7M07130 Электр энергетикасы в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер мен әдістері жиынтығын құруға қабілетті маманды дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M099 Энергетика және электр техникасы
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
Электр техникалық кешендер және технологиялық процестердің электржетегі
Пәннің мақсаты энергетика жүйесіндегі электр техникалық кешендер және технологиялық процесстердің электр жетегінің негізгі электромеханикалық қасиеттері, тұрақты және айнымалы токтың электр қозғалтқыштары, олардың механикалық және жылдамдық сипаттамалары, негізгі жұмыс режимдері және жылдамдығын реттеу әдістері, өтпелі режимдердің электр жетектерінің жұмысына әсерін қарастырады. Электр қозғалтқыштарының негізгі және қосымша жұмыс режимдерінде сынама жүргізуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Технологиялық процестердегі энергетикалық қондырғылар
Пәннің мақсаты энергетика жүйесіндегі технологиялық процесстерде пайдаланатын негізгі энергетикалық қондырғылардың жұмыс істеу тәртіптері, олардың құрылымдары, жұмыс істеу принциптерін қарастырады . Заманауи электр стансасы мен электр желілерінде пайдаланатын энергетикалық қондырғылардың жұмыс істеу барысындағы технологиялық, құрылымдық ерекшеліктерін үйренеді. Энергетикалық қондырғыларды ұзақ мерзімді жұмыс істеуге, эксплуатацияға дейін сенімділікке алдын ала сынау жұмыстарын жүргізеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр қондырғыларын автоматтандыру және қорғау
Электр қондырғыларын автоматтандыру, автоматты басқару жүйесін есептеу мен қалыпқа келтіру көрсетілген. Трансформаторлар мен автотрансформаторлардың қорғаныстары: шықпалардағы бүлінулер мен ішкі бүлінулерден; сыртқы қысқа тұйықталу токтарынан; болуы мүмкін асқын жүктемеден; сыртқы жерге тұйықталу токтарынан қорғау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автоматтандырылған электр қондырғылар және жүйелер
Пәннің мақсаты автоматтандырылған электр қондырғылар және жүйелердің құрылымдық схемасымен және жұмыс істеу ерекшеліктерімен, сипаттамаларымен танысу. Электр жүйелері схемаларының түрлері және электр жетектерін автоматты басқару принциптерін меңгеру. Қысқа тұйықталу тоқтарында қорғаныс элементеріне уақыт функциясын белгілеу және электр қондырғыларында есептеу аспаптарын автоматты басқару принциптерін ұғыну.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект
Пән жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі теориялық және практикалық аспектілерін, оның әдіснамалық негіздерін және заманауи технологиялардағы қолданылу мүмкіндіктерін тереңдете оқытады. Пәнді меңгеру барысында магистранттар ЖИ пайдаланып деректерді өңдеу және талдау, сондай-ақ машиналық оқыту мен нейрондық желілерді қолдану бойынша терең білім алып, жасанды интеллект әдістерін нақты ғылыми зерттеулер мен қолданбалы жобаларда пайдалану дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Энергетикадағы энергия үнемдеу және технологиялар
Пәннің мақсаты – әлемнің және Қазақстан Республикасындағы энергетикалық ресурстарын талдау, электр станциялары мен қосалқы станцияларының отын-энергетикалық кешенін, энергияны тиімді түрлендіруді, жүктеме графиктерін, энергияны жинақтауды қарастыру. Тікелей энергияны түрлендіру әдістері келтірілген. Дәстүрлі емес жаңартылатын көздер сипатталған энергия, энергияны тасымалдау және бөлу мәселелері, баға мен тарифтік реттеу, энергия тұтынуды нормалау, сондай-ақ негізгі құқықтық және нормативтік энергия үнемдеу саласындағы құжаттар, энергия үнемдеу бағдарламалары, кейбіреулері энергияны үнемдеудің техникалық бағыттары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр жабдықтарының сенімділігі және пайдалану жолдары
Пәннің мақсаты электр жабдықтарының сенімділігін, сенімділік теориясының негізгі әдістерін, жалпы қызмет көрсету теориясын, электр жабдықтарын пайдалану жолдарын үйренді. Білім алушы техникалық қызмет көрсетудің, электр қондырғыларын жөндеудің және қайта қалпына келтірудің үлгілік технологияларын меңгереді. Электр жабдықтарының автоматика, релелік қорғаныс элементерінің сенімділігінің көрсеткіштері, электр жабдықтары сапасының түсінігі, қасиеттері, өзара байланысы және топтарға бөлінуі қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән жоғары білім беру жүйесінің мазмұны, құрылымы және даму бағыттары туралы кешенді түсінік қалыптастырады. Оқытудың ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздері, педагогикалық үдерісті жобалау мен басқару ерекшеліктері туралы білімдерді зерттейді. Сондай-ақ, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, педагогикалық қарым-қатынас түрлері және білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру әдістері мен технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жаңғыртылатын энергия көздеріне негізделген технологиялық процестерді модельдеу
Пәнің мақсаты жаңғыртылатын энергия көздеріне негізделген тұтынушылардың электр желілерін пайдалану тәртіптері, жаңғыртылатын энергия көздерінен энергия алу үрдісінің физикалық негізінде электрэнергиясын өндіру, пайдаланылған тоқ кернеу шамаларының диаграммалары арқылы қуат моөлщерін есептеу жолдарын көрсету. Қайта жаңғырылатын энергия көздеріне негізделген қондырғылардың теориялық негіздерін құру жолдарын қамту
