7M04119 Менеджмент в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Менеджмент саласында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы кешенді іргелі білімі бар, тереңдетілген кәсіби дайындыққа ие, экономика және әлеуметтік салаға, бизнес аясына қажетті менеджерлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ұйымдық мәдениетті басқару
Пәнді оқытудың мақсаты - білімгерлерге басқару процесі күрделі, көп уақыт пен күш жұмсауды, көшбасшылардың жоғары кәсібилігін талап ететін кәсіпорынның ұйымдастырушылық мәдениетін тиімді басқару бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Курс барысында ұйымның мақсаттарын бастапқы анықтауды, нарықтың бизнеске және қоғамның бизнес әлеуметтік жауапкершілігіне қойылатын талаптарын ескере отырып, ұйымның миссиясы мен даму стратегиясын әзірлеуді қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаһандық басқару тәжірибелері
Пәннің мақсаты – білімгерлерге жаһандану заманында қазіргі ұйымдардың жаһандық басқару теориялары мен тәжірибелерін қатар ұстана отырып халықаралық тәжірибені меңгеру керек екендігін түсіндіреді. Бұл курс бүгінгі әлемде экономикалық дағдарыс, қаржылық тұрақсыздық, әлеуметтік күйзеліс, саяси кеудемсоқтық текетіресі, лаңкестік, діни экстремизм сынды сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырған бейбіт өмір мен тұрақты даму жағдайында жаһандық ережелер мен бағыттарын саралай келе жаһандық басқару проблемаларын шешу керектігін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаһандық фирма стратегиясы
Әлемдік деңгейде бәсекелесетін компаниялар үшін жаһандық стратегияларды әзірлеу және интернационалдандырудың кезекті сатысына шығу халықаралық байланыстар шеңберінде алынған білім мен тәжірибенің сындарлы массасын жинақтау нәтижесінде ғана мүмкін болып табылады. Сондықтан бар мүмкіндіктер мен шектеулерді ескере отырып, компанияның стратегиялық даму нұсқаларын жан-жақты бағалау, ұйымдық стратегияны іске асыруды жоспарлау, оны жүзеге асыру, көп аймақтық және трансұлттық корпорациялардың жоғары өнiмдiлiкке кол жеткізу мәселесiн қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаһандық жабдықтау тізбегін басқару
Пәннің мақсаты – білімгерлерге шикізаттан бастап акырғы тұтынушыға дейiнгi логистика, сатып алу, нарыктық арна қызметтерiнiң интеграциясы мен үйлестiрiлу тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Бұл курс білім алушыларға жеткiзу кызметiнiң жоғары сапалы материал мен ақпараттық ресурстарды уакытылы жеткiзуiндегі жаһандық жеткізілім тізбегін басқару мәселелері мен жаһандық логистикалық жүйелер, сыртқы сауда және көлік экспедицияларын түсінуге көмек береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұтынушы мәдениеті теориясы
Пәннің мақсаты - нарықтық экономикадағы тұтынушылардың орны мен рөлін, адам қажеттілігінің сипаты мен мәнін, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас, тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздерін, тұтынушылық мінез-құлық мәдениетін, тұтынушылық мәдениетті тәрбиелеу, тұтынушы типологиясын, тұтыну мәдениетіне әсер ететін институттар мен сатып алу туралы шешім қабылдау процесінің ерекшеліктерін қарастырады. Сондай–ақ тұтынушылық мінез-құлықты реттейтін әлеуметтік тетіктердің құрылымын түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іскерлік желілерді басқару
Пәннің мақсаты – білімгерлерде тікелей және жанама іскерлік қатынастардағы фирма позицияларын құру, дамыту және қолдау дағдыларын қалыптастыру. Бұл курс желілерді басқару туралы білімнің қазіргі жағдайын және күрделі қатынастардағы басқарушылық қабілеттерді, бизнесті жылжытудың қолданыстағы модельдерін одан әрі жетілдіруге бағытталады. Бизнесті әлеуметтік желілерде жылжыту компанияның танымалдылығын арттыра отырып нарыққа жаңа тауарлар мен қызметтерді шығаруға ықпал ету жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Операцияларды жобалау және басқару
Пәннің мақсаты - кәсіпорынның өндірістік процестерін ұйымдастыруда операциялық менеджменттің қолданылатын негізгі қағидаттары мен тәсілдерін дәлелдей отырып тәжірибелік мәселелерін шешу үшін алған білімдерін өндірістік менеджменттің әдістері мен модельдерінде қолдану болып табылады. Сонымен қатар операциялық жүйелерді басқару саласындағы проблемаларды талдаудың және оларды шешу бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеудің біліктері мен дағдыларын тұжырымдау болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық ғылыми жазба.
Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Инновациялық трансформацияны басқару
Пәннің мақсаты – білімгерлердің бизнесте инновацияларды пайдалануда қызметкерлер мен клиенттерге арналған цифрлық бизнес тәжірибесін жақсартуға, өз қызметін бақылауға, өнімділікті арттыруға, бизнес стратегияларын кеңейтуге және сандық әлемдегі клиенттермен өзара әрекеттесуге мүмкіндігін қалыптастыру. Бұл курс кәсіпкерлік субъектілердің және олардың операциялық режимдерін технологиялық салаға көшіруге мүмкіндік жасай отырып тиімді басқару дағдыларын дамыту жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Болашақ жаһандық көшбасшыларды дайындау
Пәннің мақсаты - білімгерлерге болашақ көшбасшылар жаһандануды дұрыс қолданулары мен қауіпсіз және одан әділдірек жасай алатын жаңа жолдарды анықтай отырып, озық экономикалар, оның толық әлеуетін ашу үшін саясаттар әзірлеулері қажет екендігін түсіндіреді. Өйткені қоғамның бүгінгісі мен келешегін анықтайтын қозғаушы, біріктіруші факторлар қатарына жатады. Бұл курс болашақ көшбасшылық негіздерін білуге, кез-келген деңгейде іскерлік қарым-қатынаста әртүрлі көшбасшылық стильдеріне ие болуға мүмкіндіктер береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бизнесті талдау және бағалау
Пәннің мақсаты - білімгерлерде кәсіпорынның кез-келген шешімдерін қабылдауда бизнесті бағалаудың кең мүмкіндіктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Бұл курс кәсіпорын құнын анықтау, банкроттық жағдайды бағалау және қайта құру үшін де жүзеге асырылады. Бизнесті талдау бизнестің қажеттіліктерін, оның стратегиялық бағытын және сол стратегиялық мақсаттарға жетуіне мүмкіндік беретін бастамаларды анықтауға бағытталады. Бағалау арқылы өнімді бизнес-жоспарды құру, белгілі бір инвестициялық шешімдер жасай алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Көшбасшылық этика және корпоративтік стратегия
Пәннің мақсаты - ұйым қызметінде әділдік, жауапкершілік принциптеріне негізделе отырып, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттары, оны сақтау, заманауи корпоративтік мәдениет, этикалық нормалар мен құндылық енгізулер қарастырылады. Сондай-ақ, бизнес - процестердің дамуы кезінде мүмкін болатын бірігу мен жұтылудың оңтайлы стратегиясы және тактикасын таңдауға мүмкіндік беретін талдаудың белгілі бір бағыттары, интеграцияланған корпоративтік құрылымдардың қызметін мемлекеттік реттеу мәселелері, құрылымдардың әлемдік экономикалық жүйедегі рөлі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ойлау дизайны және бизнестегі инновациялар
Пән мақсаты әртүрлі саладағы маман иелерінің ойлау дизаны әдісі бойынша инновациялық технологияларды қолдана отырып меңгеруіне мүмкіндік береді. Оқу курсы жаңа қызмет көрсетуде басқару дағдыларын игеру үшін және ұжымдық үдерісте креативті ұйымдастыруды дамытуды қамтиды. Ойлау дизайны үдерісіндегі үйрету әдістемелерін тәжірибелік эмпатия негізінде нақты бизнес-жобаларда қолдану, қолданушы ретінде жүйелік жобалау, жаңа идеялар мен шешімдердің прототипін анықтау және оларды тестілеуді қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заманауи бизнес-процестерді басқару
