8D01516 Информатика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Информатика және білім беруді цифрландыру саласында кәсіби-ғылыми құзыреттерге ие, ғылым, білім беру және басқару саласында инновациялық қызметке қабілетті, ғылымның, информатика саласындағы білімнің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті зерттеушілерді, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D012 Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Академиялық хат
Пән аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы академиялық адалдық қағидалары шеңберінде ғылыми этикаға сай жазу, жобалау, жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар таныстырлып, қалай жұмыс жасау, олардың өнімдерін қалай және қай жерде пайдалануға болатындығы үйретіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасау және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламалары таныстырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беруді цифрландыру және информатиканы оқыту мәселелері
Пән докторанттарды білім беруді және білім беру ұйымдарын басқаруды цифрландырудың проблемаларын тиімді шешуді үйретеді. Пәнді оқу барысында докторанттар информатиканы оқытудың виртуалды (цифрлық) білім беру ортасын құрудың тұжырымдамалық негіздері бағытында ғылыми-әдістемелік дайындықты қалыптастыру арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие, мобильді және интернет-технологияларды еркін меңгерген, сондай-ақ электрондық оқыту арқылы біліктілікті үздіксіз арттыруға бағдарланған мамандарды даярлауға үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Докторанттарда диссертациялық жұмысты орындау және ғылыми мақалаларды жазу кезінде қолданылатын ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістері туралы терең білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру көзделеді. Бұл білім алушыға өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында зерттеудің сапалық және сандық әдістерін негізге ала отырып дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми ізденістің заманауи талаптарына сәйкес жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдылары қалыптастырылады. Жасанды интеллект негізіндегі құралдарды (мәтіндік модельдер, автоматтандырылған библиография, деректерді талдау жүйелері) қолдану арқылы ғылыми ақпаратты құрылымдау, зерттеу гипотезаларын дәлелдеу және академиялық жазылым сапасын арттыру мүмкіндіктері кеңейтіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беруде цифрлық технологиялар
Пән магистранттарды инклюзивті білім беру жағдайындағы ақпараттық-білім беру ортасының ерекшеліктерін, сондай-ақ білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық құралдарды зерттеуді үйретеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу ортасын оңтайландыруда АКТ және олардың қосалқы құралдарының мүмкіндіктері зерделенеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру робототехникасы саласында информатика мұғалімдерін даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Пән білім беру робототехникасының ғылыми-теориялық негіздерін меңгертеді және оны оқу үдерісінде тиімді қолданудың әдістерін түсіндіреді робототехника элементтерін қолдану арқылы сабақ жоспарларын әзірлеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар мен жобалар дайындауды, білім беру робототехникасы бойынша заманауи оқыту технологиялары мен педагогикалық әдістерді таңдап, қолдануды және робототехника бойынша ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарды ұйымдастыруды үйретеді, білім алушыларды ғылыми ізденіске ынталандырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Информатика саласындағы педагогикалық зерттеу әдіснамасы және білім беруді ақпараттандыру
Пән докторанттарды информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің дербес әдіснамасына дайындауды үйретеді. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар ақпараттық қоғамның қазіргі жағдайында педагогикалық зерттеу әдістерін, нысандарын іріктеудің әдіснамалық базасын меңгеруді, информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы зерттеу модельдері мен технологияларын әзірлеуді әдіснамалық негіздеуді қамтамасыз етуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазу барысында ғылыми этика нормаларын сақтай отырып, академиялық адалдық қағидаларын басшылыққа алады және халықаралық ғылыми дерекқорлар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдаланады
- Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
- Зерттеу бағытына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді айқындай отырып, жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы алынған зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ғылыми негізделген қағидалар ұсынады, ғылыми еңбектерді әзірлейді және ғылыми қауымдастық алдында қорғайды
- Әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды инновациялық технологиялардың іскерлік қолданбаларымен сыни тұрғыдан талдай және салыстыра отырып, жаңа идеялармен шешімнің прототипін әзірлейді
- Білім беруді басқаруды цифрландырудың шешімдерін, педагогикалық зерттеу әдістерін, модельдері мен технологияларын әзірлеу әдістерін қолданады
- Желілік оқытудың тәрбиелеу және дамытушы әлеуетін анықтап, білім беру мүмкіндіктері мен робототехника бойынша ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарды ұйымдастырып, оқушыларды ғылыми ізденіске ынталандырады
- Инклюзивті білім беру жағдайындағы ақпараттық-білім беру ортасын, АКТ құралдарын зерттеп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу ортасын оңтайландыруда АКТ және олардың қосалқы құралдарының мүмкіндіктерін қолданады