Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05325 Физика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Физиканы оқытуда цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллектті интеграциялау

    Қазіргі заманғы цифрлық білім беру ресурстары түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыру барысында цифрлық білім беру ресурстарын сипаттау, жобалау және әзірлеу, көрнекі құралдарды жасау және цифрлық көрнекі құралдарды, соның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың әдістемесін қарастырады. Магистранттар педагогикалық қызметті жүзеге асыруда заманауи ақпараттық және жасанды интеллект технологияларын қолдануға дағдыланады. Сонымен қатар, заманауи мәселелерді шешуде физика және ақпараттық технологиялар ғылымдары салаларындағы пәнаралық білімдерін, сонымен бірге ЖИ мүмкіндіктерін кешенді түрде қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ЖОО және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері

    Жоғары және орта мектептегі физика курсының негізгі мазмұны мен құрылымын, оқу жұмысының жаңа формалары және физикалық білім берудің әдістемелік негіздерін, осы бағытта ғылыми жарияланымдарды білімін жетілдіруде қолдану туралы түсініктерді зерделейді. Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың және оқытудың инновациялық әдістерін меңгереді, жоғары мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздерін әзірлеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заттардың механикалық және термодинамикалық қасиеттері

    Казіргі таңда өнеркәсіп саласындағы қолданылатын металл және металл емес материалдардың механикалық қасиеттеріне, фазалық ауысуларына, фазалық күйі және құрамына жоғары және төмен температуралар әсері, сонымен қатар заттарды өңдеудің химиялық-термиялық және басқа да әдістері қарастырылады. Магистранттар механика және термодинамика саласындағы заманауи мәселелерді шешуде осы сала бойынша пәнаралық байланыстарды ескере отырып, заманауи әдістерді қолданып зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұтас орта физикасының таңдаулы тараулары

    Тұтас орта физикасының өзекті мәселелерін, негізгі теңдеулері мен ғылыми зерттеу әдістерін, сонымен қатар конденсацияланған орталардың қасиеттерін сипаттаудың макроскопиялық тәсілін, қатты дененің негізгі қасиеттерін, гидродинамикасын және электродинамикасын макроскопиялық сипаттамалар аясында қарастырады. Магистранттар тұтас ортаның заңдылықтары мен қасиеттерін зерттеу үшін рентгендік және микроскопиялық әдістер арқылы алынған нәтижелерді талдай отырып, ғылыми қоғамға кіре алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңа материалдар технологиясының негіздері

    Әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдарды, сондай-ақ жаңа материалдарды өндіру және өңдеудің технологиялық процестерін игерудің тиімділігін, сонымен қатар жаңа инновациялық ресурс үнемдейтін технологияларды, жаңа материалдарды зерттеудің эксперименттік әдістерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар жаңа материалдадың құрылымын, құрамын және қасиеттерін салыстыра зерттеуде масс-спектрометр, электронды микроскопия, микроқаттылық, рентгендік әдістерді және заманауи технологияларды қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заттардың магниттік қасиеттері

    Магниттік құбылыстар физикасының өзекті мәселелерін, негізгі түсініктерін, заңдары мен теорияларын, сондай ақ заттардың магниттік сипаттамалары және оларға магнит өрісімен әсер ету кезіндегі олардың физикалық қасиеттерінің өзгерісі жан жақты қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар заттардың магниттік қасиеттерін зерттеу үшін магнитометриялық, баллистикалық және индукциялық әдістер арқылы алынған нәтижелерді талдауда физиканың заңдылықтарын қолдануға дағдылынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ядролық физиканың таңдаулы тараулары

    Қазіргі кездегі ядролық физиканың өзекті мәселелері, осы саласындағы эксперименттік және теориялық әдістер, сонымен қатар ядролық физикадағы негізгі заңдар, құбылыстар мен процесстер және ядролық күштердің табиғаты мен ядроның заманауи модельдері қарастырылады. Магистранттар ядролық технология саласындағы мәселелерді шешу үшін шашырау әдісі, спектроскопия әдісі, математикалық талдау және модельдеу әдістері арқылы зерттеулер жүргізеді, ғылыми жарияланымдар жариялай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (Кәсіби)

