Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05306 Физикалық химия в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, білім беру, ғылым және инновацияларды интеграциялау ескеріле отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу
  • Оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, химия пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; химиялық пәндердің мазмұнын білу; тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері мен технологияларын білу
  • Химиялық процестер мен объектілерді стандартты цифрлық жобалау пакеттері негізінде математикалық модельдеу әдістерін қолдану; эксперименттік деректерді математикалық өңдеу әдістерін меңгеру, ғылыми зерттеулер мен өндірісте жасанды интеллектіні қолдана білу.
  • Термодинамикалық тепе-теңдікті, оның жету шарттарын және тұрақтылық критерийлерін түсіну; тепе-теңсіз процестерді білу; бейорганикалық қосылыстардың құрылымын және реакциялық қабілетін түсіндіре білу; кешенді қосылыстардың катализ, медицина және материалтану сияқты әртүрлі салалардағы қолданылуын түсіндіре білу.
  • Алынған білімдерді және әртүрлі қосылыстарды тазарту, идентификациялау және синтездеу бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізу әдістерін қолдану. Кәсіби қызметте заманауи физико-химиялық талдау және зерттеу әдістерін пайдалану.
  • Іргелі химиялық пәндердің теориялық және практикалық білімдерін қолдану арқылы қазіргі химияның мәселелерін шешеді
  • Қатты дене физикасының, кристалдық тор мен өткізгіштікті қоса алғандағы негізгі принциптерін түсіну; жартылай өткізгіш өткізгіштігінің механизмдерін және олардың модификациялау әдістерін білу; наноматериалдар мен фотондық құрылғыларды синтездеу және сипаттау әдістерін меңгеру; наноөлшемді жүйелердің сипаттамасын зерттеу және деректерді талдау үшін эксперименттер жүргізе білу.
Top