Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01504 Физика в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • физиканың негізгі салаларынан құбылыстарды, негізгі ұғымдарды, негізгі заңдар мен олардың эксперименталдық және теориялық негіздерін анықтайды және сипаттай алады;
  • іргелі фундаменталды физикалық теорияларды үйлестіру, тиімді пайдалану әдістерін және басқа пәндермен пәнаралық байланыстағы физикалық мазмұнды мәселелерді табады;
  • физиканың заманауи бөлімдерінде және физиканы оқыту әдістемесінде пайдаланылатын зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсетеді;
  • ең жаңа технологиялардың, идеялардың, бағыттардың кең ауқымына бағдар береді және оларды өзінің оқытушылық қызметінде қолдануға дайын болады;
  • зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды;
  • оқу процесінде оқушылар мен студенттердің эксперименттік іс-әрекетін ұйымдастыруда физика мұғалімдерінің озық тәжірибелерін қолданады;
  • дүниежүзілік тенденциялар мен жоғары білім беруді дамыту стратегияларын ескере отырып, ұлттық деңгейдегі жариялымдар арқылы физика саласындағы білімнің шекарасын кеңейтуге өзінің түпнұсқа зерттеулері арқылы өз үлесін қосады;
  • қазіргі заманғы технологиялардың, идеялардың, қазіргі заманғы жаңа бағыттардың кең ауқымын бағдарлай алады және оларды өзінің педагогикалық қызметінде қолданады;
  • физика ғылымының кейбір жекелеген мәселелерін оқыту әдістемесін дамытады және жетілдіреді;
  • қажетті ақпаратты алу көздерін рефлексивті түрде таңдайды және пайдаланады.
Top