Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01547 Математика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары

    Пәннің мақсаты магистранттарға параметрлі теңдеулер және теңсіздіктер класстарын шешудің әдістері мен технологиялары жайлы зерттеу қорытындыларын оқыта отырып, ғылыми қауымдастыққа нақты және тиянақты түрде жеткізуді үйрету. Математикадағы параметрлі теңдеулер және теңсіздіктерді шешудің әдістері мен технологияларының ерекшеліктерін, абстракт ойлау, есептеу, алгоритмдік және жалпы математикалық қиындық деңгейі жоғары есептерін шешу дағдыларын меңгеруге үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгебраның қосымша тараулары

    Пәннің мақсаты магистранттарға сызықты кеңістіктің негізгі ұғымдарын, сызықты тәуелділікті, сызықты кеңістіктің өлшемі, базисі мен өзегін, Евклид кеңістігін, сызықты түрлендірулерді үйрету. Пәнді оқу барысында магистранттар математиканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер ретінде жоғары ретті теңдеулерді шешу әдістері, математикалық индукция әдісін пайдалану және пәндік білімдерін көрсетіп, осы салада зерттеулер нәтижелерін талдауға дағдыларын қалыптастырады және ғылыми зерттеудің негізгі түрлерін анықтап, негіздеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикада экстремумға берілген қолданбалы есептерді шешу әдістемесі

    Пәннің мақсаты магистранттарға экстремумға берілген есептер теориясының негізгі ұғымдарын, классикалық экстремум есептері, экстремум есептерінің даму тарихын, экстремумға берілген есептерді шешудің элементар әдістерін, экстремумға берілген есептердің математикалық моделін құру, арифметикалық, алгебралық, геометриялық және физикалық мазмұнды экстремум есептерін, тамаша теңсіздіктер, изопериметрлік есептер, брахстохрона туралы есеп, экстремумға берілген есептерді шешуде туындыны қолданып, эмпирикалық зерттеулер жүргізуге үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геометрия курсын оқытудың заманауи үрдістері

    Пәннің мақсаты магистранттарға геометриялық білім берудің тарихы мен дамуын, геометрия курсының логикалық құрылымын, геометрия курсының мазмұнын құрастырудағы әдістемелік тәсілдерін, геометрия курсының мазмұндық әдістемелік бағыттарын, білім беру мазмұнына жағдайында геометрияны оқытудың педагогикалық және психологиялық заңдылықтарын ерекшеліктерін, терең білімдерін қолдануды үйрету. Геометрия курсын оқытудың заманауи үрдістеріне зерттеулер жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Алгебра және геометрияның іргелі мәселелері

    Пәннің мақсаты магистранттарға жиын, топ, сақина, комплекс сандар теориясы, евклидті және евклидті емес геометрияның теориялық мәселелері, логикалық алгебраның пікірлер, предикаттар ұғымдары және олардың математикалық теоремаларының дәлелдемелері мен стандартты емес жағдайлардағы зерттеулер нәтижелерін талдауды үйрету. Математиканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер ретінде жоғары ретті теңдеулерді шешу әдістері, математикалық индукция әдісін пайдалану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық есептерді шығаруға үйретудің теориялық негіздері

    Пәннің мақсаты математиканы оқытуда есептердің рөлі мен функциялары, есептерді жіктеу, математикалық есептерді шешудің әдістемелік негіздері, теоремалармен, ережелермен, ұйғарымдармен және алгоритмдермен жұмыстың дидактикалық кезеңдері, математикалық есептермен жұмыс істеу кезеңдерін меңгеруге бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар педагогикалық және психологиялық заңдылықтарын негізге ала отырып, математикалық есептерді шешуге оқытуды, есептерді шешудің әртүрлі кезеңдерінде білім алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгебраның қазіргі заманғы мәселелері

    Пәннің мақсаты негізгі алгебралық құрылымдарға зерттеулер жүргізеді: топтар, сақиналар, модульдерге түсінік беру, алгебралық құрылым, субструктура, гомоморфизм және изоморфизм туралы жалпы ұғымдарды енгізеді. Пәнді оқу барысында магистранттарда алгебралық есептерді шешу дағдылары, топта жұмыс істеу, проблеманы шешудің дұрыстығын дәлелді қорғау, өз қызметін, топтың қызметін сыни бағалау және өздігінен білім алу мен өзін-өзі дамытуға қабілетті болуы қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық ғылыми жазба.

    Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Стандартты емес және математиканы тереңдете оқытудағы есептерді шешу

    Пәннің мақсаты магистранттарға стандартты емес және күрделілігі жоғары есептерді шешудің әдіс және тәсілдерін пайдалануды үйрету. Пәнді оқу барысында магистранттар орта мектепте математика курсының әртүрлі бөлімдері бойынша стандартты емес және күрделілігі жоғары есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін, дағдыларын меңгереді. Оқу курсы күрделілігі жоғары есептерді, оларды шешудің әдістемесі және түрлі тәсілдерін жүйелеудің негіздерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және әдістері

    Пәннің мақсаты магистранттарға математика саласындағы ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен оқыту әдістемесі және тәрбиелеу негіздерімен және оқытудың заманауи технологияларын қолдануды үйрету. Пәнді оқу барысында магистранттар білім дағдыларын қалыптастыру және оларды практикалық тұрғыда қолдана алуын тексеріп, математикадан есептер шығаруды оқытуға бағытталған ғылыми теориялық мәселелерді меңгереді. Педагогикалық зерттеудің заманауи әдістерін әріптестеріне, ғылыми қауымдастыққа нақты және тиянақты түрде жеткізеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқытудың тәжірибелік-бағытталған әдістері

    Пәннің мақсаты магистранттарға математиканы практикаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру барысында практикалық мазмұндағы мәселелерді шешуге мектеп оқушыларын оқытудың әдістемесін жасап, есептерді шешу дағдыларын үйрету. Пәнді оқу барысында магистранттар мектеп математика курсындағы практикаға бағдарланған мәтінді есептерді құрастыруда, оларды шешуге үйретуде, PISA, TIMSS халықаралық зерттеулері тапсырмаларының негізіндегі дидактикалық тапсырмаларды жасауда оқытудың заманауи технологияларын қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Математиканың қазіргі мәселелері

    Пәннің мақсаты магистранттарға үш деңгейдегі ең маңызды шешілмеген математикалық есептер бойынша тұжырымдар мен алдын-ала нәтижелерді зерттеуді үйрету: а) жалпыға танымал, әйгілі математикалық есептер; б) әдебиетте белгілі бір математика саласының мәселелері; в) осы курс оқытушысының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік зерттеулер нәтижелерін талдауды. Пәнді оқу барысында магистранттар баспа және электронды әдебиеттермен жұмысты игеруде, математиканың зерттелген бөлімдерімен байланысты мәселелерді шешеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Практикалық мазмұндағы геометриялық есептер

    Пәннің мақсаты магистранттарға геометрияның ғылым мен техниканың әмбебап тілі, құбылыстар мен процесстерді модельдеудің құралы екендігі жайлы тұтас түсінік қалыптастыруды үйрету. Пәнді оқу барысында магистранттар нақты обьекттер мен олармен байланысты геометриялық шамалар өлшемдерінің қатынасы жайлы түсініктер қалыптастыруды, логикалық ойлауды және кеңістіктік қиялды, қоршаған орта обьектілерін сипаттау тілін, практикалық есептерді шешуде нақты обьектілердің геометриялық шамаларын есептеуге арналған мәселелерді шешеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қолданбалы есептерді шешуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану әдістемесі (Maple, GeoGebra, MatLab және т.б.)

    Пәннің мақсаты магистранттарға компьютерлік математика жүйелерін қолдану және жасанды интеллект мүмкіндіктері жайлы замануи білімдерді, динамикалық модельдеу негіздері, оларды пайдалану технологиялары мен әдістемесі, жұмыс жасаудың практикалық дағдыларын қалыптыруды үйрету. Пәнді оқу барысында магистранттарда компьютерлік математика мен жасанды интеллект жүйелерін қолданудың әдіснамалық негізін қалыптасады. Пән компьютерлік математика жүйелерінің негізгі сипатамаларын, сандық алгоритмдерді және жасанды интеллект қолдану әдістемесі және есептеулерді жүргізу, нәтижелерді өңдеу және визуальдауды зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Оқыту нәтижелерін бағалаудың замануи әдістері мен құралдары

    Пәннің мақсаты магистранттарға оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдары мен технологияларын меңгеруді үйретеді. Пәнді оқу барысында магистранттар білім мен іскерліктің белгілі бір көлемін қалыптастыруды, алған тәжірибені тәжірибеде қолдану қабілетін, құзыреттілікті бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, бағалау әдістемесінің базалық ережелерін белгілеу және олардың негізінде кәсіби құзыреттілікті автоматтандырылған бағалау жүйесі моделінің компоненттерін бөлуді, оқыту жұмысының нәтижелерін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер

    Пәннің мақсаты: қарапайым дифференциалдық және интегралдық-дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін шеттік есептерді зерттеу. Параметрлеу әдісі қолданылады. Бірмәнді шешімділіктің қажетті және жеткілікті шарттары алынатын болады. Оқыту нәтижесінде магистранттар қарапайым дифференциалдық және интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді зерттеу әдістерімен танысады. Қарапайым дифференциалдық және интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешуге дағдылананды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
  • Математиканы оқытудың математикалық, педагогикалық және психологиялық заңдылықтары және олардың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктерін, терең білімдерін қолданады
  • Математика курсының әртүрлі бөлімдері бойынша қиындық деңгейі жоғары есептерін шешу дағдыларын меңгереді
  • Дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешуде өзінің ғылыми ойларын, шешімдерін және идеяларын әріптестеріне, ғылыми қауымдастыққа нақты және тиянақты түрде жеткізеді
  • Қазіргі заманғы алгебра және геометрия саласындағы терең теориялық білімдерді көрсетіп, осы салада зерттеулер нәтижелерін талдайды
  • Заманауи ақпараттық технологияларды қолданбалы есептерді шешуде және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
Top