Пәннің мақсаты - білімгерлерде бизнес-процестерді басқару мәселелері бойынша кешенді теориялық және қолданбалы білімді қалыптастыру, бизнес- процестерді басқару саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың әдістемелік негізін құру, бизнес-процестерді ұйымдастыру және құжаттау бойынша білімді меңгеру болып табылады. Бұл курстың мазмұны бизнес-процестерді талдауға және оңтайландыруға арналған. Сондай-ақ оңтайландыру үшін басым процестерді таңдау ережелері мен ұсыныстары, процестердің тиімділігін арттырудың нақты әдістері көрсетіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Халықаралық корпоративтік менеджмент
Пәннің мақсаты - заманауи менеджментте ұйымдарды корпоративтік басқаруды жетілдіру негізінде бәсекелестікті арттыру, ұйым мәдениетін дамыту, халықаралық өнімдерді жоспарлау және болжау, халықаралық адами капиталды бағалау көзделеді. Халықаралық корпоративтік басқару курсында халықаралық бизнестің ерекшеліктері, қағидаттары мен әдістеріне назар аударылады. Курста халықаралық корпоративтік көшбасшылық, корпоративтік мәдениет және корпоративтік басқару құрылымы туралы түсініктер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Инновациялық экономика 4.0
Пәннің мақсаты - білмгерлерде инновациялық қызмет саласында басқарушылық, құқықтық білім алуға, ғылымды қажетсінетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге бағдарланған бизнес пен инновацияларды басқаруда заманауи тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру. Курс барысында индустриалды дамудың қазіргі моделінің теориялық негіздері, ғылым мен техника, кәсіпкерлік қызмет сфераларындағы шағын бизнес ролі, шаруашылық және ұйымдық құрылымдардағы жаңалық енгізулерді құру мен қолдану процестерін ынталандыру әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Магистранттың ғылым тарихы мен философиясын терең түсінуіне негізделген пәнаралық дүниетанымын кеңейте отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті әдістемелік аппаратты дамытады
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
- Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді.
- Тұтынушылардың ерекшеліктері мен талаптарын тұтынушылық мәдениетке әсер ету құралдарын шешуде тиімділігі мен дамыған нарықтардағы ағымдық үрдістерді саралай келе бизнестің қазіргі заманғы жүйесін тиімді ұйымдастырады
- Көшбасшылықтың түрлі стильдерін, соның ішінде сыни жағдайларда көшбасшылықты қалай игеру туралы түсініктерді қалыптастыра отырып көшбасшылық қасиет дағдыларын дамытады
- Іскерлік қарым-қатынас этикасы төңірегінде жауапты шешімдерді қабылдау саласында ұжымдық және жеке жауапкершілік шарасын біле отырып ұйым дамуының өзекті және ықтимал нұсқаларының өсуінің жалпы перспективасын бағалайды
- Кәсіпорындарда инновациялық трансформацияның озық үлгілерін енгізуде өнімділік пен сыртқы өзгерістерге бейімделу жылдамдығын арттыра отырып шығындарды азайтуды талдайды
- Басқарудың халықаралық құрылымын қалыптастыруда жеткізілімдер мен логистиканың жаһандық тізбегін пайдалана отырып халықаралық корпоративтік басқарудың әдістері мен қағидаттарын қолданады
- Нәтижеге табысты қол жеткізу үшін дағдыларды үйлестіре келе басқарушылық қызметті ұйымдастыру үшін өзіне жауапкершілік жүктей, іс-әрекеттерді дәлдікпен орындай отырып заманауи әдістеме мен басқару технологиясын қолданады