Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D05213 География в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарламаның мақсаты – географиялық және геоэкологиялық мәселелерді шешумен байланысты қазақстандық және халықаралық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, жеке және мемлекеттік компаниялар үшін біліктілігі жоғары зерттеушілерді дайындау. Бағдарлама иеленген мамандығына сәйкес география және геоэкология салаларындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік міндеттерді шешумен байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыруға; теориялық, далалық, зертханалық, эксперименттік және есептеу зерттеулерін ұйымдастыру мен жүргізу үшін жетекші немесе ғылыми ұжымның мүшесі ретінде қатысуға; географиялық және геоэкологиялық зерттеулердің әдіснамасын, жаңа әдістері мен технологияларын, география ғылымы саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, географиялық және геоэкологиялық бағыттағы жоғары және орта кәсіби білімнің оқу-әдістемелік құжаттарын құрастыруға және т.б. дайын жоғары санатты мамандарды әзірлеуге бағытталған.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D084 География
-
Білім беру саласы 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 8D052 Қоршаған орта
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Академиялық хат
Табиғи-ресурстық әлеуетті геоэкологиялық бағалау
Климаттың өзгеруі жағдайында табиғи орта экогеоморфогенезінің даму мәселелері
Геожүйелерді зерттеудегі интеграциялық тәсілдер
Қоршаған табиғи орта жағдайын ғарыштық мониторингтеу
Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциясы
Алаптық аймақтарды геоақпараттық үлгілеу
Ғылыми зерттеу әдістері
ГАЖ технологиялар негізінде табиғи-антропогендік жүйелерді модельдеу және болжау
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Авторлық ғылыми мәтінді практикалық жазу мен академиялық мәтінді редакциялау дағдыларын меңгеру
- Заманауи әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес ұйымдастыру
- География және геоэкологиялық зерттеулердің әдіснамасын, жаңа әдістері мен технологияларын, географиялық ғылымдар саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеу.
- Қазақстандық өнімді әлемдік нарыққа өткізу мен еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамсыздандыру мақсатымен ҚР-ң әлемдік шаруашылық жүйесіне экономикалық интеграциясының болашағы бар баламалы нұсқауларының бағыттарын құрастыру
- а) Заманауи тәсілдемелер мен технологияларды, оның ішінде геожүйелердің динамикасын зерттеудегі геоақпараттық жүйелерді қолдану; ә) Геожүйелердің кеңістіктегі құрылымын, қызмет етуін зерттеу мен болжау тәсілдерін қолдану.
- Зерттелген аймақтың табиғи-ресурстық әлеуетінің біріктірілген геоэкологиялық бағалауының әдістемесін құрастыру.
- Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және басқа адам іс-әрекетінің салаларындағы экогеоморфогенездің қазіргі үрдістерінің ұстанымдарын пайдалану.
- Қолданбалы міндеттерді шешуде табиғи жүйелерді геоақпараттық үлгілеу мен болжаудың тәжірибелік дағдыларын қолдану.
- ГАЖ-технологияларды қолдана отырып қолданбалы міндеттерді шешуде ЖҚЗ деректерін өңдеу кезіндегі түрлі объектілердің, жай-күйлердің, үдерістердін ғарыштық түсірілімдерін талдау.