    Пәннің мақсаты: Мынадай құзыреттіліктерді қалыптастырады: сөзжасамның даму процесі мен оған орын алған түрлі тенденциялардың табиғатымен таныстырып, тақырыптық, формалық ізденістерінің түп негізін білу; тілдің формальдық-мәндік құрылымы және грамматикалық бірліктердің сөзде қызмет етуі туралы түсінік қалыптастыру; тіл жүйесінің қазіргі кездегі бағыты туралы ағымдағы ғылыми ақпартты өз бетімен өңдей білу іскерлігін дамыту; теориялық қорытынды және өз бетімен қорытынды жасау қабілетін дамыту; теориялық материалды берудің тілдік дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Бұл курстың мақсаты: Осы курс барысында зерттеу мәселелерін анықтауда, ғылыми жоба жасау, деректерді жинау, талдау, есепке алу және интерпретациялау үшін қажетті тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар, қолданбалы зерттеу саласындағы ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасайды. Білім алушы проблемалық сұрақтарды талдайды, гипотезаны, тиісті әдебиеттер мен әдістемені қамтитын зерттеу жоспарын жасайды. Білім алушылар зерттеудің ғылыми әдісі туралы түсінігін және сипаттамалық, тарихи, корреляциялық және эксперименттік зерттеу әдістерін ажыратады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты - Бұл курстың мақсаты магистранттардың теориялық білімдерін жаңарту және міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін практикалық дағдыларды бекіту, ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясын, жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде қазіргі ғылыми жетістіктерді терең түсінуге негізделген пәнаралық дүниетанымды қалыптастыру, философиялық негіздер, эмпирикалық және ғылыми білімнің генезисі мен мәні, өсуі мен перспективалары туралы білімді тереңдету, сондай-ақ білім алушыларда ғылыми зерттеуді дайындау үшін қажетті әдіснамалық мәдениетті дамыту болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты: Басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін білу; әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын талдай білу; отандық, еуропалық, американдық, жапондық менеджменттің заманауи теорияларын, ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу; командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру, басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, топтарда және ұжымдарда жағдай ұйымдастыра білу; көшбасшылық қасиеттерді көрсете білу; шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ядролық астрофизика

    Ядролық физика мен астрофизиканың пәнаралық байланысы болып табылады. Ғаламның термоядролық процесстері, ядролық реакциялардағы сақталу заңдары және олардың механизмдері, сонымен қатар ядролық астрофизиканың теориялық мәселелері және астрофизикның даму болашағы қарастырылады. Магистранттар ядролық физика және астрофизика саласындағы заманауи мәселелерді шешу үшін пәнаралық байланыстарды толықтай көлемде қолдана отырып және ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін пайдалана отырып өзекті ғылыми нәтижелер алуды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Баламалы энергия технологиялары

    Баламалы энергияның еліміздегі және әлемдегі үлесін зерттей отырып оның даму болашағы, өндіру және тасымалдау жолдары, сонымен қатар оның тиімділігін арттыруға бағытталған қазіргі заманғы жаңа технологиялар мен әдістер қарастырылады. Магистранттар ғылыми зерттеудің теориялық және практикалық құндылығын пайдалана отырып, баламалы энергия технологиялары салаласындағы заңдылықтарды және күрделі энергетикалық жүйелерді моделдеуге, күрделі электр жүйелеріне өте дәл ғылыми есептеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты: Мынадай құзыреттіліктерді қалыптастырады: жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерін арттыра білу; жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдаланылуы және нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін білу; жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын түсіндіре отырып, жоғары білімді маман даярлай білу; жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық ғылыми жазба.

    Пәнді оқыту барысында білімгерлер келесі құзыреттіліктерді қалыптастырады: рецензияланатын журналдарға (отандық, шетелдік) бағытталған академиялық ғылыми жазбалардың негізгі ерекшеліктерін білу; мақала мәтінін құрастыру әдісінің түрлерін білу; академиялық жазылымның түрлерін меңгеру әлемдік деректер базаларын пайдалану жолдары және отандық журналдардың онлайн жүйесін меңгеру; Халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар ерекшеліктерін білу, мақала мәтін құрастыру жолдарын білу, журнал талаптарына сай мақала құрылымын жазуды меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жартылай өткізгіштер физикасы мен техникасының таңдаулы тараулары

    Жартылай өткізгіштерден әртүрлі электрондық аспаптар жасау технологиясын, сонымен қатар жартылай өткізгіштердің жылуөткізгіштігі, электрөткізгіштігі сияқты негізгі қасиеттерінің кристалдардың құрылымына байланыстылығын және әртүрлі типтегі жартылай өткізгіштер түйіспесіндегі физикалық құбылыстарды қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар заманауи әдсітер мен приборлар арқылы жартылай өткізгіштердің эелктрөткізгіштік, жылу өткізгіштік коэффициентін және физика-механикалық қасиеттерін анықтай отырып, өнеркәсіпте қолдануын тиянақты зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Нанотехнологияның физика-химиялық негіздері

