Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01511 Информатика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және кәсіби қызметте пайдалану
  • Шет тілін меңгеру арқылы коммуникативті қабілеттіліктерді игеру.
  • Заманауи педагогикалық технологияларды қолдануды және педагогикалық-психологиялық білімдерді игеру.
  • Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде цифрландыруға негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу, білім беруді цифрландыру жағдайында дидактика қағидаттарына сәйкес зерттеуді ұйымдастыру нысандарын жоспарлау, таңдау, оқытудың инновациялық әдістерін, инноватиканы меңгеру, заманауи педагогикалық менеджмент пен стратегиялық басқару әдіснамасын білу
  • Ғылыми-зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру, инклюзивті білім беру жағдайында инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану
  • Аппараттық және бағдарламалық құралдардың заманауи әдістерін білу, желілік таратылған технологияларды қолдануды бағдарламалау, мобильдік қосымшаларды құруда бағдарламалауды игеру, зерттеулерде қолдану. Параллель есептеулер кластері негіздерін білу. Білім берудегі параллель есептеулер кластерінің аппараттық және программалық қаптамаларын білу. Параллель есептеулер кластерін баптау. Параллель есептеулер кластерінде есептер шығару. Параллель есептеудің тиімділігін бағалау
  • Білім беру саласына АКТ-трендтерді ендіру әдістерін игеру, ауқымды деректерді желіде басқаруды меңгеру, білім беру саласында заттар интернетінің маңызын білу, пәндік салада VR/AR жобаларын әзірлеу, киберпедагогика әдістерін игеру, көпдеңгейлі клиент-сервер технологияларын меңгеру, микророботтарды бағдарламалау дағдыларын меңгеру. Нейрондық желілерді білім беру процесінде машиналық оқыту модельдерін әзірлеу және енгізу үшін қолдану.
  • Қашықтықтан оқыту үдерісін ұйымдастыруда және басқаруда білім беруді цифрландыру үшін IT курстарының мазмұнын құрылымдау, білім берудегі онлайн платформаларды игеру және оларға мультимедиялық технологияларды кіріктіруді меңгеру. Мұғалімдердің оқу жобаларын қолдау үшін цифрлық құралдармен, бағдарламалық қамтамасыз етумен және онлайн-ресурстармен өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Қазіргі заманауи таратылған деректер технологияларын, бұлттық технологияларды және педагогикалық технологияларды қолдана отырып ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізе білу.
Top