Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01702 Қазақ және ағылшын тілдері в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеудің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданады. Зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін, ғылыми және тілдік деректерге талдау жасауды, бағдарламалау тілін, эксперимент жасауға арналған және жасанды интеллекті платформаларын меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу процесінде оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын, соның ішінде сандық технологиялар мен мазмұнды қолданады.
  • Білім берудегі көшбасшылықтың теориялық-әдіснамалық негіздерін, педагогикалық менеджменттің ұстанымдарын, педагогикалық, этнопедагогикалық үдерістерді ұйымдастыру принциптерін, оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық, мәдени іс-әрекеті мен тәрбиелік іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгереді. Педагогикалық құзіреттіліктері, кәсіби шеберліктері қалыптасады. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады.
  • Тілдің қоғамдық қызметін түсінеді, тілдің ішкі және сыртқы даму заңдылықтарын біледі. Жалпы тілдік теориялар мен тілдердің классификациясын, тіл ілімдерінің негіздерін меңгереді.
  • Қолданбалы экономикалық, заң, жаратылыстану, ғылыми пәндерден алған өзекті білімдерін өмірде пайдалана алады. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік, қаржылық қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері туралы білімді меңгереді.
  • Ағылшын тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын меңгереді. Ағылшын тілінің базалық деңгейлерін, іскери қарым-қатынас жасау үлгілерін игереді, оқылым, сөйлесім, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады.
  • Қазақ әдебиетінің тарихын, кезеңдері мен қалыптасу жолдарын, даму бағыттарын, ауыз әдебиеті мен шешендік өнер үлгілерін, әлем және ағылшын әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығын меңгереді. Шетел тіліндегі көркем шығармаларды оқу арқылы тіл ұстарту, шешен сөйлеу дағдылары қалыптасады.
  • Кәсіби қызметтің міндеттерін шешуде тілдік қарым-қатынас дағдыларын игереді. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, лексикологиясы, сөзжасамы мен морфологиясы, синтаксисі теориясын терең меңгереді, лингвистикалық талдау дағдылары толық қалыптасады.
  • Қазақ және ағылшын оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңартылған білім мазмұнының тиімді тәсілдерін, оқытудың инновациялық технологияларын жетік меңгереді, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктері қалыптасады.
  • Аударма теориясын, мәтін аудару техникасын, синхронды аударма жасау тәжірибесін біледі, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін меңгереді. Қолданбалы грамматика және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерін игереді. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің әдеби-мәдени, экономикалық ерекшеліктерін таниды, тілдік құзіреттіліктерін қалыптастырады. Туыстас, туыстас емес тілдердің мәдениетаралық қарым-қатынасын, тілдік және әдеби ерекшеліктерін меңгереді.
  • Тіл мәдениеті мен стилистиканы, әдеби тілдің функциональдық стильдерін терең меңгереді. Мәтінге стильдік, синтаксистік, контекстік талдау жасаудың алгоритмін қолданады. Стилистикалық талдаудың принциптері мен әдістерін, стиль түрлері және олардың ерекшеліктерін анықтайды.
  • Балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, олардың жеке дамуының қалыптасу заңдылықтарын, инклюзивті жағдайда оқытуды ұйымдастыру жолдарын меңгереді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескереді.
Top