    Наноматериалдар мен нанотехнологиялардың әр-түрлі қолданысын, физикалық және химиялық қасиеттерін, әр-түрлі параметрлерін сонымен қатар оларды синтездеу мен зерттеудің физика-химиялық әдістерін осы әдістерді жүзеге асыратын қазіргі заманғы физикалық қондырғылардың жұмысын басқаруды қарастырады. Магистранттар ғылыми зерттеудің теориялық және практикалық құндылығын пайдалана отырып, наноматерилдар мен нанотехнологиялар саласындағы заңдылықтарды зерттеу және заманауи мәселелерді шешу үшін пәнаралық білімін біріктіре отырып өзекті ғылыми болжамдарды ұсына алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ғылыми экспериментті ұйымдастыру

    Ғылыми эксперименттерді жоспарлаудың негізгі ұғымдары мен принциптері, ғылым туралы түсінік, оның әлемдегі рөлі, ғылыми зерттеулердің мәні мен ұйымдастырылу мақсаты, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және ғылыми зерттеу тақырыбын негіздеу критерийлері мен ғылыми зерттеу нәтижелері қарастырылады. Магистранттар ғылыми басылымдар мен деректер базаларымен жұмыс істеу принциптерін меңгерліп, академиялық адалдықтың қағидаттары шеңберінде, ғылыми этикаға сай халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін пайдалануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кристалдар физикасының таңдаулы сұрақтары

    Кристалдарды синтездеу және зерттеу әдістері, сонымен қатар термиялық және химиялық өңдеу нәтижесінде қалыптасқан кристалл морфологиясы мен қасиеттеріне микроскопиялық және рентгендік ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып зерттеу жүргізу мәселесі қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар кристталдарды синтездеу әдістерін және рентгендік, микроскопиялық тәрізді зерттеу әдістерін пайдалана отырып кристалдардың түзілу заңдылықтары мен физика-механикалық қасиеттерін толыққанды талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Заттардың фазааралық қасиеттері мен құрылымы

    Заттардың құрылымын, фазалық ауысуларды, олардың негізгі қасиеттерін, критикалық құбылыстарды, термодинамикалық және кинетикалық шамаларды сонымен қатар сорбцияны, фазааралық шекаралардың құрылымы мен таралуын, фаза ішіндегі ақаулар мен қатты денелі материалдардың қасиеттерін зерттеу қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар заттардың фазааралық қасиеттері мен құрылымын зерттеу үшін спектроскопиялық, рентгендік және микроскопиялық әдістер арқылы алынған зерттеу нәтижелерін талдап, жоғары рейтингті басылымдарға ғылыми мақалалар әзірлеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу және жобалау негіздері

    Ғылыми жобаны іске асыру кезеңдерін және жобаларға қойылатын талаптарды, ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі кезеңдерін, ақпаратты іздеу және ғылыми зерттеу әдістерін, сонымен қатар эксперимент нәтижелерін өңдеуді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар халықаралық ғылыми басылымдар базасының өнімдерін пайдалануды игере отырып, ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін жоспарлауға, жүзеге асыруға, өңдеуге және талдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • Концептуалды және әдістемелік аппаратқа иелік етіп, алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу қызметі мен мәдениетаралық коммуникацияның әртүрлі формаларында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясының негізгі мәселелерін, ғылым дамуының қазіргі заманғы тенденцияларын талдайды.
  • Кәсіби дағдылар мен ғылыми мәселелерді шешуде тиімді коммуникацияларды қолданып, шетел тілінде меңгерген білімін және дағдыларын маңыздылығына қарай жіктей отырып, тәжірибеде қолданады.
  • Педагогикалық такты, этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттерімен дағдыларын көрсете отырып, халықаралық ынтымақтастық нормалар, ережелер, әдістер мен құралдарды қолданып, білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Бағдарламалар пакетін пайдалана отырып, ғылыми басылымдар, деректер базаларымен жұмыс істеу принциптерін біліп, зияткерлік меншік құқығын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдайды
  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер жариялайды
  • Физика және физика ғылымдарының,сонымен қатар заманауи физиканың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерін талдай отырып, талдауда алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдаланып, кәсіби қызметін жоспарлайды
  • Зерттеудің кең саласы аясында жаңа немесе таныс емес жағдайларда заманауи мәселелерді шешу үшін пәнаралық білімді біріктіреді
  • Ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, физиканың жоғары мамандандырылған салаларындағы заңдылықтарды зерттеу үшін өте дәл эксперименттер жүргізеді
  • Оқытудың инновациялық әдістері және жасанды интеллект технологияларын қолданып, жоғары мектепте педагогикалық қызметті жүзеге асырады
Top