданыстағы өндірістерді жетілдіру шеңберінде жаңа биотехнологиялық процестер мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу.
- Оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру және әдістемелік құзыреттілігін дамыту; кәсіби біліктілігін арттыру; бакалавриат семинарларын/практикалық сабақтарды өткізу кезінде психологиялық-педагогикалық білім мен пәндік саладағы білімнің интеграциясын қамтамасыз ету; оқытудың заманауи және инновациялық (соның ішінде цифрлық) технологияларын қолдану. Биотехнологиялық өндірістердің стандартты жабдықтарын биосинтез және биотрансформация өнімдерін бөліп алуға, анықтауға және талдауға, мақсатты биологиялық өнімдердің жаңа штамм өндірушілерін алуға мүмкіндік береді. Командалардағы ұйымдастырушылық және басқарушылық жұмыс дағдыларына ие болу. Биотехнологиялық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерінде құзыретті болу.