Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01510 Физика мұғалімдерін дайындау в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде әлемдік ғылымның қазіргі даму кезеңінде зерттелетін пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдауға және кәсіби зерттеу қызметінде олардың нәтижелерін қолдануға қабілетті.
  • Академиялық және кәсіби құзіреттілікті қажетті деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақыптары, оның ішінде ағылшын тілінде де ғылыми құжаттаманы сыни талдай және дайындай алатын білім алушылармен қамтамасыз етуге қабілетті.
  • Педагогикалық жағдайларды шешу процесінде заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың әдіснамасын қолдануға, кәсіби қызметте білім алушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың заманауи теориялары мен технологияларын пайдалануға, семинар/практикалық сабақтарды өткізу кезінде пәндік және психологиялық-педагогикалық білімдерін кіріктіруге қамтамасыз етуге қабілетті, сондай-ақ білім беруді дамытудың стратегиялық құжаттарын, педагогикалық шеберліктің негіздерін және тәрбие жұмысының әдістемесін білу.
  • Оқу-әдістемелік жұмысты жүргізуге және әдістемелік құзыреттілікті дамытуға, кәсіби біліктілікті арттыруға, психологиялық-педагогикалық білімдердің интеграциясын қамтамасыз ету және бакалавриат семинарларын/тәжірибелік сабақтарын өткізу кезінде пәндік саладағы білімді, оқытудың заманауи және инновациялық (соның ішінде цифрлық) технологияларын қолдануға қабілетті.
  • Пәнаралық байланысты жүзеге асыруға назар аудара отырып, қолайлы білім беру ортасын құру және оқытудың тәжірибеге бағытталған әдістері мен технологияларын қолдана алады, сонымен қатар заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологияларын қолдана алады.
  • Физикадағы классикалық бөлімдердің негізгі қағидаларын, негізгі идеялар мен әдістерді меңгерген, сабаққа қажетті оқу материалдарын, оның ішінде ақпаратты іздеу, сүзу және сыни бағалау негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана алады және сабақтан тыс жұмыстарда оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыра алады.
  • Бакалавриат білім алушыларында қажетті деңгейдегі зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметін дамытуға, сондай-ақ олардың ғылыми жарияланымдармен айналысуына және дамытуға ықпал ету.
  • Ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен тиімді байланыс орната отырып, білім алушылармен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдарының әріптестерімен және қызметкерлерімен оңтайлы қарым-қатынас құра отырып, студенттерді қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту.
  • Ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз етіп, заманауи және инновациялық (цифрлықты қоса алғанда) оқыту технологияларын қолдануға, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды немесе шығармашылық жобаларды орындауға, ғылыми нәтижелер мен жарияланым белсенділігін арттыруға, сондай-ақ ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеуге қатысуға қабілетті.
Top