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық ғылыми жазба
Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Энергетикадағы наноматериалдар және нанотехнологиялар
Пәннің мақсаты наноқұрылымды материалдардың физикалық, теориялық зерттеу тәсілдерінің ішкі химиялық процестері ,жартылай өткізгіш элементерінң қасиеттері, функционалдық наноматериалдар және нанотехнологияны қолдану, наноматериалдардың негізгі параметрлерін түсіну және есептеу тәсілдерін корсету. Наноматериалдар және нанотехнологиялардың үрдісін электр техника және электроника құрылғыларында пайдаланау жолдарын қарастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақстандағы энергия нарығын ұйымдастыру мәселелері
Пәннің мақсаты энергожүйенің толық жүктелмеуі энергия нарығы субъектілерінің экономикасының көрсеткіштеріне, және мемлекетік тұрғыда тозығы жеткен электр қондырғыларды модернизациялау электр жабдықтарды қалпына келтіруді толық көлемде жүргізу мүмкіндіктерін қарастырады. Жаңа заманауи қайта жаңғыртылатын энергия көздеріне негізделген электр станцияларын салу және қолданыстағы электр станцияларының қондырғыларын жаңарту энергия үнемдеу мәселерін ескеру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Matlab ортасында электр энергетикалық жүйелердің элементтерін моделдеу
Пәннің мақсаты электр жүйесі объектілері мен техника салаларын электрмен жабдықтау жүйелерінің өтпелі және қалыптасқан жұмыс режимдерін зерттеу үшін қолданылатын модельдеу мен бағдарламалық құралдардың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру және электрмен жабдықтау жүйесінің көрсеткіштерінің есептерін шешу үшін қолданбалы бағдарламаларды модельдеу мен қолдану дағдыларын меңгеру болып табылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заманауи электр стансалар және электр жүйелері
Пәннің мақсаты заманауи электр жүйелер мен электрстанциялардың технологиялық процестерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ жоғарғы кернеу тораптарының жұмыс режимдерін, компенсациялаушы құрылғылардың қуатына байланысты номиналды тоқ, кернеу көрсеткіштерін таңдау мәселелерін қарастыру. Заманауи электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары жұмысының негізгі режимдері және жаңартылған ажыратқыштардың, айырғыштардың негізгі параметрлері мен пайдалану сипаттамаларын көрсету
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Энергетикалық процестерді компьютерлік модельдеу
Пәннің мақсаты электрлік қондырғылармен және энергетикалық технологиялардағы энергетикалық процесстерін компьютерлік және ықшамдау тәсілдерімен модельдеу жолдарын қарастыру. Электр қондырғыларына орнатылған жартылай өткізгіш элементерінің сигналды басқару схемаларын жіктеу,электр қондырғыларындағы өтпелі процестерді математикалық модельімен әдістеменің классификациясын қарастыру, сонымен қатар, нақты мысал ретінде энергетикалық аппараттардағы процесстерді математикалық теңдеумен шешу тәртібін зерделеу
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Энергетикалық жүйелердегі өтпелі процестерді модельдеу және талдау
Бұл пән энергетикалық жүйелерде орын алатын өтпелі процестердің физикалық және математикалық негіздерін зерттеуге бағытталған. Магистранттар өтпелі процестердің пайда болу себептері мен салдарын, жүйенің динамикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің заманауи әдістерін, сондай-ақ модельдеу және талдау құралдарын меңгереді. Пән шеңберінде нақты энергетикалық нысандардың модельдері қарастырылады және компьютерлік симуляция арқылы зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері энергетикалық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылдауда қолданылады. Магистранттарға энергетикалық жүйелердегі өтпелі процестердің күрделі динамикасын терең меңгерту, заманауи модельдеу әдістерін және сандық талдау құралдарын қолдана отырып, жүйенің сенімділігі мен тұрақтылығын бағалау және басқару қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Энергия өндірудің жаңа тәсілдері
Пәннің мақсаты табиғи энергия көздерін пайдаланып жылу және электр энергиясын өндіруә дістері және оның энергетикалық көрсеткіштерін анықтау. Электр станцияларында электр энергиясын өндіру процесін автоматтандыру,электр жабдықтарын таңдау,электр энергиясын өндіру жүйесінде энергия үнемдеу мәселелерін меңгеру, электр және жылу энергиясын өндірудің технологиялық сызбаларын орындау жолдары қарастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
- Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды.
- халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
- Қондырғы жұмысының оңтайлы режимінің параметрлерін, экологиялық және техника-экономикалық талдауларын, электр энергетикалық нысандардың сұлбасын ұсынады
- Электр қондырғыларын зерттеуді, өлшеуді, сынауды, электр техникалық кешендерді әзірлеуді және өндіріске енгізуді ұйымдастырады
- Қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолдана отырып нормативтік құжаттарға сәйкес монтаждау-жөндеу жұмыстарын жүргізеді
- Ұйымдастыру-басқару қызметінде ұжым жұмыстарының сапасын қамтамасыз ете отырып, өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалауда, ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлау кезінде шешімдер қабылдайды